2.2. Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру
Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын тексеру, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады. Тексерудің тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П.Горбунов [1], Е.С.Березняк [12], В.И.Иващенко [13], А.К.Исаков [14], Е.И.Перовский [15], Н.В.Чертинский [16], В.О.Онищуктың [17] ғылыми педагогикалық еңбектерінде талданған.
Тексеру мен бақылауды ұйымдастырудың жекеленген әдістемелік мәселелері жайында М.Р.Рьвов [18], Н.Н.Светловский [19], А.П.Пышкало [20], Т.Л.Коган [21]және т.б. теориялық талдау жасаған. Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады. Себебі «тексеру», «бақылау», «бағалауды» ұйымдастырудың мәні, олардың оқу-тәрбие процесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау негізінде бұл мәселенің қалыптасуы мен дамуы динамикасын бірнеше кезеңге бөлуге болады. 20 жылдары үй тапсырмасын беру, білімді және емтиханды бағалауды оқыту процесі жүйесінде қарастырмайды, соның нәтижесінде оқушының үлгерімі сапасына мұғалімнің бақылау жасау орнына «бригадалық-лабораториялық» әдіс жүйесіне негізделген «өздігінен бақылаудың» түрлері кең көлемде тартылды. Ол бір жағдайда үлгерім нәтижесін бақылауда иесіздік, жауапкершілікке әкелсе, екінші жағдайда оқу сапасының төмендеуіне кері ықпалын тигізді. 30 жылдары білім, білік, дағды нәтижесін есепке алуды бақылау (Е.В.Гурьянов) [22] және тәрбиелік қызметіне (П.Г.Ананьев) [23] көптеп көңіл аудар бастады. 40-60 жылдары бұл мәселе төңірегінде отандық ғылым мен практика тәжірибесін жинақтау жұмысы қолға алынды. Онда білімді тексеру (Е.И.Петровский) [24], оқушыларды бақылау ретінде қарастырды. Оқушыларды бақылау және тексеру: әрі оқыту, әрі тәрбиелеуді көздесе, кейіннен оның дамыту қызметі ойластырылды. 80 жылдардан бастап оқуты нәтижесін ескеп алу, бақылау және бағалаудың мазмұны мен амал-тәсілдері мен қызметінің дидакикалық-әдістемелік негіздерін талдап, қолға алынды. Оның әділдігін, дәлдігін көтеруге бағытталған мәселелер, үлгерім нәтижесін есепке алуды қатаң және тәртіпке келтіру жүйесіне арналған жұмыстар қолға алына бастады. Дегенмен де, бүгінгі таңда оқыту теориясында білімді тексеру немесе бағаның мәні, тәсілдері жайлы әлі де болса ортақ пікір қалыптаспай отыр. Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау бір нәрсенің деңгейін, сапасын, нәтижесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал. Бақылаудың білім беру қызметі негізінде оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді. Тәрбиелік қызметі оқушылардың жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілік сезімдері артады.
Тексерудің негізгі мақсаты - баланың іс-әрекетін ынталандыру, олардың белсенділігін дамыту, дағдысын қалыптастыруға көмектесу. Бала алған білімді игеруі жою баянды етуі бойынша, оқу процесі барысында негекөңіл бөлу керек, қай жерде кемшілік жіберді, сол кемшілікті қалай түзету қажеттігін білгені дұрыс. Осыдан келіп ұстаз бен шәкірт арасында ынтымақтастық орнайды. "Ынтымақтастық педагогикасы" дегеніміз осыдан туындайды.
Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибелік қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі: әділдік, жан-жақтылық, жүйелілік, жеке-даралық, дифференциалдық және тәрбиелік.
Білім тексеру мен бағалауда біраз уақытын жеке оқушыға бөліп, не болмаса жазбаша бақылау жұмыстарын кешенді талдау арқылы бағаламақ болып көп уақытын ысырап етеді. Тексеру мен бағалаудың озық технолгиялық әдіс-амалдарын ойластырып жатпайды. Бұның соңы білім бағалаудағы субъективизмге әкеліп соғады: баға оқушы мен мұғалімнің өзара қатынасына негізделеді, өзге оқушылардың білім деңгейімен салыстырыла қойылады. Мұғалімдердің арасында бағаны оқушыға қысым көрсетудің, «қорқытып тәрбиелеудің» құралына айналдырушылар да кездеседі. Ондай сабақта тыныш отырмайтын оқушыларға да «екілік» қояды. Кейбір ұстаздар бағаны қалтасынан беретіндей тым сараңдық жасайды. Керісінше, «жақсы атты» болуға, оқушы тілін табуға тырысып, «жомарт апай, ағай» атануға ұмтылатын әріптестеріміз де жоқ емес. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен тексерудің түрлерін ұдайы толықтырып отыруды мұғалімнің өзі белгілеп, өзі таңдап алады.
Сайып келгенде мұғалімдер оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырушы, ұйтқы болуда. Мұғалімдер оқушыларға берілген сабақтағы әрбір тақырып бойынша өз ойларын дамытуға, әрі ойларын ірікпей, еркін жеткізуге, батыл да тапқыр шешімдерді шығаруға, ойларын өрбітуге болатын көптеген мысалдар, теңеулер келтіру арқылы қол жеткізуге болады.
Қазіргі әлемде жүріп жатқан жаһандану процесі мектептегі білім жүйесі мен оқушыны оқытып тәрбиелеуге де өз әсерін тигізе бастады. Мектептегі берілетін білімнің салмағын арттыру осы жаһандану алапатынан сақтаудың бірден-бір жолы деуге болады. Бұл өзекжарды мәселелер қазіргі білім беру үрдісіндегі оқушының білімін тексеруді дұрыс ұйымдастыруға байланысты орнын дәлелдейді.
1. Жаңа білімді беруде оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру. Оқыту процесінің қай кезеңінде қандай әдісті қолдану керектігі туралы жазылып қойған бұлжымайтын ереже жоқ, әрине. Және әдістемелік әдіс-тәсілдерді сабақ кезеңінде бөліп топтастыру мүмкін емес.
2. Білімді бекіту кезеңінде оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстары. Мұндай мұғалім материалдың ерекшелігін түсіндіреді де, ондағы айтылғанды оқушыларға мәтін бойынша өздері талдап, анықтауды ұсынады. Мысалы: оқушыларға өздері жасаған жоспарлары бойынша образдарға тілдік мінездеме беру тапсырылады.
3. Мұғалімнің түсіндіруінсіз оқушылардың өз бетінше жаңа білім алуын ұйымдастыру. Оқушылардың өз бетінше жұмыстары жаңа білім алуға үйретуде алдымен өз бетінше істейтін жаттығу жұмыстары ұйымдастырылады. Мұғалім баяндайтын, хабарлайтын тақырыптарды ойдағыдай меңгеру үшін оқушыларға оқитын қосымша әдебиеттерді атап, оларды қамтитын жоспар жасап көрсетеді. Осындай 1-2 жаттығудан соң мұғалім тапсырма беру әдісін өзгертеді.
4. Оқушылардың білімін қорыту, қайталау кезеңдерінде өз бетінше істейтін жұмыстарды ұйымдастыру. Оқыту процесінің маңызды бір кезеңі оқушылардың алған білімін қайталауы. Мұғалімдер тәжірибесінде қайталаудың күнделікті қайталау, тақырыптық, тоқсандық, жылдық қайталау сияқты кезеңдік түрлері бар. Бұларды «Мына тақырыпты қайталап келіңдер», «Осы анықтаманы өткен жылы өткен анықтама бойынша естеріңе түсіріп келіңдер, сыныпта қайталаймыз»-деген сияқты оқушылардың алдына ешқандай мақсат қоймайтын тапсырмалармен шатастыруға болмайды. Ал, анық мақсат қойылмаса, өткен материалдарды қайталау түрлендіріп ұйымдастырылмаса оқушы сабақтың бұл кезеңіне қызықпайды.
Дәстүрлі бағалауда -білім алушы оқытудың нәтижесінде нақтылық жоқ болатын, сандық бағамен бағаланатын өзінің қандай баға алғанын және не үшін алғанын түсінбейтін.
Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі. Білім алушыға да, ата-анаға белгілі критерийлер бойынша оқыту нәтижесін біліп отырады.
Формативті бағалау оқушылардың қай кезеңде, қай бағытта екенін анықтау және одан да зор жетістікке қалай жету керектігін жоспарлау үшін қолданылады.Формативті бағалау күнделікті сабақта үлкен роль атқарады, себебі күнделікті оқу жетістіктері мен кері байланыс оқушыларға өз оқуы туралы қортынды жасауға және нәтижені жақсарту үшін керекті шешім қабылдауға ықпал етеді.Формативті бағалау оқушының әр сабақтағы іс — әрекетін бағалайды. Бұл жерде оқушының сабақтағы белсенділігі, еркін өз ойын білдіруі, сыныптастарына көмектесуі, бірлесіп жұмыс жасауы т.б.жатады. Формативті бағалау баға қоюмен жүзеге асырылмайды. Мақтау, мадақтау, жылы шырай таныту, қолдау көрсету, ынталандыру формативті бағалаудың түрлері болып табыладыДәстүрлі бағалау:
-жоспарлау, оқыту және бағалау бір-бірінен бөлек үдерістер;
-бағалаудың бір ғана құралы немесе стратегиясы пайдаланылады;
-бағалау тек мұғалімнің билігінде;
-оқушылардың оқу нәтижелерін есепке алу мен есеп берудің бір ғана тәсілі қолданылады;
-оқушылардың жауаптары дұрыс жауаппен салыстырылады (біледі-білмейді);
-тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана тексеру жүргізіледі;
-бағалаудың жалғыз мақсаты – қойылатын бағаны анықтау;
-оқушылардың ағымдық білімі мен оқу тәжірибесін бағалау тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана жүргізіледі.
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері
Критериалды бағалау міндеттері:
-Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
-Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;
-Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;
-Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;
-Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
-Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.
Критериалды бағалаудың артықшылықтары:
-Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;
-Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады;
-Үлгі (эталон) оқушыларға алдын-ала белгілі;
-Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі;
-Білім берудің сапасы артады;
Критериалды бағалау:
Мұғалімдерге:
-Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;
-Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;
-Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;
-Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;
-Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
-Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді
Оқушыларға:
-Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;
-Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;
-Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге.
-Ата-аналарға:
-Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;
-Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;
-Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау – оқушылардың білім жетістіктерін ұжыммен келісілген, оқу үрдісіне қатысушыларға алдын-ала белгілі, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негізделген үрдіс.
Оқушылардың танымдық қызметін дұрыс қалыптастырудағы өз бетімен жұмыс істеу процесінің сапасын тану, алған қойған барлық міндеттердің бірі болып табылады. Оқушылардың білімін тексеру барысында жұмыс істеу дағдыларын тәрбиелеу бала мектепке келген күннен, мектепті бітіріп шыққанға дейін жүргізіліп отыратын процесс.
Соңғы жылдары қазіргі жаңашыл мектептерде оқытудың әдістеріне көп көңіл бөлініп, ол іс жүзінде қолданылуда. Осындайдың бірі оқушылардың ой-өріс қабілеттерін дамытып, оны сабақтарында дәйекті түрде пайдаланып, бүкіл ұжым болып осы іске бет бұрған мектептер баршылық.
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, тексеру, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептелінеді. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, тексеру, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыдан білім, білік, дағдыны есепке алу және тексеру мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздығы ерекше.Оқушылардың білімдерін тексеруді жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Тексерудің тиімділігін артырып, тексерудің жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен тексерудің түрлерін ұдайы толықтырып отыруды мұғалімнің өзі белгілеп, өзі таңдап алады. Бақылау - жаза емес. Бақылау мәдениетті жүруі тиіс. Бақылау процесін де мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп, ыстық сезіммен "көмектесейін" деген ниет білдіруі керек. Оқушы бір нәрсені түсінбесе оны ұрыспай, балағаттамай, өрескел мінез танытпай көмектескені жөн. Оқу тәрбие процесін басқару педагогикалық процесстің тиімділігі мұғалім мен оқушының арасындағы кері байланыстың жеделдігіне, сондай-ақ оқушыларға жасалған реттеуші ықпал әсердің шамасы, сипаты және негізділігіне орайлас келеді.
Технология - грек сөзінен алынғанда техно (өнер, қолөнер, ғылым) және логотиптер (тұжырымдама, оқыту) деген мағынаны білдіреді. Білім берудегі заманауи технологиялар жаңа білім беру парадигмасын жүзеге асырудың құралы ретінде қарастырылады. Білім беру технологияларының даму тенденциялары білім беруді ізгілендірумен тікелей байланысты, жеке тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал етеді. «Білім беру технологиялары» термині «оқыту технологияларына» қарағанда анағұрлым сыйымды, өйткені оқыту сонымен қатар, оқушылардың жеке қасиеттерін қалыптастыру мен дамытумен байланысты тәрбиелік аспектіні қамтиды. Педагогикалық технологиялар дегеніміз - басымдықты жалпы білім беру мақсаттарымен, тұжырымдамалық өзара байланысты міндеттермен және мазмұнмен, білім беру процесін ұйымдастырудың формалары мен әдістерімен біріктірілген әдістер мен әдістердің күрделі жүйелері, мұнда әр ұстаным басқалар үшін із қалдырады, бұл сайып келгенде белгілі бір жағдайлар жиынтығын жасайды. Білім беру технологиясы бұл - әдіс-тәсілдер, қадамдар жүйесі, оны орындау дәйектілігі оқушының жеке басын оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді, ал іс-әрекеттің өзі процедуралық, яғни белгілі бір әрекеттер жүйесі ретінде ұсынылады; педагогикалық процестің компоненттерін кепілдендірілген нәтиже беретін іс-әрекеттер жүйесі түрінде әзірлеу және процедуралық іске асыру болып саналады. . Мұғалімдердің міндеті - баланың жеке басын қалыптастыру процесінде білім, білік, дағды жинақтауға бағытталған дәстүрлі оқытуды өзгерту. Оқу процесінде оқушының танымдық және шығармашылық қызметін жүзеге асыру үшін білім беру сапасын арттыруға, оқу уақытын тиімді пайдалануға және үй тапсырмасына бөлінетін уақытты азайту арқылы оқушылардың репродуктивті белсенділігінің үлесін төмендетуге мүмкіндік беретін заманауи білім беру технологиялары қолданылады. Заманауи білім беру технологиялары даралауға, оқу процесінің қашықтығы мен өзгермелілігіне, білім деңгейі мен жасына қарамастан оқушылардың академиялық ұтқырлығына бағытталған. Мектепте оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың кең спектрі ұсынылған.
Денсаулық сақтау технологиялары. Мен денсаулықты сақтайтын технологияларды сабақ барысында да, сабақтан тыс уақытта да қолданамын. Менің ойымша, адамның денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру - қазіргі адамның жетістігі үшін қажет. Денсаулық сақтау тәсілі сабағымның барлық кезеңдерінде байқауға болады, өйткені ол іс-әрекеттің нақты ауысуын қарастырады. Біздің бүгінгі міндетіміз - балаға денсаулығын сақтау мен нығайтудың түрлі әдістері мен тәсілдерін үйрету деп санаймын. Оқу-тәрбие процесінде денсаулықты сақтайтын технологияларды кешенді қолдану шаршауды азайтуға көмектеседі, эмоционалды көңіл-күйді жақсартады және жас балалардың еңбекке қабілеттілігін арттырады.
Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль балалардың да, педагогтердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта балалардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Сыни ойлауды дамытудың негізгі әдіснамалық әдістері:
1. «Кластер» қабылдау бөлмесі
2. «Кросс-дискуссия» техникасы Педагогикалық технология - бұл мұғалімнің іс-әрекетінің құрылымы, оған кіретін барлық әрекеттер белгілі бір дәйектілік пен тұтастықпен ұсынылады, ал іске асыру қажетті нәтижеге қол жеткізуді болжайды және болжамды сипатқа ие болады. Бұл технологиялардың артықшылығы оқушылардың өзіндік жұмысының рөлі мен пропорциясын күшейтіп қана қоймай, сонымен бірге басты назарда жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту, білім беру процесін даралау және саралау, тиімді өзін-өзі бақылау және оқу нәтижесін өзін-өзі бағалауға ықпал ететін технологиялар болады. Оқытудың басымдығы оқушылардың белгілі бір білім, білік және дағдыларды игеруі емес, оқушылардың өз бетінше білім алу, білім алып, оны өңдей алу, қажет нәрсені таңдау, оны мықты есте сақтау және басқалармен байланыстыру қабілеті болуы керек.
Инновациялық технологияларды кеңінен енгізу мектеп оқушыларының білім сапасын, танымдық белсенділігі мен оқу мотивациясын жақсартуға жағдай жасайды. Қазіргі білім беру технологияларын қолдану нәтижесінде: - Мен оқытатын пәндер бойынша білімнің тұрақты сапасы (65-75%), мен жұмыс істейтін сыныпта оқушылардың 100% оқуы. - Оқушылардың мотивациялық сферасын диагностикалау нәтижелері оқу-танымдық мотивтердің тар көзқарастарға қарағанда басым екенін көрсетеді. Осылайша, мен тиімді қолданатын осы технологиялар - баланың жеке басын дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін анықтау, физикалық және психикалық денсаулықты сақтау және жақсы нәтижелерге қол жеткізуді жоспарлауға маған мүмкіндік береді.
Инновациялық технологиялар көмегімен оқу-тәрбие жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыруға күш жұмсай отырып, мен пәндік олимпиадаларда, шығармашылық интеллектуалды жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткіземін, бұл оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, белсенділігі мен шығармашылығын дамытуға ықпал етеді. Оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым- бастауыш сыныптардағы барлық пәндер үшін маңызды болып табылатын қарым-қатынас жасау дағдылары. Сондықтан да оқушыларға осы төрт дағдыны барынша жетілдіруге мүмкіндік берудің маңызы зор. Нақты белгілі бір дағдыны жақсарту тәсілдерінің бірі - осы дағдыларға ерекше назар аудара отырып, содан кейін бірнеше тілдік дағдыны қамтитын жаттығуларды біртіндеп енгізу болып табылады. (Wallace, Stariha &Walberg, 2004). Мысалы, тақырыпты талқылау тиісті лексиканы қолдануды көздейді, сол арқылы оқылым бойынша тапсырмаға қызығушылық туғызады, осыдан кейін оқығанның негізінде жазбаша тапсырма орындаудың үлгісі ұсынылады. Дағдыларды осылайша біртіндеп енгізудің тағы бір жолы – аудио-мәтін тыңдап немесе бейнематериал немесе бейнематериал көрсетуге болады, содан кейін пікірталас жүргізуге немесе жазбаша тапсырма орындауға болады.
Бастауыш білім беруде негізгі коммуникативті дағдыларды қалыптастыруда белсенді оқудың стратегияларының сипаттамасына тоқталатын болсам: Белсенді оқу - оқушыларға эксперимент жасауға, мағына құрып, түсінік қалыптастыруға, жаңа білім мен бұрынғы меңгерілген білімнің арасында байланыс орнатады, қателік жіберу, барынша терең түсінуге жетелейді.
Бірлескен оқу - құрылымдалған топтық жұмыс. Тұлғааралық және қарым- қатынас дағдыларын жақсартады; оқушылардың арасындағы кедергілерді жояды.
Саралау – әр оқушының оқудағы жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру: түсінік пен дағдыларының дамуын қамтамасыз етеді;
Өз күшіне сенім мен уәжді арттырады; Оқушыларға идеяларды терең түсінуге көмектесе отырып шығармашылыққа ынталандырады;
Барлық оқушылар үшін пайдалы;
Барлық оқушылардан күтілетін нәтижені арттыра алады;
Моделдеу - сарапшы мысал келтіреді және оны көрнекі үдерістердің көмегімен түсіндіреді: Оқушыларға пән мазмұнын зерделей отырып, сарапшы ретінде ойлануға жетелейді; Оқушылардың барынша тәуелсіз болуына жағдай жасай отырып, тапсырманы кезеңдерге бөледі;
Үдеріс барысында рефлексия жасауға ынталандырады. Электронды оқу және жаңа технологияларды пайдалану:
• Белсенді оқудың қызықты құралдарын ұсынады;
• Уәждеу құралы бола алады;
• Зерттеу, қарым -қатынас жасау, бірлесу және жүзеге асыру үшін қолдана алады;
• Оқушыларға ақпарат іздеуге және өздерінің жеке құралдарын табуға мүмкіндік бере отырып, тапсырманы орындауда өз үлесін сезінуіне мүмкіндік береді;
• Сыныптан тыс оқуға мүмкіндік береді. Оқу диалогтері – оқушылардың тапсырмаларды талқылауы
• Тапсырмаға өз үлесі бар екенін сезіндіреді;
• Оқушылардың өзара білімі мен дағдылар алмасуына жағдай жасайды;
• Барынша терең түсінуге ынталандырады;
• Оқушылардың өздерінің ілгерілеуі туралы рефлексия жасауына және әрі қарай не істеу керектігі туралы шешім қабылдауына мүмкіндік береді;
• Оқушыларды қызықтырады және уәждейді. Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру • Оқудың дұрыс жүріп жатқанын білу мақсатында оқуды тексеру және кері байланыс ұсыну;
• Уәждік және өзіндік бағасын арттырады;
• Оқыту үдерісіне бағыт береді;
• Оқушыларға оқу үдерісін жақсартуға мүмкіндік береді;
• Оқушыларға барынша тиімді оқу жолдарын түсінуге көмектеседі.
Пәнаралық байланыс – Оқу пәндері арасында байланыс орнату
• Білім беру бағдарламасына тереңдік пен тепе -теңдік береді;
• Терең білім алуға мүмкіндік береді;
• Көптеген дағдыларды ұсынады;
• Түсінік пән дағдылардың дамуына көмектесе алады;
• Оқу үдерісінің маңыздылығының барынша арттыруға көмектеседі;
• Оқушыға деген уәжді барынша арттыра алады.
Бастауыш мектепте оқытудың өзекті дағдыларын қалыптастыру барысында сабақ жоспарын жасағанда сабақтың басында, ортасында және соңында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білу – мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Дағдылар Белсенді оқыту әдіс – тәсілдері Сипаттамасы Тыңдалым «Сөздік» жұмысы. Оқушылар мәтінді тыңдайды және таныс емес сөздерді жазып алады. Сол сөздермен жеке немесе жұптасып жұмыс істейді. «Төрт сөйлем» тәсілі
1. Пікір. мәтін бойынша өз пікірін бір сөйлеммен жазады.
2.Дәлел.Өз пікірін дәлелдейді
3.Мысал.өмірмен байланыстырып,мысал айтады
4. Қорытынды.
Тақырып бойынша қорытынды шығарады. Тыңдаған материалдан қажетті ақпаратты іріктеп алуға дағдыландырады. «Үш қадамды сұхбат» стратегиясы. Әр топ тақырыпқа байланысты бір-біріне тыңдалған мәтін бойынша 3 түрлі сұрақ, пікір айтып талқылайды. Негізгі ақпаратты анықтайды. Тыңдай отыра оқушы өз пікірін айтуға, ойын дәлелдеп сөйлеуге дағдыланады. Айтылым «Ақылдың алты қалпағы» әдісі. «Ақ қалпақ» қажетті ақпаратты анықтап сөйлейді. «Сары қалпақ» тақырыптың тиімділігін сендіре айтады. «Қара қалпақ» тақырып бойын-ша кемшіліктерді анықтайды. «Қызыл қалпақ» тақырып бойынша болжам жасайды. «Жасыл қалпақ» креативті,жаңа идеялар «Көк қалпақ»тақырыпқа сараптама жасайды. Тақырып бойынша әр оқушы ақпаратты анықтап, болжам жасауға, өз ойын айтып,сараптама жасауға дағдыланады. «ПОПС» формуласы. Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... » Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » Үшінші сөйлем «Оны мен мына факті-лермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » Соңғы сөйлем «Осыған байланыстымен мынадай қорытынды шешімге келдім .... ». Айтылған пікір қайталанбауы керек, дәлелмен сөйлей білу керек. Ойын тұжырымдап, нақты жеткізуге бағыттайды. Оқылым «Пирамидалық талқылау» стратегиясы Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ пікір қалыптастырады. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір - бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды. Стикерлермен жұмыс Жаңа сөздерді жаттаудың бірнеше жолы бар. Яғни жазылған сөздерді бір рет оқып, 1 сағаттан кейін қайта қарау. Бір тәуліктен кейін қайталап оқып, мағынасын еске түсіру.Бір аптадан кейін тағы бір оқып шығу және бір айдан соң тағы қарау. Бұл әдісті жүйелі орындау, сөздерді ұзақ есте сақтауға мүмкіндік береді. Жазылым «Фишбоун» белсенді оқыту әдісі. Пайдаланатын мақсаты: Мәселені/тақырыпты талқылауға арналған жаттығу Орындалу барысы: басы – тақырыптың мәселесі, үстіңгі сүйектері –тақырып-тың негізгі түсініктері, астыңғы сүйек-тері – себептері, құйрығы – мәселенің шешімі. Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек, олар тірек сөздерден немесе тақырыптың негізгі ойын ашатын фразалар болуы мүмкін «Қарлы кесек» тәсілі Мысалы мақал-мәтелдер туралы мәтін оқыған соң мақал-мәтел жазылған қағазды умаждап, бір-біріне лақтырады. Тосып алған оқушы сол мақалдың мағынасын ашып, түсіндіруі керек. Көпшілік білетін мақалдардың тізімін жасайды. Ең көп мақал жазған оқушылар өз тізімдерін сыныпқа оқиды, ал басқалары кейбір мақалдарды немесе сол мақалдарға қатысты сұрақтарды өз тізімдеріне қоса алады
Мұғалім – әдіс түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың тындалым мен айтылым дағдылары арқылы өздігімен жұмыс істей білуге, оқылым және жазылым дағдылары арқылы ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі әдістер мен шеберліктерді меңгеру арқылы қол жеткізуге болады.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу үрдісінде интербелсенді әдіс-тәсілдер түрлерін пайдалану біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын белсенділігін арттырып сапасын көтеру болып табылады. Тұйық оқушылар сабаққа ынтасын артады және мінез құлқы қалыптасады. Оқуғадеген таным қабілеті артады. Оқушы ойын үстінде білімді игеріп жатқанын , ал оқу үрдісінің ойынға қалай ұласып кеткенін аңғармай қалуға тиіс. Сонда ғана ойын мен оқу табиғи үйлесімді болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Әр ұстаз оқу- тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдіс - тәсілдерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз.
Қорыта айтқанда, бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында өз кәсіби біліктілігімізді шыңдап, құзыреттілігімізді қалыптастырсақ қана тиімді нәтижеге жетеміз деп сеніммен айта аламын.Сабақты талдау оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін бағалауда өте жиі қолданылады. Сабақта оқушылардың да, мұғалімнің де іс-әрекетін бақылауға болады, ол материалды меңгеруде пайда болатын қиыншылықтардың себебін білуге, сондай-ақ оқытудың тәрбиелік сипатын тексеруге мүмкіндік береді. Тұтастай оқыту процесінің жетістігі, негізінен, сабақтың сапасына байланысты. Сабақта, орталық нүкте сияқты, педагогтің барлық іс-әрекеті, оның ғылыми дайындығы, педагогикалық дағдылары, оқушылардың ойлау жұмысын ұйымдастыру қабілеттілігі шоғырланады.
Сабақтың шынайы құныдылығы – оның нәтижесі: оқушылардың материалды меңгеруінің дәрежесі. Мұғалім сабақта сырттай тиімді тәсілдердің қандайын қолданса да, оқушылар тақырыпты меңгермесе, сабақты дұрыс өтті деп айтуға болмайды. Сабақта оқушы тек түсініп қана қоймай, білімнің белгілі бір мөлшерін меңгеріп, қажетті дағдылар мен біліктерді дамытуы керек.
Сабақтың талдауы белгілі бір сызба арқылы жүргізіледі және ол бақылап-зерттеудің міндеттеріне қарай өзгеріп отырады. Жалпы түрінде бұл сызба келесі позицияларды айқындаудан тұрады:
Мұғалім белгілеген сабақтың мақсаты мен міндеттері; оларды орындау үшін сабақтың қандай түрі таңдалады.
Сабақтың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес жұмыстың тәсілдері мен әдістері қаншалықты терең ойластырып, тандалып алынды.
Оқу процесіне деген қазіргі заман талаптары дұрыс жүзеге асып жатыр ма, сабақта оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту біртұтастығы орындала ма.
Сабақ ұйымдастырылуы жағынан қаншалықты дұрыс ойластырылып, жүзеге асырылған (өз уақытында басталуы, жүзеге асырылу уақыты мен материалдың көлемі жағынан, сабақтағы жұмыс минутының тығыздығы жағынан сабақтың әрбір құрамдық бөлігінің ойластырылуы.); оқытуда даралық әдіс қолданылған ба, үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жүргізілді ме.
Оқушылардың сабақтағы белсенділігі қандай, олардың жаңа білім алуға деген ынта-ықыласы бар ма.
Сабақтың тәрбиелік, дамытушылық және оқыту мақсаттары жүзеге асырылды ма.
Сабақты түпкілікті, тұрақты критерилер негізінде абстрактілі талдауға болмайды. Ең алдымен, әрбір сабақта жұмыстың барлық тәсілдері мен әдістерін іздеу қажет. Сабаққа талдау жасағанда келесі нақты жағдайларды ескеру керек:
Тақырыптың ерекшеліктері. Кейбір сабақтарда көрнекілік және техникалық құралдарды қолданудың, оқушыларды тақтаға шығарудың, кітаппен жұмыстың қажеті болмауы мүмкін.
Мектеп мүмкіндіктері, бөлмелердің, техникалық және көрнекті құралдардың, кітапханадағы қажетті кітаптардың, мектеп маңындағы алаңдардың болу-болмауы. Сабақты талдағанда мұғалімнің материалды терең оқып-білу үшін барлық қажетті заттарды қолданданғанына көңіл бөлу керек, алайда, сонымен қатар, нақты орындалатын талаптар қою керек.
Сынып құрамы, оқушылардың дамуы мен қабілеттілігінің деңгеі. Сабақ туралы пікір оқушылардың жауабы, бақылау жұмыстары, сыныптың дайындығы негізінде құралатыны белгілі.
Мұғалімнің даралығы, оның жұмыс стажы, дайындық деңгейі, мінез-құлқының ерекшеліктері, денсаулық жағдайы, жұмыстың бұрыңғы нәтижелері.
Сабақтың талдауын сыртқы сараптамалық бағалаудың түрі ретінде қарастыруға болады. Сыртқы сараптамалық бағалау – бағалайтын құбылысын жақсы білетін және оған дұрыс, объективті баға бере алатын адамдар – сарапшылар пікіріне сүйенетін зерттеу әдісі. Сондықтан сабақ талдауын мектеп басшылығының өкілдері немесе тәжірибелі әріптес-ұстаздар жүргізеді. Сабақтың нәтижесін техникасының сызбасы талдау баспадан бірнеше рет жарық көрді. Ең орынды және дұрысы келесі сызба: педагог, өз пікірнеше, неге жете алды, неге жете алмады деген сияқты өз сабағы туралы әңгімелейді; содан кейін барып сарапшы (жетекші) сабақтың дұрыс деген жақтарын ашады; осыдан кейін ғана дұрыс емес жақтарына талдау жасау керек; ең соңында сәтсіздіктерді қалай жеңу керектігі туралы ұсыныстар жасалады; талдау соңында педагогке өз пікірін білдіру үшін сөз беріледі, шығармашылық ғылыми айтыс, әңгіме жүргізіледі.
Психологиялық бақылау мен диагностика – психологттің педагогикалық ықпал-әсер нәтижелілігін анықтау мақсатында жүргізетін тексеру шараларының жиынтығы. Тексеру шаралары, негізінен, жай ғана бақылаудан, сабақтың психологиялық талдауынан, тесттерден тұрады. Психологиялық диагностикада белгілі бір психологиялық міндеттерді орындау үшін арнайы таңдалып алынған бірнеше әдістерді қолданады.
Психологиялық диагностиканың ең көп тараған түрі тест. Психодиагностикада тестер арқылы белгілі бір зерттелетін психалық сипаттардың даму дәрежесінің салыстырмалы сандық және сапалық көрсеткіштерін алуға болады. Мұндай тест дәлдік, беріктік, объективтілік талаптарына сай болу керек. Тестің беріктігі дегеніміз оның сол нәтижелерді бірнеше рет, ұқсас жағдайларда көрсетуі. Дәлдік дегеніміз тестің тест жасаушысы өлшегісі келетін дәл сол психологиялық құбылыстарды тауып, өлшеуі. Айтылғандардан белгілі болғандай, бұндай тестерді жасау мен қолдану арнайы білім мен уақытты қажет етеді. Сондықтан психологиялық диагностиканы тек қана психолог-маман жүргізуі керек. Алынған мәліметтер негізінде психолог мұғалімге оқу-тәрбие процесін психологиялық қамтамасыз ететін кепілдеме дайындайды.
Осылайша, оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін тексеру тұтас болу керек, ол жүйеде өткізілуі керек. Оны жүзеге асырумен мамандардың барлығы: ұстаздар, оқу мекемесі басшылығының педагогтары, психологтар, әдіскерлер айналысуы керек. Мектептерде педагогикалық іс-әрекет нәтижелерін есепке алу мен бағалау мектеп ішіндегі бақылауға еңгізілген.
Оқушылардың білімін есепке алу және бағалаудың қалыптасқан түрлерінің негізгі кемшіліктерінің бірі – оқушылардың бақылау жұмыстары мен өздігінен істейтін жұмыстарын күнделікті тексеру кезінде мұғалім өнімсіз еңбекпен көп шұғылданады. Білім тексеру мен бағалауда біраз уақытын жеке оқушыға бөліп, не болмаса, жазбаша бақылау жұмыстарын кешенді талдау арқылы бағаламақ болып көп уақытын ысырап етеді. Тексеру мен бағалаудың озық технологиялық әдіс-амалдарын ойластырып жатпайды. Бұның соңы білім бағалаудағы субъективизмге әкеліп: баға оқушы мен мұғалімнің өзара қатынасына негізделеді, өзге оқушылардың білім деңгейімен салыстырала қойылады. Мұғалімдердің арасында бағаны оқушыға қысым көрсетудің, «қорқытып тәрбиелеудің» құралына айналдырушылар да кездеседі. Ондайлар сабақта тыныш отырмаған оқушыларға да «екілік» қояды. Кейбір ұстаздар бағаны қалтасынан беретіндей тым сарандық жасайды. Керісінше, «жақсы атты» болуға, оқушы тілін табуға тырысып «жомарт ағай, апай» атануға ұмтылатын әріптестеріміз де жоқ емес. Түптеп келгенде осы әрекеттердің бәрі оқушылардың сабаққа байланысты еңбегіне жасалған қиянат.
Бұл – жекелеген мұғалімдердің өз мамандығы бойынша теориялық білімі таяз, әдістемелік шеберлігі төмен, педагогика мен психологиядан білім деңгейі әлсіз, дидактикалық озық тәжірибелерді күнделікті жұмысына шығармашылықпен пайдалана алмайды деген сөз.
Оқушы білімін есепке алу мен бағалаудың бір жүйеге түсірілген, ғылыми негізделген критерийлер жасалмағандығын есепке ала отырып, мектепте қазақ тілін оқытуда жинақталған біраз тәжірибелерім мен зерттеу-сараптау жұмыстарым жайлы ой бөліспекпін.
Менің көп жылдық тәжірибеден түйгенім: білім бағалаудың бұлжымас төрт ұстанымы бар. Біріншіден, бағалау және баға – оқу үрдісінің ажырымас біртұтас құрамдас бөлігі. Бұл үш дәйектемеден тұрады:
а) Бағалау – ынталандыру әдісі мен құралы, оқыту мен оқудың қозғаушы факторы;
ә) Бағалау – емтихан не сынақ алу – білім сапасын жетілдірудің, оқышының басқа да қасиеттерін дамытудың, ұштаудың кепілі;
б) Бағалау мұғалім мен оқушының жан-жақты ынтымақтастық қарым-қатынасын қалыптасырады, жағымды ықпал етеді.
Екіншіден, бағалау және баға оқушыларды өмірге үйретеді, дайындайды, бейімдейді. Бұл ұстанымда өзара сабақтас үш дәйектемеден тұрады:
а) Үлгірімді жоғарылату ісіне етеді;
ә) Тәрбиенің маңызды құралы;
б) Оқушылардың белсенділігі тасын арттырудың құралы.
Үшіншіден, бағалау мен баға барлық оқушылардың дамуына ықпал етеді.
Төртіншіден, бағалау әрқашанда әділетті сипатта болуы керек, сонда ғана оның ғылыми-дидактикалық тұрғыдан нәтижелілігі қамтамасыз етіледі.
Өзін-өзі бағалау кіші жастағы оқушының өзінің табыстары мен сәттіліктерін, оқу мақсатына қарай жылжудың сипатын бағалауға мүмкіндік береді. Б. Ананьев өзін-өзі бағалауды оқыту үрдісінде жүзеге асатын тұлғалық білім алу, белсенді қалыптасу ретінде қарыстырады, оның оқушының оқу-танымдық әрекетіне маңызды ықпалы бар екіндігін айтады [25]. Оның пікірінше, оқу үрдісінде өзін-өзі бағалаудың қалыптасуы, педагогтердің, сыныптағы және отбасы тұрмыстық ортаның ықпалымен жүзеге асады. Ол «оқушыда оның білімдері, жетістіктері мен үлгермеушілігі жайлы түсінік тоқсанның аяғандағы бекітілген үлгірім бойынша ғана емес, сондай ақ, оқу үрдісінде жекелеген парциальдық бағалар бойынша да қалыптасатындығын, мұғалімнің жеке парциальдық бағалауы неғұрлым айқынырақ, нақтырақ болса, оқушының білімге соғұрлым бейімделе түсетінің» атап көрсетеді.
Бұл ұстанымдардың А. Липкина зерттеулерінде әрі қарай дамытылғаның көреміз [26]. Автор кіші жастағы оқушының өзін-өзі бағалауының қалыптасуына ықпал ету оқу пәндерінің мазмұны мен оқыту әдістерімен, оқыту үрдісінде оқушылар арасында орнатылған қарым-қатынастар жүйесімен анықталатындығын айтады. Кіші жастағы оқушының өзін-өзі бағалауын қалыптастыру негізіне оқушының әрекетке қосылуы ғана емес, сондай-ақ, оның нәтижелерінің бағалануы қажет деп есептейді.
Ш. Амонашвилидің пікірінше, өзін-өзі бағалауды қалыптастыру үшін жеке бағалаушылық пайымдауда оқушы бетке ұстайтын ерекше бағалау өлшемдері құрылуы қажет. Ол, «белгілі бір үлгі өлшемдерді, олармен жұмыс істеу жолдарын меңгерген бағалаушылық пікірлер үлгілерін, жолдастарының жұмыстарына қатысты мазмұнды бағалау тәжірибесін игерген оқушы өзінің жеке оқу-танымдық әрекетіне бағалау бөлігін белсенді енгізе алатындығын» атап көрсетеді [27].
М.Львов зерттеулерінде кіші жастағы оқушының өзіндік бағалауын қалыптастырудың маңызды қыры ашылады [28]. Оның пікірінше, оқушыны әрекет субъектісі ретінде қалыптастырудың келесі міндеті мынадай шарттармен қамтамасыз етіледі:
- сыныптағы еркін хал ахуал;
- мұғалім тарапынан оқушыларға сенім білдіру және құрмет;
- жаңа білім алуда оқушыларға дербестік берілуі;
- мұғалімнің әрбір оқушының оқуға көңіл күйін, қызығуын, қабілеттерін назарға алуы;
- жалпы мәдени жағдай, мұғалім мен оқушылар дамуының жоғары деңгейі.
Н. Калашникова [29] мен Ю. Иванов [30] өзіндік жұмыс үрдісінде және кіші жастағы оқушыларды оқытуда жеке компьютерлерді қолданып оқу әрекетін қалыптастыруды зерттей келе, өзіне-өзі баға беруді күрделі ерекше оқу әрекетіне айналдыру үшін мұғалімнің оқу міндеттерін белгілеу жеткіліксіз деген тұжырымға келген. Олардың пікірінше, болжаушылық және өткенге мән берушілік өзін-өзі бағалауды қалыптастыру, сондай-ақ, оқу әрекеті құрылымының тұтастығын сақтауды қамтамасыз ету үшін оқыту үрдісінде әр оқушыға арналған оқу міндеттерін жете түсіну, қабылдау және құрастыру кезеңі қарастырылуы қажет. Бұл пәндік әрекет етудегі өзін-өзі бағалауды қалыптастырудың жаңа қырын ашады, алайда, кіші жастағы оқушыны оқытуға мұндай кезеңнің енгізілуі оның құралдары мен тәсілдері жайлы мәселені шешуді қажет етеді.
Сонымен, психологиялық-педагогикалық әдебиетті талдау жасау келесі тұжырымға келуге негіз болады, өзін-өзі бағалау оның кіші жастағы оқушының оқу-танымдық рөлі тұрғысынан екі аспектіде қарастырылады.
Өзін-өзі бағалау бағалау оқыту үрдісінде белсенді қалыптасатын тұлғалық білім алу ретінде алға шығады және кіші жастағы оқушының оқу-танымдық әрекетіне маңызды ықпал жасайды.
Өзін-өзі бағалау – оқу әрекеті тұтастай құрылымының ерекше бөлігі, оның қызметі кіші жастағы оқушы осы әрекет субъектісі ретінде оқу міндеттерін шешуде оның қаншалықты алға жылжығаның анықтай білу болып табылады.
Кіші жастағы оқушылардың өзін-өзі бағалауын және оның оқу-танымдық әрекеттегі рөлін зерттеу үшін біз А. Липкинаның «Үш баға» әдістемесін пайдаландық. Бұл әдістемені жүзеге асыру үшін оқушыларға математика бойынша тапсырманы (өткен материал негізінде) жазбаша түрде орындау ұсынылады. Біз оқушылардың жұмысын үш бағамен: теңбе-тең, көтермеленген, төмендетілген деп бағаладық. Нәтижелерді тарату алдында балаларға олардың жұмысын түрлі мектептен үш мұғалімнің тексергенін және әрбір мұғалімнің орындаған тапсырма жөнінде өз пікірі болғандықтан, олар түрлі баға қойғандығын хабарладық. Бұдан соң әрбір балаға ол өзі келіскен бағаны дөңгелектеп белгілеп қою ұсынылды. Әрі қарай жеке әңгімелескенде, балалар мыңа сұрақтарға жауап берді:
Сен өзінді қандай оқушымын деп санайсың? (Орта, әлсіз, әлсіз немесе күшті).
Қандай бағалар алғанда қуанасың, қандай бағалар қынжылыс туғызады?
Сенің жұмысың «үш» деп бағалауға лайық, алайда, мұғалім саған «бес» қойды. Сен бұған қалай қарайсың, қуанасың ба, әлде қынжылыс білдіресің бе?
Кіші жастағы оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейі мынадай көрсеткіштер бойынша алынған мәліметтер анықталады.
Өзін-өзі бағалаудың мұғалімнің теңдес бағалануына сәйкес келмеуі.
Өзін-өзі бағалау дәлелдемелерінің сипаты: а) орындалған жұмыстың сапасына бағдарланған дәлелдеме; ә) кез келген басқа дәлелдемелер; б) оқушының өз-өзіне шығарған бағасы мен қойылған сұрақтарға жауаптардың сәйкестігі дәрежесі талқылынған өзіндік бағалаудың беріктегі немесе босаңдығы.
Жүргізілген зерттеу әрбір оқушыда қалыптасатын бағалаушылық ұстанымын анықтауға мүмкіндік берді. Кіші жастағы оқушылардың (әсіресе үлгерімі нашарлардың) бағалаушылық ұстанымын анықтаудың қалыптаса бастаған маңыздылығын отандық психологтер зерттеулерінде дәлелденеді, олар үлгерімі нашар оқушыларда уақыт өте келе мүмкіндіктерін жете бағаламаушылық тенденциясы артады деген тұжырымға келді. Үлгермеушіліктің жетістіктен басым тұруы олардың жұмысының мұғалімнің төмен бағаларымен бекітіле түсуі өзіне-өзі сенімсіздікті арттырып, жарамсыздықты сезінуге және нақты мүмкіндіктермен салыстырғанда талаптану деңгейінің төмендеуіне алып келеді.
Бір жағынан оқудағы табыстар өзін-өзі бағалауға ықпал етуі мүмкін, ал екінші жағынан, кіші жастағы оқушының мұғалімнің жауаптары көмегімен өзін-өзі бағалаудың жақсаруы оқу-танымдық әрекеттегі үлгерімінің артуына алып келуі мүмкін. Мұғалім – кіші жастағы оқушы балалар үшін ең маңызды тұлға, баланың өзін және айналаны қабылдауы көбіне оның қарым-қатынасына тәуелді. Сондықтан, бастауыш сынып мұғаліміне өзін-өзі бағалауды жалпы оқу білігі ретінде қалыптастыру үшін мына жағдайларды қамтамасыз етуі қажет деп сеніммен айтуға болады.
Оқу-танымдық әрекет үрдісінде балаларда өзін-өзі жағымды бағалауды қалыптастыруға ықпал жасау.
Балалардың дербес және шығармашылық тұрғыдан көрінулерін ұдайы дамыту.
Әрбір балаға оған деген қызығу көзқарасының бар екендігін сезіндіру, мұның өзі балада қорғаныш сезімін, өздерінің күштеріне сенімділікті туғызады.
Бұл шарттар сақталған жағдайда кіші жастағы балалардың төмендегідей біліктерді меңгеруіне туады:
|