Туралы таным



Pdf көрінісі
бет52/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

Бірлік – діни парыз
Ислам уағызшысының және дін қамын ойлаған 
адамның басты мақсаты бірлік, ынтымақ, сүйіспеншілік 
пен өзара татулықты орнату болуы керек. Бөлінушілік 
пен кикілжіңге, жамағат арасын бұзатын, ауызбір-
шілікке нұқсан келтіретін, сыртқы дұшпандық пен 
ішкі араздыққа алып баратын істердің алдын алуы 
қажет. Өзара ынтымақ пен татулыққа, сүйіспеншілік 
пен қолғабыс көрсетуге шақырып, бөлінушілік пен 
дұшпандықтан сақтандыратын Ислам сияқты дін 
жоқ. Құран мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадис-
тері мұның айқын дәлелі. Сондықтан төрт мәзһабтың 
арасындағы айырмашылықтарды қолданып араздық 
туындату дұрыс емес. Олардың төртеуінің де әһлі 
сүннә уал-жамағаттың ұстанған ғылыми әдістемелік 
жолына сүйенетіндігін білеміз. Сондықтан жер-
гілікті халық арнайы бір мәзһабты ұстанып келген 
болса, онда ол жерге басқа мәзһаб көзқарасын тарату 
арқылы бұқара халықты дүдәмалдыққа салуға бол-
майды. Ал, егер ғасырлар бойы бірнеше мәзхаб қатар 
келе жатса, барлығын бір мәзһабқа мәжбүрлеуге де 
болмайды. Бұл мәселеде негізгі таразылаушы нәрсе 
мұсылмандардың бірлігі болуы тиіс. Себебі мәзһабтар 
арасы айырмашылыққа себеп болған мәселелер діннің 
негізгі ұстанымдары емес, екінші дәрежелі мәселелер 
екенін білеміз. Осындай мәселелер үшін діннің басты 
ұстанымы бірлікті жоғалтпау керек.


116
Мәзһаб туралы таным
Құран үндеуінен:
«Ей, мүміндер! Кітап берілгендердің бір бөлігіне 
бой ұсынсаңдар, онда олар сендерді иман келтіргеннен 
кейін күпірлікке қайтарады. Сендерге Аллаһтың аят-
тары оқылуда, әрі іштеріңде Аллаһтың елшісі бола 
тұра қалайша күпірлік етесіңдер. Сонымен қатар 
кімде-кім Аллаһқа байланса әрине ол тура жолға 
түсіріледі. Ей, мүміндер! Аллаһтан шынайы қорқумен 
қорқыңдар да мұсылман болған күйде ғана өліңдер. Түп-
түгел Аллаһтың жібіне жабысыңдар да, бөлінбеңдер. 
Сондай-ақ өздеріңе Аллаһтың берген нығыметін 
еске алыңдар. Өйткені бір-біріңе дұшпан едіңдер. Ол 
жүректеріңнің арасын жарастырды. Оның игілігімен 
туысқа айналдыңдар. Оттан бір шұңқырдың ернеуін-
де едіңдер, сендерді одан құтқарды. Осылайша Аллаһ 
сендерге аяттарын тура жолға түсулерің үшін баян 
етеді. Сендердің іштеріңде жақсылыққа шақыратын 
және дұрыс істі бұйырып, бұрыс істен тыятын бір 
топ болсын. Міне, олар құтылушылар. Өздеріне ашық 
дәлел келгеннен кейін бөлініп қайшылыққа түскендер 
тәрізді болмаңдар. Міне, соларға зор азап бар. Қиямет 
күні кейбір жүздер ағарып кей жүздер қараяды. Сонда 
жүздері қарайғандарға: «иман келтіргеннен кейін 
қарсы келдіңдер ме? Ендеше қарсы келулерің себепті 
азапты татыңдар» (делінеді). Ал енді ақ жүзділер 
Аллаһтың рақымында болады да, олар онда мәңгі 
қалады»
83
.
«Шын мәнінде мүминдер (бір-біріне) бауыр. 
Сондықтан екі бауырларыңның арасын жарастырың-
83
«Әли-Имран» сүресі, 100,107-аяттар


117
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
дар және Аллаһтан қорқыңдар. Сонда игілікке 
бөленерсіңдер»
84
.
Осы аяттың артынан ынтымақ пен бауырластықты 
қалай сақтау керектігі баяндалады.
«Ей, мүміндер! Бір ел бір елді келеке қылмасын. 
Бәлкім олар өздерінен жақсы шығар. Сондай-ақ 
әйелдер әйелдерді келемеждемесін. Бәлкім олар 
өздерінен жақсы шығар. Бір-біріңді мінемеңдер, 
жаман ат тағыспаңдар. Иман келтіргеннен кейін 
жағымсыз ат (тағу) нендей жаман. Ал кім тәубе 
етпесе, міне солар залымдар. Ей, мүміндер! Күмәннің 
көбінен сақтаныңдар. Өйткені күмәннің кейбірі күнә. 
Сыр тексермеңдер, біреуді біреу ғайбаттамасын. 
Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре 
ме? Әрине оны жек көресіңдер. Расында Аллаһ тәубені 
қабыл етуші, ерекше мейірімді»
85
.
«Күдіксіз 
діндерінде 
бөлініп 
топтарға 
айырылғандармен ешбір байланысың жоқ. Сөзсіз 
олардың ісі Аллаһқа тән. Кейін оларға істеген істерін 
түсіндіреді»
86
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет