Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы


тақырып. Туристік құрал-жабдықтар



бет12/14
Дата13.02.2023
өлшемі273.5 Kb.
#469474
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы лекциялар

7 тақырып. Туристік құрал-жабдықтар
13,14 дәрістер
Жеке, топтық құрал-жабдықтар. Таңдау, сақтау.
Туристік құрал-жабдықтарға туристік саяхаттарда қажет болатын киім, аяқ киім, бивак құралдары, қозғалыс, сақтандыру тасымалдау құралдары жатады.
Құрал-жабдықтар жеке және топтық құрал-жабдықтарға бөлінеді. Құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар: минималды салмақ пен көлемі, сенімділік, пайдалану мен жөндеуі оңай, гигиена, қауіпсіздік, эстетика, атмосфера әсеріне, тозуына, коррозияға шыдамды, бір-біріне үйлесімді болуы қажет.
Палаткалар.
Ұйқыға арналған қаптар(спальные мешки). «Нога».
Рюкзак.
Аяқ киім, киім.
Сақтандыру. Мұзшапқыштар. Айсбайль.Мұз ілгектері, мұзға бұрайтын ілгектер, якорлық ілгектер(«айс-фифи»).
«Беседка».Грудная обвязка.
Кошки.Зажим, жумар. Күрек. Ракетница. Каска.Карабин.
Ремнабор.
Вуколов: приложение 9, 171 бет – жеке құрал-жабдықтар тізімі.
Су туризмі. Бәтіңкенің орнына – кроссовки, тапочки, рәзеңкеленген матадан жасалған етік-шалбар. Сонымен қатар, міндетті түрде, құтқару жилеті, құтқарушы гидрокостюм. Соңғы жылдары қорғау-құтқару костюмы(ЗСК) және шлем(каска).
Шаңғышы. Саяхат үшін ені 10 см дейін шаңғы қолданылады. Ұзындығы – адамның бойына(см) оның салмағының жартысын(кг) қосу керек. Бәтіңкесі 2 размр үлкен болу керек. Бахилы, ұзындығы 40 см. Жылы киім көп.
Примустар, газ, стеклоткань.
Оммерциялық қиын емес треккинг(10 клиент, 20 қызметкер) болса, екі 8 литрлік, 3 бес литрлік кастрюля жетеді.
Осындай топтың сақтандыру құралдары: 40 метрлі екі арқан, 10м репшнур, 2 мұзшапқыш, 2 мұзға бұрайтын ілгек, 3-4 карабин, ракетница.
Фонарь, батарейкалар, 10-12 стеарин шырағы, ремнабор(приложение 11, 173 бет),безмен, сағат.
Ремнабор құрамы:
1. Сумка
2. Жеңіл пассатижи
3. Әртүрлі жұмсақ сым
4. Қаңылтыр, шегелер, былғары, брезент
5. Қайрақ, үш қырлы егеу
6. Надфиль, біз, лента, скоч, кендір жіп, қайшы, отвертка
7. «БФ» желімі немесе әмбебап желім, киперлік лента, капрон жібі
8. Инелер, бірнеше түсті жіп, түймелер
9. Тігін материал салатын қорапша
10. Түйреуіштер, рәзіңке

Су туризміне арналған шағын кемелер: байдарка, катамаран, үрмелі қайықтар, сал.


Байдарка – жеңіл, жіңішке, ескек тұтқасы(уключина) жоқ қайық, толқыны үлкен емес өзендер мен көлдерде жүзуге арналған. Бір(каяк), екі, үш орынды байдаркалар болады. Ескекшілер алға қарап екі қалақты ескекпен қайықтың екі жағынан кезекпен жұмыс істейді. Байдаркалар тегіс немесе құрылатын байдарка болады. Құрылатын б. Қаңқалы, қаңқалы-үрмелі, үрмелі және қатты.
Қаңқалы байдарка(каркасная) 3 дәрежеге дейінгі су саяхаттарында жиі қолданылады, мысалы, 1-,2-,3 орынды «Таймень».
Ең қолайлы байдарка – Э.Космачевтің КНБ-81 қаңқалы-үрмелі байдаркасы. Б. ұзындығы 450см, ені 75см, биіктігі 30см, салмағы 12кг. Толық жүк көтеру қабілеті 500кг, пайдалы – 220кг.
Су слаломы үші каноэ қолданылады. Каноэ тегіс(ағаш діңі емесе фанера, пластмассадан жасалған), құрастырылған каноэ(Қаңқасын рәзеңкеленген матамен орайды) және үрмелі болады.
Катамаран(«бірге байланған бөренелер» деген тамил сөзінен) – үстінгі жағында қосылған екі параллелді корпустан тұратын кеме. Су туризмінде үрмелі катамарандар қолданылады. Әрбір корпусы – үрмелі гондола, бір-бірімен қатты қаңқамен байланған. Экипаж 2-4 адамнан тұрады, каноэ сияқты, ескекшілер бір қалақты ескектермен жұмыс істейді. Ең жиі кездесетін мөлшерлері: екі кісілік к. – ұзындығы 3,1-3,3м, ені 1,5-1,6м, қалтқының(поплавок) ең үлкен диаметрі 45-48см, көлемі 730-770л.
Сал(плот) – бір-бірімен қосылған бірнеше бөренеден, бөшкеден, үрмелі баллоннан, т.с.с. тұратын жүзетін платформа. Әдетте ағыс бағытымен жүзеді. Ағысқа қарсы немесе қиғаш жүзу керек болса, ескек емесе түбіне тірелетін ұзын таяқтар қолданылады. Сал құрамы: став(корпус) алдыңға және артқы подгребица мен 2 гребень – салды ағыста жылжыту үшін. Қазіргі кезде қаңқалы үрмелі салдар қолданылады. Сал мен катамаран түйдегі – честер. Оның құрамына алды мен артында ағысқа көлденең орналасқан 2-4 гондола бар. Честер өлшемдері: 4,5х2,2м, годоланың диаметрі 0,8, ұзыдығы 3,2м, кеме габариті 5х3,2м. Құрастыруы оңай, жарты күн ішінде дайын болады.
Ескек, лақтыру ілмегі. Лақтыру ілмегі(бросательный конец) жағалаудан сақтадыру жасауға арналған құрал. Ұзындығы 25-30м, диаметрі 6-8мм капрон репшнуры. Алыстан көрінетін бояумен боялған қапта жатады. Қаптың түбінде диаметрі 10-12см, қалыңдығы 5см пенопласт шайбасы бекітіледі.
Құрал-жабдықтарды дайындау жоспары:
1) тізім жасау;
2) тізім бойынша таңдау, алу, жорық жағдайына жақын жағдайда тексеру;
3) түзеу, жөндеу, жаңадан жасау немесе қосымша айла жасау.
Құрал-жабдықтардың күйі, пайдалану мерзімі күту мен сақтауға байланысты. Аяқ киімді маусымнан кейін мұқият жуып-тазалап, табиғи жылумен кептіру керек. Сақтауға арналған заттарды пайдалану керек(пропитка). Ұлтарағын бөлек сақтау керек, ал аяқ киім ішін қағазбен тығыздау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет