Туралы таным



Pdf көрінісі
бет6/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

ФиқҺ ғылыМының сүйенетiн 
негiЗгi дӘлелдерi
Ислам дінінде дүниеге және ақыретке байланыс-
ты барлық үкімдердің шығатын қайнар көзі төртеу: 
кітап (Құран кәрім), сүннет, ижма, қияс. Бұларға төрт 
дәлел мағынасында “әдиллә-и әрбәа” немесе шариғи 
дәлелдер мағынасында “әдиллә-и шарғия” да делінеді. 
Осы төрт дәлел негізгі дәлел деп те аталады. Бұлардан 
басқа “фарғи дәлел” деп аталатын кейбір дәлелдер де 
бар. Бұлар мәсәлихи мурсәлә, истихсан, әдет-ғұрып
шәру мән қабләна (Әзіреті Пайғамбарымыздан алдынғы 
діндердің үкімдері), сахаба сөзі және истисхаб. Төменде 
бұл дәлелдердің барлығына қысқаша тоқталамыз.
А) Негізгі дәлелдер
1. Кітап (Құран Кәрім)
Кітап барлық шариғи дәлелдердің негізі. Кітап – 
Аллаһ Тағала тарапынан өзінің пайғамбары әзіреті 
Мұхаммедке (с.а.у.) араб тілінде түсірілген, кітап 
халіне келтірілген, бізге дейін мутауатыр жолымен 
жеткен, «Фатиха» сүресімен басталып, «Нас» сүресімен 
аяқталған Құран Кәрім. Бұл анықтама бойынша 
Құранның қандай да бір түсіндірмелері немесе өзге 
тілдегі аудармасы Құранның үкіміне жатпайды. Яғни, 
Құранға тән үкімдерге ие болмайды. Мәселен әр әріпіне 
сауап жазылуы, оқылуының ғибадат болып саналуы 
және дәретсіз ұстауға болмайтындығы сияқты
10
.
10
Уаддах Х. «әл-Уажизу фи улумил-Қуран». 13-16 б.б.


20
Мәзһаб туралы таным
Құран алғаш 612 жылы Рамазан айының 17-сі, жұма 
күні, Қадір түні Меккенің жанындағы Хира тауының 
үңгірінде түсе бастады. Құранның түсуі осы уақыттан 
бастап әзіреті Пайғамбардың (с.а.у.) қайтыс болғанына 
дейін аят-аят немесе толық сүре күйінде жиырма 
үш жылдың ішінде әртүрлі уақытта түсті. Құранның 
бөлек-бөлек болып түсуінің хикметін Құран Кәрімнің 
өзінде былай түсіндіріледі: «Біз оны сенің жүрегіңе 
жақсылап орнығуы үшін бөлек-бөлек оқыдық»
11

Құран Жәбірейлдің көмегімен 22 жыл, екі ай, 22 күнде 
түсіп толықтырылды. Құранның алғаш түскен аяты: 
Жаратқан Раббыңның атымен оқы. Ол адамды ұйыған 
қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. 
Сондай-ақ қаламмен үйреткен. Ол адамзатқа білме-
ген нәрсесін де үйреткен»
12
. Соңғы аят хижреттің 10 –
жылы, қоштасу қажылығы кезінде Зилхижжа айының 
тоғызыншы күні түскен. Ол «Майда» сүресінің 3-аяты: 
«Бүгін діндеріңді толықтырдым және нығметтеріңді 
тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап 
ұнаттым». Абдуллах бин Аббастың (р.а.) айтуынша 
мына аят одан кейін түскен: «Аллаһқа қайтарылатын 
күннен сақтаныңдар, сонда әркімнің еңбегі өздеріне 
кемсітілмей толық беріледі және оларға әділетсіздік 
жасалмайды»
13
.
Құранның түсуін екі кезеңде қарастыруға болады. 
а) Мекке кезеңі, 12 жыл, 5 ай, 13 күн. Бұл кезеңде 
түскен сүрелерге Меккелік деп ат берілген. 
11
«Фурқан» сүресі, 32-аят
12
«Алақ» сүресі, 1-5-аяттар
13
«Бақара» сүресі, 281-аят.


21
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
ә) Мәдина кезеңі, 9 жыл, 9 ай, 9 күн. Бұл кезеңдегі 
сүрелер Мәдиналық сүрелер деп аталды
14

Мекке кезеңінде үкім аяттары түспеген. Меккелік 
сүрелер шариғаттың сенім негіздерін қалыптастыру 
және жаман мінез-құлықтардан жақсыларына қарай 
ауыстыруды қамтиды. Адамдар Исламға кіріп, 
мұсылмандардың саны артқан соң, Мәдинада халал 
мен харамға байланысты аяттар түседі.
Құран алдыңғы сәмәуи кітаптар сияқты тек қана 
сенім, құлшылық пен ахлақ кітабы емес. Құран әрі сенім 
мен құлшылықты, әрі адамдар арасындағы әлеуметтік 
және экономикалық қарым-қатынасты дұрыстайтын, 
жеке адамдар мен қоғам өмірін түзететін үкімдерді 
қамтитын кітап. Аяттарда былай айтылады:
«Сондай-ақ саған барлық нәрсені ашық түрде ба-
яндайтын және мұсылмандар үшін тура жол, игілік 
әрі қуаныш түрінде Құранды түсірдік»
15
. «Біз кітапта 
еш нәрсені кем қалдырмадық»
16
.
Аяттардың кейбірі сұралған сұраққа жауап ретінде, 
яки бір оқиғаға байланысты, ал кейбірі болса ешқандай 
себепсіз түсті. Аяттың түсуіне себеп болған сұрақ 
пен оқиғаны “сәбәбун-нузул (түсу себептері)” – деп 
атайды. Құран түскен сайын Аллаһтың елшісі түскен 
аяттарды уахи жазушыларына жаздырып, әрбір аят 
пен сүренің қайда жазылатындығын айтатын. Аяттар 
мен сүрелердің ретке қойылуы уахиға сүйенгендігі, 
яғни Жәбірейл періштенің нұсқауымен болғандығын
мұсылман ғалымдары барлығы бірдей айтып кеткен.
Құран Кәрім жалпы үш түрлі үкімдерді қамтиды:
14
Худари Шейх Мухаммед. Тариху-т Тәшрии-л Ислам. 9-б.
15
«Нахл» сүресі, 89-аят
16
«Әнғам» сүресі, 38-аят


22
Мәзһаб туралы таным


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет