Этикалық бірігу – этикалық қауымдарды жақындату процесі.
Этносаралық мәмле (компрамисс) – этностардың, этникалық топтар арасында олардың өкілдерімен өзара келісімге келу.
Этникалық контакт – түрлі ақпараттар және мәдени құндылықтармен алмасу барысында нақты халықтар өкілдерінің бір-біріне ықпалын тигізетін этносаралық әрекеттестіктің формасы.
Контент-талдау - құжаттарда, әдебиеттерде, бейнетаспаларда сұхбаттастардағы және т.б. ақпараттарды талдау және т.б. ақпараттарды талдау және бағалау әдісі.
Ақпараттық формаланған түріндегі мағыналық бірлігін айқындау арқылы және таңдаулы жинақта осы бірліктердің атау көлемі жиілігін өлшеу арқылы. Этнопсихологияға қатысты –қолдану жиілігі мен ұлттық психологиялық ерекшеліктерді білдіретін ұғымдар мен ой-пікірлерді беру дәрежесін тіркеу.
Конформ этносы – жеке адамдардың, адамдар тобының ұлттық әдет-ғұрыптарға, жүріс-тұрыстарына ұлттық ерекшеліктерді және стереотиптерді ішкі кедергісіз меңгеру және жеткілікті мағынасын түсіну арқылы көрінетін бейімділігі.
Кросс-мәдени этнопсихологиялық зерттеу – түрлі ұлттарға, этностық қауымдарға жататын бірнеше топтарда қатарынан сыналатын адамдардың психологиялық және әлеуметтік мәдени ерекшеліктері.
Этносаралық қарым-қатынас мәдениеті - әр түрлі этностық қауымдар өнімдерінің тұлғааралық бауланысында және өзара әрекетінде көрінетін тез және ешбір ауыртпашылықсыз өзара түсінушілік пен келісімге әкелелетін арнайы білім мен дағдылар, сондай-ақ соларға тән іс-әрекеттердің жинағы.
Мәдени релятивизм – даму деңгейіне қарамастан дербестік пен толық құндылық құқын мойындайтын түрліхалықтардың мәдени құндылықтарының салыстырылмаушылығы мен барлық моралды-бағалау критерийлерінің қатыстылығы туралы американдық этнологиядағы этнопсихологиялық бағыты.
Маргинал тұлға – екі ұлттың мәдени өмірі мен салттарына саналы түрде қатысып өмір сүретін адам.
Достарыңызбен бөлісу: |