2 МЕКТЕПТЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН МОНИТОРИНГІЛЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1. Оқу процесінің нәтижелерін бағалауда сабақтың орны. Баға,
бағалау-бақылаудың құрамдас бөлігі
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілгендей, мектептің бастуыш сатысында оқыту жетістіктерін бағалау оқушылардың білімін аралық бақылаумен және оқу жетістіктерін ішнара мониторингтік бағалаумен аяқталады [6].
Өркениетті елдерде (АҚШ, Европа елдері, Ресей) оқушылардың білімінің жетістіктері көрсеткіштерін анықтауға басым бағыт берілуде. Мысалы, Шотландия, Австралия, Голландияда білім сапасын тексеруге негізгі компоненттері оқушының жетістіктері болып табылатын кешенді жүйелер қолданылады.
Соңғы 10 жылда оқыту жетістікеріне қатынасты халықаралық деңгейде бірнеше зерттеулер жүргізілуде. Білім сапасын бағалаудың Латын Америкасының лабораториясы ЮНЕСКОның қаржыландыруымен loboratorlo жобасы бойынша 18 Латын Америкасы елдерінде бағалау жүйесінің жиынын көрсетуде. Онда әрбір елде 3-ші және 4-ші сынып оқушылары арасында сараптау жүргізіліп, оқушылар тест тапсырмаларын орындайды. Білім сапасын дамыту мен бекіту мақсатында оқыту жетістіктері мониторингісі Оңтүстік Африка консорциумы (SACMEQ) ЮНЕСКОмен ЮНИСЕФ бірлескен жобасы 70 елде жүргізілуде. Мониторинг пен білімді бағалаудың тұрақты жобасы «барлығын қамту ұстанымы қағидасын» басшылыққа ала отырып, белгіленген сабақтар бойынша оқушылардың білім алу сапасын және потенциялын көтеру көзделеді. Соңғы жылдардағы зерттеу жұмыстарында оқушыларды оқуға қамтуға басым бағыт берілуімен қатар білім сапасын көтеру және баланы мектепке тарту, орнықтыру, оқуда белгілі нәтижеге жету мәселелері қарастырылады. Зерттеу барысында соңғы жылдарда оқушылар жетістігін бағалауда оқушылардың оқу бағдарламасында көрсетілген білім, білік және дағдының ауқымды пайызын меңгеретіні анықталған.
2001 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен ЮНЕСКО және Сорос-Қазақстан қоры бірлестікте пилоттық жоба аясында бастауыш білім сапасының мониторингі жүргізіледі. Онда Мемлекеттік стандарт пен бастауыш сатыда оқушылардың білім, білік және дағдыларының сәйкестігі зерттелді. Ғылыми-зерттеу нәтижесі бойынша эксперимент жүргізілген мектептерде білім жетістіктерінен 1-сынып оқушылары бірінші орында, ал 2-сынып оқушыларының білім деңгейінің төмендігі байқалған. Сонымен бірге ғылыми-зерттеу жұмысының қорытысында оқушылардың оқу бағдарламасын толық меңгеретіндіктері және білім жетістіктерінің міндетті мемлекеттік білім стандартының талаптарына сәйкес келетіні анықталған.
Он бес жастағы оқушылардың білім және білік дағдыларын халықаралық деңгейде бағалау бағытында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына қатынасатын елдердің күшімен PISA (2002-2004) жобасы бойынша оқушылардың компетенттілігі, яғни білімі және біліктілігінің күнделікті өмірдегі дағдысына сәйкестігі бағаланады.
Мектепті бітіретін оқушы қоғамдағы өз орнын табу үшін қаншалықты білім мен білікті меңгергенін білу мақсатында құрылған бағалау жобасы үш бағытта: оқытудағы сауаттылық 2000 жылы, математикалық сауаттылық 2003 жылы, жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылық 2006 жылы тест тапсырмалары жүргізіледі.
А.И. Субеттоның пікірі бойынша ғасыр табалдырығынан аттаған уақытта білім адамзат баласының басты құныдылықтарына айналғанын уақыттың өзі дәлелдеп отырғандай [7].
Ғалымдардың (С.Е. Шишов, В.А. Кальней) пікірінше стандарт және сапа жетістіктер деңгейі бағалау көрсеткіштері стандарт талаптарының деңгейіне (минимум) оқушылардың білім, білік, дағдыларының сәйкес келуі тиіс [8].
Г.А. Строкованың ойымен келісе отырып, педагогикалық мониторингтің негізгі қызметіне төмендегілерді жатқызамыз: ақпараттық, аналитикалық-бағалау, ынталандыру-мотивациялық, реттейтін жан-жақты қызмет [9].
Қазіргі заман талабына сай мектептегі оқу барысында оқушылардың даму динамикасын және мектептің өзін-өзі бағалау жолымен дамуын қадағалайтын білім сапасын мониторингілеу жүйесін жасау қажеттігі туындап отыр.
Мониторинг – күрделі педагогикалық құбылыс. Мониторинг – бағалау мен білім сапасын бақылау механизмі.
Ғылыми принциптері: мақсаттылық, үздіксіздік, толықтық, сапаны жан-жақты білу, алынатын ақпараттың жариялылығы мен нақтылығы және т.б.
Мониторингілеу – (латынша: monitov – ескертуші, бақылаушы) – біріншіден, қоғамда немесе оның қайсыбір топтарында болып жатқан өзгерістерді жүйелі түрде өлшеу жүйесі, екіншіден, адамның шараушылық карекетіне байланысты қоршаған ортаның жай-күйін қадағалау, бағамдау және болжамдау.
Мониторингілеу – білім сапасы жөнінде әртүрлі ақпарларды жинақтау, өндеу, жүйелеу, терең сараптама жасау, бағалау, тұжырымдау, оны алдағы уақытта оқу процесін жақсартуға, дамытуға және оқу-тәрбие процесінде кеткен кемшіліктерді түзетуге, сондай-ақ жобалау, құру, сол мақсаттарда жағдайлар жасау болып табылады. Білім берудегі мониторинг – бастапқы мақсаттарға негізделген білім беру үрдісіндегі белгілі бір жүйені үнемі бақылап отырады. Алынатын нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесі – мониторингілеумен тікелей байланысты болғандықтан оқушылардың білімділігін бағалау өлшеуіштерін іріктеу критерийлерін анықтау қажет.
Ғылыми-зерттеу жұмысы барысында педагогикалық өлшеуіштер сапасының критерийлерінің ең бастыларын нақтыладық: объективтілік, сенімділік, негізділігі немесе болмысқа сәйкестігі (валидность) және дәлдік.
Интерактивтік оқыту бойынша бағалау критерийлерй: философиялық іс-әрекеті, этикалық іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы, сыныпты басқару, оқушылардың белсенділігі, өзінің пікірін айта білуі, ұжымның пікірі, топта жұмыс істеуі, мұғалімнің рөлі.
Жалпы орта білім беретін мектептің бастуыш сатысында «Математика» пәні бойынша білімділігін анықтау компоненттері: мотивтілік-құндылық, мазмұндық, іс-әрекеттік.
Мотивтілік-құндылық компоненті. Оқушылардың өзін-өзі жетілдіру қажеттілігіне, олардың шығармашылық әрекетінің қалыптасуына, сондай-ақ қоршаған ортаға көңіл-күй және құндылықтық қатынасында көрінетін мотивтерге бағытталған тұрақты мотивтердің жиынымен байланысты.
Мазмұндық компонент – қоршаған орта туралы пәндік және жалпы мәдени білімдердің кешенін қамтиды.
Іс-әрекеттік компонент қазіргі әлеуметтік қоғамда толыққанды өмір дағдыларын жүзеге асыруда қажет болатын пәндік және жалпы мәдени компетенциялардың кешенінен тұрады.
Білім берудің құрылымдық компоненттері: компетенция түрінде берілген мақсаты; алынатын нәтижелері, базалық мазмұны, оқу жетістіктерінің өлшеуіштерінің жүйесі.
Білім берудің құрылымдылық компоненттері іс-әрекеттік компонентік тұрғыда қарастырылып, компентенттік тәсілге негізделеді.
Жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сатысында «Математика» пәні бойынша білімділігін бағалау өлшеуіштерін іріктеу критерийлері:
«Математика» білім саласы бойынша анықталған компетенция түрінде берілген мақсатқа сәйкестігі;
алынатын нәтижеге жету өлшеуіштерінің жүйелілігі мен тиімділігі;
оқушының дайындық деңгейінің объективті бағалануы;
іріктеп алынған өлшеуіштердің нәтижелі болуы.
Оқыту сапасын өлшеуіштердің нәтижелі болуы. «Математика» білім саласы бойынша білім деңгейінің сандық эквивалентін көрсетсе, ал оның өлшеуіштеріне оқушы жетістіктерінің сапалық және сандық сипатының алдын ала берілген параметрлері негізінде «Математика» білім саласы бойынша оқу дайындығының деңгейін айқындайтын құралдар мен тәсілдер жатады.
Өлшеуіш құралдары: тапсырмалар, жаттығұлар, бақылау жұмыстары, есептер, практикалық және өзіндік жұмыстар мен тест тапсырмалары, білімді тексерудің жазбаша формасы, интервью түріндегі әігімелесу және т.б.
Бастауыш сатыда «Математика» пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретіндегі деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады. Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастырамыз. Оқытуды кутілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.
Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-әрекеттік-компетенттік тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді. Әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар жүйесі оқу материалдарының мазмұның игеруді жүзеге асыру құралдарының бірі болып табылады.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Бастауыш саты - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Біздің міндетіміз - жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан- жақты жетілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.
Білім негізі мектеп қабырғасынан басталатыны белгілі. Мектеп оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан — жақты іздене отыру керек.
Еліміздің әлем кеңістігінен орын алуы отандық білім беру саласының мазмұнына көптеген өзгерістер енгізуде. Атап айтқанда, білім реформасының жаңа парадигмаға сәйкестенуі, білім беру жүйесінің әлемдік стандарттарға жауап беруі, бағалау критерийлерінің өзгеруі, сандық әрекеттен сапалық көрсеткішке көшуі т.б. Бұл мәселелер еліміздің әлеуетін көтеруге жасалған алғышарттары болып табылады.
Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасында «адам капиталының сапасын көтеру, оқыту стандарттарын жаңарту т.б» міндеттер көрсетілген [10].
Бұл бағыт білім мазмұнын, оқытудың әдістері мен тәсілдерін, оқушылардың зерттеушілік дағдысын қалыптастырудың жаңа жолдарын іздестіруге ықпал етті.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «…қазіргі қоғамның басты талаптарының бірі – зерттеушілік құзыреттілігі дамыған жаңа тұрпатты адамды қалыптастыру» — делінген [11].
Осы қажеттіліктерге байланысты, білім берудің жаңа парадигмалық жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік қабілетін дамыту оны тиімді ұйымдастыруға деген сұраныс артуда.
Зерттеушілік қабілетті дамытуға әртүрлі факторлар әсер етеді: ішкі және сыртқы. Ішкі жағдайға баланың бойындағы табиғи-генетикалық мүмкіндіктері жатса, сыртқы факторға сол қабілетті дамытатын әлеуметтік институттар жатады.
Кез келген баланың табиғатынан зерттеуші болуға, танымдық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға ұмтылысы жоғары болады. Оқушының қабілетін ашудың және дамытудың жолы зерттеушілік іс-әрекет болып табылады. Сонымен қатар қабілетті дамытудың тағы бір ортасы – мектеп.
Бастауыш сыныпта мұғалім оқушының зерттеушілік дағдысын дамыту барысында әртүрлі әдістерді қолданады. Пән мазмұнына байланысты зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Білім, ақпарат дайын күйінде берілмейді, оқушы үнемі ізденеді, сондықтан да зерттеушілік жұмыс оның күнделікті іс-әрекетіне айналады. Оқушы қоғамда болып жатқан өзгерістерді қабылдап, өзінің зерттеу жұмысында қолдануы қажет.
Бастауыш мектеп бала тұлғасының қалыптасуында, оның ойлау үрдісінің дамуында, танымдық белсенділіктің қарқынды қалыптасуында, оқу іскерлігінде өте маңызды кезең болып табылады.
А.Н. Леонтович өз еңбегінде оқу үдерісіндегі зерттеу іс-әрекеті нақты оқушы орындайтын әрекет екенін атап көрсетті. Оның пікірінше, кез-келген белсенділік зерттеушілік әрекет бола алмайды. Оқушыда мотив, мақсат, болуы қажет [12].
Зерттеушілік іс-әрекетке бейім оқушыда төмендегі қабілеттері болады:
Жұмысты орындауға деген талпыныс.
Жаңа білімді іздеуге деген мотивация.
Өз көзқарасын дәлелдеуге ұмтылу.
Пікір-талас арқылы өз ойын дұрыс тұжырымдау.
Зерттеушілікке бейім оқушының бойында ерекше шығармашылық мүмкіндіктері жоғары болады. Шығармашылық жұмысты орындау барысында оқушыға әсер ететін мотивтер болады. Ендеше, мотив деген ұғымға тоқталып көрелік. Педагогикалық үдерісте бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мотивтерін туындату үшін, мұғалім оқытуды ұйымдастырудың формалары мен әдістерін меңгеру қажет. Олар:
мәселені көре білу;
сұрақтар қою;
болжамды ұсына білу;
дағдыларын анықтау;
топтастыра білу;
бақылау ;
эксперимент жүргізу;
қорытынды жасау;
материалды сұрыптау;
өз көзқарасын дәлелдеу және қорғау.
1-2-сыныпта зерттеу жұмысы ұжымдық сипатта болады, тақырыпты мұғалім өзі анықтайды, әрбір оқушы зерттеу жұмысына өз үлесін қосады, бұл балаларды ұжымда жұмыс істеуге, ортақ мүдделерді өздерінен жоғары қоюға үйретеді. 3-4-сыныпта оқушы жеке жұмыс жасауға әрекеттенеді. Өзіне пән таңдау арқылы, оның белгілі бір ғылымға деген қызығушылығы мен зерттеушілік дағдысы қалыптасады.
Жаратылыстану пәні оқулығында оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылған. Пәннің мазмұны биологиялық пәндердің кіріктірілген негізін құрайтын болғандықтан, сабақ беру барысында тәжірибе жасау, зерттеу жұмысын жүргізу, сарамандық жұмыс түрлері басым болады. Сабақта бақылау, эксперимент әдістерін қолдана отырып, зерттеу жұмысының қағидаларын игереді.
«Мен зерттеушімін», «Тірі табиғат», «Заттар және олардың қасиеттері», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы» сияқты оқу бөлімдерін зерделеу барысында оқушылар қарапайым да қызықты тәжірибелер жүргізіп, табиғат құбылыстарының даму үдерістерін сипаттап, болжап, түсіндіреді. Осындай тәжірибе түрлері зерттеу қызметінің бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
Зерттеу бірнеше кезеңдерден тұрады. Олар:
Тақырыпты таңдау.
Мақсаты мен міндетін анықтау.
Болжамын жоспарлау.
Әдістерді іріктеу.
Тақырыптың өзектілігін айқындау.
Дереккөздерін жинақтау, талдау.
Интернет-ресурстарын сұрыптау.
Жоспар құру.
Бастауыш мектептің оқыту үдерісінде зерттеушілік қабілетті дамыту үшін дәстүрлі емес әдістер кеңінен қолданылады. Зертханалық сабақ, жоба сабағы, сараптама сабақ, саяхат сабақ, іскерлік ойын сабағы т.б.
Оқушылардың зерттеу қызметін дамытудың ең жиі қолданылатын әдістерін талдап көрейік. Педагогикалық әдебиеттерде ең жиі қолданылатын әдістердің бірі – жоба.
Жоба жазу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, шешім қабылдай алу іскерлігін қалыптастырады. Оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес өзінің кәсіби бағдарын айқындауға көмектеседі. Жоба әдісінде мына міндеттер жүзеге асады.
Оқушылардың танымдық іскерліктері мен дағдыларын дамыту;
Ақпараттық кеңістікте бағдар ала білу;
Өз бетінше жоспар құра білу;
Ғылымның түрлі салаларынан білімді біріктіре білу;
Сын тұрғысынан ойлау қабілеті.
Келесі әдістердің бірі – саяхат. Саяхат сабағы көбіне «Жаратылыстану» пәнінде жүргізіледі. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін, табиғатта болатын әртүрлі құбылыстардың өзгерістерін анықтау барысында «Күздің белгілері», «Күз мезгіліндегі өзгерістер», «Жыл мезгілдері» т.б тақырыптарда саяхат өткізуге болады. Оқушылар тақырып барысында ақпарат ресурстарын жинау арқылы белгілі бір сұрақтарға жауаптар табады. Бақылау нәтижелерін қағаз бетіне түсіреді. Оқытуды ұйымдастырудың бұл формасы ұжымдық қарым-қатынасты дамытады.Саяхат сабағының нәтижесі оқушылардың шығармашылық жұмыстарында жалғасын табады.
Математика сабағы оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытатын негізгі интеграциялық пән болып табылады.
Сандық заңдылықтармен жұмыс жасай отырып, оқушылар өздері үшін қызықты мәліметтер табады, сыныптастарына стандартты емес шешім іздеуде белсенді түрде көмек көрсетеді. Қызықты тапсырмаларды орындау оқушының шешім қабылдау, іздену, ақпарат жинау, салыстыру сияқты қасиеттерін шыңдауға мүмкіндік береді.
Зерттеушілік іс-әрекет арқылы оқушылардың ғылыми дүниетанымы дамиды. Ғылыми дүниетаным тек теориялық білім алу арқылы емес, сонымен қоса, дәйекті дәлелдер және зерттеушілік іс-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Оқушылар өздігінен жүргізген зерттеушілік іс-әрекет нәтижесінде нақты шындыққа көз жеткізеді.
Мұғалімнің зерттеу жұмысын ұйымдастыру әрекетін үш деңгейге бөлуге болады. Педагог мәселені өзі қояды және шешу жолдарын белгілейді, шешімді оқушы өзі табады; педагог мәселені қояды, бірақ оны шешудің жолдары мен әдістерін көрсетпейді, оқушының өзі шешімін табады;оқушылар мәселені өздері қойып, оны шешу жолдарын іздейді және өздері шешімдерін табады.
Зерттеу жұмысын ұйымдастырудың принциптері:
- оқушылар сабақта жаңа құбылыстармен танысады;
- оқушылар білімді дайын күйінде алмай, өз бетінше меңгереді;
- әрбір оқушы зерттеу барысында алған мәліметтер мен бақылаған объектілерін зерттейді, сипаттайды және түсіндіреді.
Бастауыш сыныпта мұғалім оқушының зерттеушілік қабілетін дамыту мақсатында сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, оның қызығушылығы мен белсенділігін арттыра түседі. Пәннің мазмұнына қатысты түрлі зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Ал, білім мен ақпарат дайын күйінде берілмейді, оқушы оны іздеумен шұғылданады, сондықтан да зерттеушілік жұмыс оның күнделікті іс-әрекетіне айналады.
Қорыта айтқанда, зерттеушілік бүгінгі заманауи білім беру жүйесінде оқушының танымдық іс-әрекетін, оның табиғи мүмкіндіктерін негізге алатын оқытудың жаңа моделі болып табылады.
Білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі – оқушыларға терең білім беру. Ал, оның негізі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісін жақсартуға білім саласына жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Оқу – тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты екені баршамызға мәлім.Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендірудіт міндеттейді. Білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы – бастауыш саты. Келешекте арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы да осы бастауыштан басталмақ. Жас бүлдіршіндердің ой-қиялын біліммен нұрландыратын, дүниетанымын кеңейтетін – ұстаз шеберлігі. Әсіресе, терең де тиянақты білім беруді ұлағатты тәрбиемен ұштастыруда бастауыш сынып пәндерінің өзіндік орны ерекше. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы болып отыр. Қазіргі таңда оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және жаңа технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен, жаңартылған білім жүйесі – құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту технологиялары да қарастырылды.Сол себепті қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастыру барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне басты назарды аударып, мысалы, «Өрмекшінің өрмегі», «Қораптағы сұрақ», «Серпілген сауал» әдіс-тәсілдерін күнделікті қолдану барысында оқушылардыңт сабаққа деген қызығушылықтарының арттатындығын аңғардым. Сабақ барысында ресурстарды молынан қолдануға тырысамын. Әр сабақта қолжетімді ресурстарды дұрыс, әрі ұтымды пайдалану тиімді. «Алфавит тізбегі» оқушылар өткен тақырып бойынша алған білімдерін алфавиттегі әріптерден басталатын сөздерді кезекпен атап шығу керек.Мысалы тақырыбыңыз «Қазақстан»«қала» «Менің достарым»болса, А — Астана Ә-әскер Б-бидай В-валюта Г-газ Ғ- ғимараттар «Эссе жазу» 3 минут ішінде өтілген тақырып бойынша не түсінгенін жазады. Сабақты қорытындылауға өте тиімді әдіс — тәсілдің бірі. «Сұхбат алу» ортаға үш оқушы шақырылады. Екі оқушы бір-бірімен тақырып бойыншасұхбат құрады. Үшінші оқушы түсінгенін әңгімелейді.һ. Әр сабақта топқа бөлу арқылы әр оқушының жұптық жұмыс,топтық жұмыста өз шеберліктерін көрсете алады. Сабақтарымды қызықты әрі оқушыларға жан- жақты жұмыс жасауға тиімді жақтарын қарастырып отырамын. «Маршрут» ойыны. Бұл ойын бас қатыру есебі – ойланып табылған сөздің әріптерін, алдыңғы сөздің соңғы әрпі, кейінгі сөздің алдыңғы әрпі болып табылатындай етіп, бірінің соңына бірі тізбектеле орналасқан торкөздерге сөздер толтырады.Мысалы, Алматы-ыдыс-сабын-нар-рахмет-тарақ, -қарбыз т.б. «Екі әріп» ойыны. Бірінші қатысушы бір сөз, зат есімді айтады. Келесі қатысушы сол сөздің соңғы екі әрпінен келетін сөзді ойлап табады, бірақ дауыстап айтпайды, тек өз сөзімен түсіндіреді, үшінші қатысушы мұның не туралы айтып жатқанын түсінеді де, сол сөздің соңғы екі әрпіне сөз ойлап табады. Бір қызығы балалар сөзді жасырушының не туралы айтып жатқанын біледі, бірақ ешкім оны дауыстап айтуына болмайды. «Еске түсіру» ойыны. Қатар отырған оқушылар бір-біріне теріс қарап отырады да, парталасының аты кім, көзінің түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер қыз бала болса юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға, қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады. «Екі ассоциация» ойыны. Екі баған сызады да, оған төрт сөзден жазады. Бағанға кез келген адам, жануар, заттардың атын жазады. Осы екі жақтағы сөзді байланыстырып, ерекше бір ассоциация ойлап табуы керек. Мысалы егер бірінші бағанға мысық, екіншісіне жарық деп жазылса, екі сөзді қосып «жарыққа жылынған мысық», «лампочка спиралы мысық мұртына ұқсайды», «лампочка сияқты» мысық томпақ және жылы», «мысықтың басы лампочка сияқты» т.б. ерекше ұқсастықтар табады. Орындауға 5 минут уақыт беріледі. Жазғандардың ішінен ең қызықты ассоциация таңдалады.«Қара жәшік» ойыны.Оқушылар екі топқа бөлінеді. Стол үстіне екі жәшік қойып, ішіне көзілдірік, түйме, гүл, желпуіш, айна т.б. заттарды салады. Ойыншының міндеті жәшік ішіндегі затты өмірде қай кезде, қалай қолданатынын сипаттап айтуы керек. Қарсы топ оларды жасырып отырған затын айтқан сөздеріне қарап табуы керек «Жолға шығу» ойыны. Ойын айналадағы заттарға талдау жасауға мүмкіндік береді. Жолға шыққан жолаушы қандай заттарды алады? деген сұрақ қойылады.Бір топ керекті заттар тізімін айтады, екінші топ ол заттар не үшін қажет екенін айтып беруі керек.«Кемпірқосақ» ойыны. Бір минут ішінде түстері әртүрлі бес түсті затты ретімен тез айтып шығуға тапсырма береді. Мысалы: қарбыз (қызыл), лимон (сары), аспан (көк), жапырақ (жасыл), топырақ (қоңыр). Кімде-кім түске сәйкес заттың атын таппай қалса, ойыннан шығады.
Қазіргі білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі-жаңа технологияларды қолданудың әдіс-тәсілдері жайлы жазылған. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық,теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |