Туякбаева Мырзагуль Исембиевна Бастауыш сынып оқушыларының өздігінен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру әдістемесі 7М01301-Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы



бет2/12
Дата22.06.2024
өлшемі123.36 Kb.
#502742
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Туякбаева баст.

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................81


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................83

КІРІСПЕ


Зерттеудің өзектілігі. Қоғамның өркендеп даму барысында болып жатқан өзгерістерге байланысты мемлекетіміздің білім беру стратегиясының мақсаты – жүйеленіп, дайын берген білімді, дағдыларды меңгеріп, қайталайтын емес, өзекті мәселені көре білетін, ой ұшқырлығы мен ізденімпаздық іс-әрекеті қалыптасқан, білімі мен біліктерін өмірдің өзгермелі жағдайына қарай оңтайлы пайдалана алатын, өзін өзі басқара алатын, танымдық дербестігі жоғары деңгейдегі тұлға тәрбиелеу болып айқындалған.
Еліміздегі білім беру саласын дамытуға арналған мемлекеттік нормативтік- құқықтық құжаттар болып саналатын: Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында [1], Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы [2], Қазақстан Республикасы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында (жоғары кәсіби білім беру) [3], «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында [4] болашақ маманның бәсекеге қабілеттілігін және кәсіби даярлығын дамыту, білім мазмұнын жетілдіру мәселелері басты міндеттер қатарына қойылған.
Біз қадам басқан ХХІ ғасыр бәсекеге қабілетті маманды талап етуі заңды құбылыс. Сондықтан, болашақ мұғалімдер білім деңгейі мен біліктілік тұрғысынан әлдеқайда жоғары болуы тиіс. Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі жалпыұлттық тұжырымдамасында: жоғары оқу орындарын бітірушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар түрінде белгіленген қоғамымыздың жаңа әлеуметтік тапсырыстары, оқыту бағдарламаларын өзгертуді, сондай-ақ студенттердің алатын білім сапасын көтеріп, бүгінгі күнге сай кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа технологияларын енгізуді көздейді – деп көрсетілген [5].
Бұл өз кезегінде инновациялық технологияларды саралап пайдалану негізінде болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін бүгінгі жаңартылған білім беру бағдарламалардың талаптарына сәйкес оқушыларды бағалау мәселесінің өзектілігін арттырады. Себебі бастауыш мектептегі сабақ барысында жүргізілетін жұмыстар оқушының тақырыпты терең түсінуіне, мазмұн жайында нақты пікір айтуға, өз әрекетіне баға беруіне, одан қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Демек болашақ бастауыш сынып мұғалімі мұндай күрделі мәселені шешуге мақсатты түрде даярлануы қажет.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне оқушылардың бағалауда жеке ерекшеліктерін ескеріп, өзін өзі ұйымдастыру, өзін өзі жүзеге асыру, өзін өзі бағалау сынды дағдыларын қалыптастырып, олармен нәтижелі қарым-қатынас орната алатын іскерлік қажет.
Кәсіби білім алу барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне философиялық, психологиялық – категория болып табылатын «рефлексия» ұғымының мәнін түсініп, оқушылардың рефлексиясының мағынасы мен маңыздылығына, жеке тұлға ретінде дамуында алатын орнын бағамдай алуға жағдай жасалуы тиіс.
Адам санасының рефлексия феноменінсіз еш мәні болмайды. Себебі кез- келген күрделі жүйе дамиды, ерте ме, кеш пе рефлексия феномені туындайтындай жағдайға жетеді, яғни, адам өз әрекетін ойында қорытып, оның барысын бақылап, реттеп, нәтижесіне баға бере отырып, өткен тәжірибеден қорытынды шығарады, алдағы әрекетін жоспарлайды.
Философиялық сөздікте: рефлексия (лат. reslexio – кейінге оралу) – бейнелеуді, сондай-ақ таным актісін зерттеуді білдіретін термин. Ал одан шығатын «рефлексиялау» ұғымына сананы өз өзіне үңілдіруді, өз психикалық күйіне ой жүгіртушілікті сипаттайды, – деп анықтама берілген [6].
Педагогикалық сөздікте, «рефлексия – субъектінің ішкі психикалық актілерді және күйлерді өмірлік тәжірибе негізіндегі өзін өзі тану үдерісі» деп көрсетілген [7].
Біздің пайымдауымызша, тұлғаның мұндай сапасы білім беру саласындағы инновациялық үдерістердің әсерінен қалыптасатындығы белгілі.
Әлемдік өркениеттің алға дамуы білім беру саласының барлық деңгейіне әсер етіп, педагогикалық инноватиканы дүниеге әкелді. «Инновация» немесе білімдегі жаңашылдық – педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейтін үдеріс. Ол білімнің мазмұнын жасауда, әдістемеде, білім беру жүйесі сатыларында оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, басқарушылық әрекеттерде жүзеге асады.
«Инновациялық технология» ұғымы рефлексия идеяларына негiзделген. Сондықтан біз зерттеп отырған болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқушылардың рефлексиясын дамытуға даярлау тек жоғары педагогикалық оқу орындарында жаңашылдық технологияларды қолдану және студенттерді ең алдымен өз әрекеттеріне өзіндік баға беруге машықтандыру жағдайына қою арқылы нәтижелі болады. Тек өз ісіне басқаның көзімен қарап, дұрыс бағалай алатын, одан өзіндік қорытынды жасаудың маңызын түсінген студент қана болашақта осындай тұлға үшін аса қажетті сапаны оқушыларында дамытуды өз міндеті деп есептейтін болады.
Адамның өз ісіне баға беруі, өзіне есеп беру мәселесі ерте замандардан бері адамзат баласының алдында тұрған міндеттердің бастысы, тұлға қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі болған және оған барлық тарихи кезеңдерде философтар, психологтар, педагогтар, сондай – ақ басқа да сала ғалымдары үлес қосқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет