Топтың маршрутқа шығуына дайындығы
Оның алдында аталған шаралармен бірге топ тренинг(шынығу) жасау керек.
Саяхат қорытындысын жасау
Жорықтан кейін есеп беріледі.
Есеп тараулары мынадай болуы мүмкін.
«Жорық ауданының жалпы сипаттамасы». Тарауға географиялық ерекшеліктері, жер бедері, климат, температура амплитудалары, жауын-шашын мөлшері мен түсу мерзімдері, жел күші мен негізгі бағыттары, қар шекарасы, орман шекарасы, гидрография, өзен ағысы, тереңдігі, қайраңдары, табалдырықтары, сарқырамалары, көлбеуі, топырақ, өсімдік, жануарлар әлемі жеуге келетін және шипалы өсімдіктер, аң мен балық аулау мүмкіншіліктері, пайдалы қазбалар, жолдар, елді мекендер туралы мәліметтер кіреді.
Тарау соңында әдебиет тізімі мен кеңес берушілер аттары келтіріледі.
«Жорыққа дайындық» тарауында қатысушылар тізімі, тәжірибесі, олар өткен жорықтары, жорықтағы міндеттері, аудан таңдау себебі, маршрут әзірлеу тәртібі, мақсаттар мен міндеттер.
Тамақ рационы, азық-түлік қоры, сатып алған жері, дәрілер тізімі.
Жоспарланған және шын мәнінде жұмсалған қаржы шығыны салыстырылады.
Құрал-жабдықтар тізімі.
Топ жүгі мен топ мүшелеріне бөлінуі.
Бақылау нүктелері мен уақыт.
«Жорық күнделігі» тарауында күн тәртібі, оқиғалар, туристердің хал-күйі, ауа райы, ауа температурасы, жел күші мен бағыты, жауын-шашын, қар қалыңдығы, қозғалыс туралы мәліметтер, бивктар, өткен жолы, километраж, уақыт, тұрмыс, экскурсиялар, т.б.
Маршруттың техникалық сипаттамасы»(сүреттемесі) тарауында қозғалыс тәртібі, бағдарлар, асулар, өткелдер, қаүіпті жерлер және олардан өту әдістері, қаүіпсіздік шаралары туралы мәліметтер болады. Сонымен қатар, отын, ауыз су, бивактарға қолайлы орындарының бар-жоғы туралы мәліметер кіреді.
«Жорық қорытындылары» тарауында өткен жорық қиындықтары, оның танымдық маңызы, құрал-жабдықтардың сипаттамалары, басқа топтарға берілетін кеңестер беріледі.
Есепке қосымша масштабы 1: 1000000-дан ірі масштабтағы маршрут схемасы болады. Ерекше қиын жерлерді ірі масштабтағы схемалар, фотографиялар, сызбалар арқылы көрсеткен жөн. Схемада түнеу мен демалыс орындарын, баспана мен отынның бар-жоғын көрсету керек.
Есепте фотографиялық есеп болу керек. Онда барлық маңызды жерлердің сүреті болу керек, белгілі жерлерде рюкзактарды алдына қойып топ толық құрамында түсу қажет. Фотографиялар ақпарат болуымен бірге маршруттан өту дәлелі, кепілі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |