Этностық маргинал – қос этностық өзіндік сана тудыратын екі этностық мәдениетке бірдей тән болу.
Менталитет (діл) – этнос қабылдаған көзқарастар, пікірлер, стереотиптер, жүріс-тұрыс формалары мен әдістері осы этностың қауымға тән өмір сүру стилі, мәдениеті.
Ұлттық өзіндік сана-сезім – жеке тұлғаның белгілі бір әлеуметтік-этностық қауымдастыққа қатыстығы жататындығын сезінуі және идеяларды, көзқарастарда, сезімде, эмоцияда, көңіл-күйде көрінетін қоғамдық қатынастар жүйесіндегі оның орны.
Ұлттық психологиялық ерекшеліктер – этнопсихологиялық ғылымның ұлттық психиканың негізгі мағынасын ұлттық психикалық тұрпатын, ұлттық сипатын, сондай-ақ оның құраушы элементтерді білдіретін негізін қалаушы категория.
Ұлттық салт – тарихи қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан жүріс-тұрыс формасы тұрмыс саласында әбден тамырланған ережелер, құндылықтар, адамдардың қатысу түрлері.
Ұлттық сана-сезім – адамдардың өз этностық қауымға, оның мүдделері мен құндылықтарына деген ұлттық қарым-қатынасы, олар жағымды да жағымсыз ренкте де болуы мүмкін.
Ұлттық ақыл тұрпаты – ұлттық өзіндік сол немесе басқа ұлт өкілдерінің көпшілігінің ойлау ерекшелігі.
Ұлттық мінез-құлық - өмір сүрудің нақты жағдай барысында және адамдардың үйреншікті жүріс-тұрысын, өмір сүру типін, олардың еңбекке, басқа халықтарға, өз мәдениетіне қарым-қатынасын белгілейтін тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тән психологиялық қасиеттерін анықтайтын жиынтықтары.
Этностық ұқсастыру (идендификация) – субъекттің бір этностық топтағы басқа өкілімен бірігудегі эмоционалды-когнитивті процесі, сондай-ақ оның тарихына , мәдениетке, ұлт салттары мен барлық халықтар дәстүрлеріне, оның идеаларына, сезімі мен мүдделеріне, фольклоры мен тіліне, этностық мекендейтін аймағы мен оның мемлекеттілігіне деген жағымды көзқарас.
Достарыңызбен бөлісу: |