Туралы таным



Pdf көрінісі
бет9/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

4. Қияс 
Қияс сөздікте бір нәрсені басқа бір нәрсемен 
өлшеу, салыстыру мағынасын білдіреді. Терминдік 
мағынасы болса «аят пен хадисте үкімдері болмаған 
бір мәселені ерекшеліктері ортақ, шариғи үкімі белгілі 
басқа мәселемен салыстырып, арнайы шарттар арқылы 
соның үкімін үкімі белгісізге беру» – дегенді білдіреді. 
Бұған шарапты мысал ретінде бере аламыз. Шарапқа 
Құранда тыйым салынған. Бірақ кейінгі дәуірлерде 
арақ, коньяк, шампанский, виски сияқты өзгеше атпен 
ішімдіктер шыққан. Құранда бұлардың аты аталмаған. 
Шараптың тыйым салынуына мас қылушы сипаты сай 
келгендіктен, әрі көптеген хадистерде де осы жайт 
белгіленгендіктен, жаңа ішімдіктер де ішкенді мас 
қылатындығы белгілі болған кезде мас қылушы ортақ 
сипаты себепті қияс (салыстыру) жолымен шараптың 
үкімі өзге алкагольді ішімдіктерді де қамтиды.
Қиястың діни дәлел ретінде саналуы аят, хадис 
сахаба істерімен бекітілген
38

Хасамдық бір әйел әзіреті Пайғамбарға келіп 
әкесінің қарт кісі екендігін, оған қажылық парыз 
болғанымен оны істей алатын жағдайда емес екен-
дігін және оның орнына өзінің қажылық жасауына 
болып, болмайтындығын сұрайды. Әзіреті Пайғамбар 
“Әкеңнің қарызы болса оны төлесең, әкең қарызынан 
құтылады ма?” – деп сұрағанда әлгі адам “Иә” – дейді. 
Сонда Пайғамбарымыз: “Олай болса әкеңнің орнына 
38
Адас Назир. «Сағадатул-вусул илә илмил-усул». 134 б.


29
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
қажылық жасай аласың”
39
– деген. Яғни адамдардың 
қарызы мен Аллаһтың алдындағы міндетін өтеудің 
ұқсастығын салыстырып, мысал берді. 
Кейбір сахабалар әзіреті Әбу Бәкірге (р.ғ.) 
бәйат еткен кезде, әзіреті Пайғамбардың (с.а.у.) 
оны намаз үшін имам ретінде сайлағанын еске ала 
отырып халифалықты басшылық сипаты үшін намаз 
имамдығымен салыстырған
40

Қияс төрт негізден тұрады:
а) Асыл (негіз). Өзі жайында үкім түскен мәселе 
(аят, хадис);
б) Фәрғ. Өзі жайында үкім түспеген, бірақ адамдар 
үкімін білуге мұқтаж мәселе;
в) Үкім. Қияс жолымен жаңа мәселеге берілетін 
үкім (парыз, уәжіп, харам, мәкрух секілді);
г) Ортақ иллет (себеп). Әрі асылдағы, әрі фәрғдағы 
ортақ болған ерекшеліктер. 
Мысалы ішімдік аят арқылы тыйым салынған 
шарап “асыл”, шарап үкіміне байланатын жаңа ішімдік 
түрі (мысалыға сыра) “фәрғ”, шараптың үкімі болған 
харамдық “үкім”, ал екеуіне ортақ мас қылу сипаты 
“себеп” болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет