мәдениет құқығы: адамдардың істеген қылмысы
мен бұларға берілетін жазалар осы топқа кіреді. Жаза
үкімдері мал-мүлік, жан, ар-намыс және ой еркіндігін
қорғауды мақсат тұтады. Аят немесе хадис пен белгілен-
ген жазаны “хадд” – дейді. Ұрлық, тонау, қарақшылық,
ішімдік ішу жазалары сияқты.
Отбасылық құқық: Құранда жанұяға байланыс-
ты үкімдерге, басқа тақырыптарға қарағанда кеңірек
тоқталған. Үйлену, ажырасу, напақа, иддет
19
, мирас
осы үкімдер қатарына жатады.
Қазылық үкімдері: Куәлік, ант, үкім сияқты адам-
дар арасында әділетті жүзеге асыру шараларын ретте-
уді мақсат тұтады.
Басшылық үкімдері: әділеттілік, кеңесу, халық
игілігі, қамқорлық және қорғау сияқты негіздерге
сүйенеді. Әділет – басқару жүйесінің ең басты принци-
пі. Құран Кәрімде әділетті әмір ететін аяттар бар: “Не-
гізінен Аллаһ сендерге аманаттарды өз лайықты орын-
дарына тапсыруларыңды және адамдардың арасында
билік жүргізгенде әділдікпен билік жүргізулеріңді әмір
етеді”
20
.
19
Әйелдің күйеуінен ажырасқан соң күтетін белгілі уақыты
20
«Ниса» сүресі, 58-аят.
24
Мәзһаб туралы таным
“ Негізінде Аллаһ әділетті, ізгілікті және ағайынға
қарайласуды бұйырады”
21
. Кеңесу принципі де ең
жақсы нәтижелерге жетуге жәрдемші болады. Аятта:
“ Сондай-ақ өзара істерін кеңеспен жүргізгендер”
22
–
делінген. “ Іс жөнінде олармен кеңес қыл. Сонда қашан
қарар берсең Аллаһқа тәуекел ет”
мемлекет құқығы: Құран Кәрім мұсылман емес
мемлекеттермен болған қатынастарды да реттеуші не-
гіздер әкелген.
2. Сүннет (Хадис)
Сүннет сөздікте «жол, адамның әдеттенген
жақсы немесе жаман әрекеттері, бағыт» деген
мағыналарды білдіреді. Терминдік мағынасы болса,
әзіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сөзі, іс-қимылы
және тақриріне (үнсіз құптауы) қолданылады. Сөзді
сүннетке мысал: “ Кімде-кім ұйықтап немесе ұмытып
намазын өткізіп алса, есіне түскенде оқысын”
23
. Іс-
қимыл сүннетіне мысал: “ Мен намазды қалай оқысам
сізде солай оқыңыз”
24
. Тақрири
25
сүннет – әзіреті
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көрген немесе естіген
бір істі қабыл етіп мақұлдауы. Сапар барысында су
таба алмағандығы үшін таяммуммен намаз оқыған
бір сахабаның намаздан кейін су тапқан кезде намаз-
ды қайта оқымауы және әзіреті Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) оны кінәламауы сияқты. Бұл әлгі сахабаның
ісінің шариғатқа қайшы еместігін білдіреді.
21
«Нахл» сүресі, 90-аят
22
«Шура» сүресі, 38-аят
23
Әбу Дәуд Сулейман Салат 11
24
Бухари Азан 18
25
Құпталған
25
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
Фиқһта Құран Кәрімнен кейін екінші негіз сүннет
болғандығында дау жоқ. Сүннеттің діни бір дәлел
болғандығы аяттармен бекітілген. Бұл аяттар мына-
лар: “ Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да, неден
тыйса одан тыйылыңдар”
26
.
“ (Мұхаммед) Раббыңа серт! Олар өзара таласқан
нәрселеріне сені би қылып, содан соң берген билігіңнен
көңілдерінде ақау қалмай бойұсынғанға дейін мүмин
бола алмайды”
27
.
“ Кім Пайғамбарға бағынса, расында Аллаһқа
бағынған болады”
28
.
Сүннет әзіреті Пайғамбардың (с.а.у.) Раббысы-
нан алған елшілік қызметін жаюдан тұрады. Құран
Кәрімнің «Нәжм» сүресінің 3, 4-аяттарында әзіреті
Пайғамбардың (с.а.у.) уахиге сүйеніп сөйлейтіндігін
хабар береді: “ Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені
көкейіне салынған уахи ғана”.
Сүннеттің Құран Кәрім үшін төрт қызметі бар:
а) Мүбхам немесе мүжмал
29
аяттарды ашықтайды.
ә) Жалпы үкімдерді сатыларға бөледі.
б) Насих
30
пен мансухты
31
білдіреді.
в) Құранда болмаған кейбір үкімдерді қояды.
Мысалы: Намаз бен зекет әмірлерінің орындалу пішіні
сүннетпен белгіленген; үй есектері мен жыртқыш
құстардың етінің желінуіне тыйым салынуы да
сүннетпен белгіленген.
26
«Хашыр» сүресі, 7-аят
27
«Ниса» сүресі, 65-аят
28
«Ниса» сүресі, 80-аят
29
Түсіндірме қажет ететін
30
Алдыңғы үкімнің күшін жою
31
Үкімі жойылған
26
Мәзһаб туралы таным
Хадистер рауилерінің
32
санына қарап мутауатир,
мәшһүр және ахад болып үшке бөлінеді. Ахад хадистің
өзі сахих, хасан және зайыф болып бөлінеді.
Мутауатир хадис – өтірік айтуы мүмкін болмаған
көпшілік тарапынан риуаят етілген хадистер. “ Кімде-
кім менің атымнан жалған бір хадис риуаят етсе,
тозақтағы орнына дайындалсын”
33
хадисін жүзден аса
сахаба риуаят еткен. Іс-әрекетке байланысты сүннеттің
арасында мутауатир болғандары өте көп. Дәреттің
алынуы, намаздың оқылу тәртібі, қажылықтың орында-
луы сияқты. Мутауатир хадис дәлел болуда нақтылық
білдіреді әрі онымен амал жасау парыз.
Мәшһүр хадис – Пайғамбардан (с.а.у.) алғашында
бірнеше кісінің ғана риуаят етіп, екінші және үшінші
хижри жылдардан бастап мутауатир дәрежесіне шыққан
хадистер. Мәшһүр сүннет те нақтылықты білдіреді.
Ахад хабар болса бір, екі немесе одан көп сахаба та-
рапынан риуаят етілген және мәшһүр дәрежесіне жете
алмаған хадистер. Сүннеттің басым бөлігі осы жолмен
келген.
3. Ижма
«Ижма» сөздікте бір іске бел буу немесе бір мәселеде
ортақ пікірге келу деген мағыналарды білдіреді.
Фиқһ термині ретінде: «Әзіреті Мұхаммедтің (с.а.у.)
үмметінен шыққан мүжтахидтердің әзіреті Пайғамбар
қайтыс болғаннан кейінгі қандай да бір дәуірде діни бір
үкім жайында ортақ пікірге бірігулері». Осы анықтама
бойынша ижмада мына шарттардың болуы керек:
32
Жеткізушілер
33
Бухари, Ілім 38
27
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
а) Мүжтахидтердің
34
барлығы бірдей бір үкімде
ортақ шешім қабылдауы діни дәлел болып есептеледі.
б) Мүжтахидтердің ортақ пікірге келулері бір істің
діни үкімі жайында алғашқы мәселе көтерілген кезде
маңызға ие болады. Кейіннен уақыт өте әлдекімнің
қарсы шығуымен ижма бұзылмайды.
в) Діннен тыс мәселелерде ортақ пікірде бірігу
ижмаға қатысы жоқ.
Ижманың дәлел ретінде қабылдануы Құран мен
сүннетке сүйенеді. Құран Кәрімде былай айтыла-
ды: “ Ал біреу, өзіне тура жол айқындалғаннан кейін
Пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ мүминдердің
жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына
бұрамыз да тозаққа саламыз”
35
. Аяттағы « сондай-ақ
мүминдердің жолынан басқа жол іздесе» сөзі ижманың
қуатты дәлел екендігін көрсетуде.
Ижманың дәлел болуын меңзейтін хадис шәрифтер
де бар: “ Мұсылмандардың жақсы деп тапқан нәрсесі
Аллаһтың құзырында да жақсы”
36
. “ Үмметім
адасушылықта бірлеспейді”
37
.
Ижма ашық (сарих), үнсіз (сукути) болып екіге
бөлінеді. Ашық (сарих) ижма – бір ғасырда өмір сүрген
әрбір мүжтахидтің ижма жасалған мәселе жайында
ойын ашық түрде білдірген ижмасы. Үнсіз (сукути)
ижма - қандайда бір ғасырда ижтихад жасауға лайық
болған ғалым кісі белгілі бір көзқарас айтып, оның
осы тұжырымын естіген басқа бір мүжтахид немесе
34
Мүжтахид – дәлелдерден діни үкімдер шығару қабілетіне ие
болған кісі
35
«Ниса» сүресі, 115-аят
36
Ахмед бин Ханбәл
37
Ибн Мәжа, Фитән 8
28
Мәзһаб туралы таным
мүжтахидтер оны қабыл етіп, етпеулері жайында
ешқандай пікір айтпаса, ол мәселеде үнсіз жолмен
(сукути) ижма жасалған болады.
Достарыңызбен бөлісу: |