Әлемнің этностық көрінісі – нақты этностық қауым мүшелерінің қоғамдық болмыс, өмір туралы оймен тұрақты, байланысты ой мен көзқарастар жиынтығы.
Этностық ауызбірлік – этнос ішіндегі қарым-қатынастар нәтижесі, этностық топтардың, қауымдардың нығаюы.
Этностық мәртебе – этносаралық қарым-қатынас құрылымындағы жеке тұлғаның, топтың қауымның орнын белгілейтін әлеуметтік мәртебенің элементі.
Этностық таптауырындар – түрлі қауымдар өкілдеріне тән моральдық ақыл-ой, физикалық сипаттары туралы салыстырмалы түрде тұрақты ұғым.
Тұлғаның этностық құрылымы – адамның ішкі мазмұнын білдіретін және іс-әрекетіне, жүріс-тұрысына әсерін тигізетін иерархия түрінде құрылған белгілі бір ұлт өкілінің қасиеттер жиынтығы.
Этностық толеранттық – жалпы толеранттықтың жеке оқиғасы яғни адамның басқа этнос өкілдерінің бейтаныс өміріне, мінез-құлқына, салт-дәстүрлеріне, сезіміне, пікірлеріне, сенімдеріне шыдамдылық білдіретін қабілет.
Этностық бағдарлар – тұлғаның ұлт өмірі мен ұлтаралық қатынастарының сол немесе басқа құбылыстарын қабылдауға дайындығы және нақты бір жағдайда осы қабылдауына сәйкес әрекет жасау.
Этностық кикілжің – этностық белгі бойынша қарсы мүдделі топтардың қарама-қайшы келетін топаралық кикілжің формасы. Қаулы қақтығыстарда және ашық соғыстарға дейін әкелетін өзара наразылығымен сипатталады.
Этностық сана-сезім – нақты ұлттар мен халықтардың өкілдері ретінде адамдардың іс-әрекеттері арқылы этнос ерекшелігін зерттейтін әлеуметтің психология мен этнология қиылысында пайда болған ғылымның дербес саласы.
Этностық мәдени біліктік - өзара әрекеттестіктің өзгешелігі мен шарттарын басқа ұлт өкілдерімен араласу кезінде өзара келісімдік және сенімдік атмосферасын ұстану мақсатында ынтымақтастықтың барабар (адекватты) формасын табуға, дұрыс ұғынуға көмектесетін білім, дағды, тәжірибені пайдалану дәрежесі.
Достарыңызбен бөлісу: |