У. А. Ажіғалиева Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын халық педагогикасы құралдары арқылы қалыптастыру



бет5/7
Дата16.06.2016
өлшемі1 Mb.
#139756
1   2   3   4   5   6   7

Жеке тұлғалық компонент болашақ мұғалімдердің деонтологиялық талаптарға сәйкес кәсіби қызметінің маңызын түсінуімен, педагогикалық қызметке деген жауапкершілік қарым-қатынаспен, адамгершілік сапаларымен (оқушыға деген сүйіспеншілік, мейірімділік, адалдық, әдептілік т.б.), сипатталады. Оның көрсеткіштері:

- болашақ мұғалімнің жеке тұлғалық ізгіліктілігі, кәсіби парыздылық пен жауапкершілік сезімі, педагогикалық қабілеті;

- оқушыға деген сүйіспеншілігі, балалар әлеміне қызмет етуге деген қызығушылығы;

- қазақ халқының этика-деонтологиялық нормаларға сай адамгершілік тәрбиесін меңгеруге әрекеттілігі, белсенділігі;



- халық педагогикасы құралдарына деген аялы көзқарасы;


Жеке-тұлғалық компонент




Ақпараттық-теориялық компонент




Іс-әрекеттік компонент










Жеке тұлғалық ізгіліктілігі, кәсіби парыздылық пен жауапкершілік сезімі, педагогикалық қабілеті




Халық педагогикасы бойынша білімі




Педагогикалық үрдісті сауатты қалыптастыру мақсатындағы іс-әрекеті икемділігі




Кәсіби шеберлігін жетілдіруге ұмтылысы




Педагогикалық деонтология, педагогикалық этика, этнопедагогика теориясы бойынша білімі





Теориялық білімді іске асыру іскерлігі педагогикалық технология мен педагогикалық техниканы игеруге деген дағдысы




Оқушыға деген сүйіспеншілігі, балалар әлеміне қызмет етуге деген қызығушылығы




психология, педагогика, біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы туралы білімі




Деонтологиялық ұстанымға сай оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру ептілігі

2 – сурет Болашақ мүғалімнің деонтологиялық даярлығының моделі


Ақпараттық-теориялық компонентке педагогика, психология, этнопедагогика педагогикалық деонтология ғылымдарынан ұстаз кәсібіне сәйкесті теориялық білімдер көлемі енеді.

Көрсеткіштері:

- халық педагогикасы бойынша білімдері;

- психологиялық, педагогикалық білімі;

- педагогикалық деонтология, педагогикалық этика теориясы бойынша білімі;

- біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы туралы білімі.



Іс-әрекеттік компонент педагогикалық деонтология ұстанымдарына сай қызмет етуге жетекшілік ететін практикалық іскерлік пен дағдылардың, әдіс-тәсілдердің кешенді жиынтығы.

Бұл компонентке кең мағынада болашақ мұғалімдердің теориялық білімін практикада жүзеге асыру қабілеттілігі, оқу-тәрбие процесін міндеттер мен мақсаттарға сай құрастыра білуі, деонтология ұстанымдарына негізделген қарым-қатынас орната білу шеберлігі, сонымен бірге педагогикалық жағдаяттарға сәйкес тәрбиелік ықпал элементтерін орната білу қабілеттері енеді.

Көрсеткіштері:

- педагогикалық технология мен педагогикалық техниканы игеру шеберлігі;

- педагогикалық үрдісті сауатты қалыптастыру мақсатындағы іс-әрекеті;

- теориялық білімді іске асыру іскерлігі;

- деонтологиялық ұстанымға сай оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру дағдылары т.б.

Өлшемдер мен көрсеткіштердің жалпы мазмұны төмендегі 7-ші кестеде берілген.

Осы аталған компоненттердің жеткілікті дамуы мен айқындылығы, олардың тұтастық бірлігі болашақ мұғалімдердің халық педагогикасы құралдары арқылы нақты қалыптасқан деонтологиялық даярлық деңгейінің көрсеткіші болып саналады. Аталған белгілер болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығы өлшемдерінің белгіленген компонентері бола тұра, осы қасиеттің бар екендігін анықтайтын немесе оның студенттегі даму деңгейін бағалайтын маңызды бір сала, тұлғалық бейне ретінде көрінеді. Біздің пайымдауымызша, қарым-қатынастардағы, іс-әрекеттердегі, мінез-құлықтардағы сана-қасиеттерді сипаттайтын белгілерге баса назар аударылуы керек.

Өлшемдер мен көрсеткіштердің жалпы мазмұны төмендегі 7-ші кестеде берілген. Жоғарыда аталған өлшемдер мен көрсеткіштер негізінде болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлылығының үш деңгейі белгіленеді. Олар: жоғары, орта, төмен.



Жоғары деңгей халық педагогика құралдарындағы ұлттық рухани құндылықтардың, педагогикалық деонтологияның, қазақ халқының моральдық-этикалық дәстүрлерінің мәні мен маныздылығын жете түсінеді, оны әсерлі сезіммен қабылдайды, олардың құрылымын, функциясын, тәрбиелік мүмкіндіктерін саналы түрде терең меңгерген; кәсіби парыздылық нормаларын даярлығына қажетті ұлттық құндылықтарды нақты өлшемдер арқылы сұрыптай біледі; қазақ этнопедагогикасының құндылықтарын оқу-тәрбие процесінде шығармашылық ізденіспен тиімді пайдаланады; педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылысы айқын көрінеді; теориялық білімді жүзеге асыру іскерлігі мен дағдысы толық қалыптасқан.

6 – кесте Халықтық педагогика құралдары арқылы қалыптастырылған болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығының өлшемдері мен көрсеткіштері




Компоненттер

Өлшемдер

Деңгейлер көрсеткіштері

Жоғары

Орта

Төмен

Жеке тұлғалық

Жеке тұлғалық ізгіліктілігі, кәсіби парыздылық пен жауапкершілік сезімі, педагогикалық қабілетілік туралы түсінігі

Студенттің жеке тұлғалық ізгіліктілігі, кәсіби парыздылық сана-сезімі жоғары деңгейде нанымға айналған, педагогикалық құзырлығы туралы түсінігі толық қалыптасқан

Студенттің жеке тұлғалық ізгіліктілігі, кәсіби парыздылық пен жауапкершілік сезімі орташа, педагогикалық қабілетілік туралы түсінуге талпынады

Студенттің жеке тұлғалық ізгіліктілігі, кәсіби парыздылық пен жауапкершілік сезімі төмен, педагогикалық қабілетілік туралы түсінігі қалыптаспаған

Кәсіби шеберлігін жетілдіруге ұмтылысы

Кәсіби шеберлігі жетілген

Кәсіби шеберлігін жетілдіруге ұмтылысы кейбір жағдайларда байқалады

Кәсіби шеберлігін жетілдіруге ұмтылысы баяу

Оқушыға деген сүйіспеншілігі, балалар әлеміне қызмет етуге деген қызығушылығы


Оқушыға деген сүйіспеншілігі, балалар әлеміне қызмет етуге деген қызығушылығы анық көрінеді


Оқушыға деген сүйіспеншілігі, балалар әлеміне қызмет етуге деген қызығушылығы жартылый қалыптасқан

Оқушыға деген сүйіспеншілігі, балалар әлеміне қызмет етуге деген қызығушылығы анық көрінбейді






Халық педагогикасы бойынша білім, методологиялық, педагогикалық білімі

Халық педагогикасы бойынша білім, методологиялық, педагогикалық білімі терең

Халық педагогикасы бойынша білім, методологиялық, педагогикалық білімі жүйесіз

Халық педагогикасы бойынша білім, методологиялық, педагогикалық білімі аз


6 – кестенің жалғасы

Ақпараттық-теориялық














Педагогикалық деонтология, педагогикалық этика, этнопедагогика теориясы бойынша білімі

Педагогикалық деонтология, педагогикалық этика, этнопедагогика теориясы бойынша білімі жоғары деңгейде

Педагогикалық деонтология, педагогикалық этика, этнопедагогика теориясы бойынша білімі орта деңгейде

Педагогикалық деонтология, педагогикалық этика, этнопедагогика теориясы бойынша білімі төмен деңгейде

психология, педагогика, біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы туралы білімі

Психология, педагогика, біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы туралы білімі толық

Психология, педагогика, біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы туралы білімі жүйесіз

Психология, педагогика, біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы туралы білімі таяз

Іс-әрекеттік

Педагогикалық үрдісті сауатты қалыптастыру мақсатындағы іс-әрекеті икемділігі

Педагогикалық үрдісті сауатты қалыптастыру мақсатындағы іс-әрекеті икемділігі жоғары деңгейде

Педагогикалық үрдісті сауатты қалыптастыру мақсатындағы іс-әрекеті икемділігі орташа деңгейде

Педагогикалық үрдісті сауатты қалыптастыру мақсатындағы іс-әрекеті икемділігі қалыптаспаған

Теориялық білімді іске асыру іскерлігі педагогикалық технология мен педагогикалық техниканы игеруге деген ұмтылысы

Теориялық білімді іске асыру іскерлігі педагогикалық технология мен педагогикалық техниканы игеруге ұмтылысы өте жоғары

Теориялық білімді іске асыру іскерлігі педагогикалық технология мен педагогикалық техниканы игеруге ұмтылысы аздау

Теориялық білімді іске асыру іскерлігі педагогикалық технология мен педагогикалық техниканы игеруге деген ұмтылысы төмен

Деонтологиялық ұстанымға сай оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру ептілігі

Деонтологиялық ұстанымға сай оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру ептілігі жоғары дамыған

Деонтологиялық ұстанымға сай оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру ептілігі орташа қалыптасқан

Деонтологиялық ұстанымға сай оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру ептілігі қалыптаспаған


Орта деңгей халық педагогика құралдарындағы ұлттық рухани құндылықтардың, педагогикалық деонтологияның, қазақ халқының моральдық-этикалық дәстүрлерінің мәні мен маныздылығын біледі, сыртқы ықпалсыз рухани құндылықтардың білімдік және парыздылық нормаларын жүзеге асыруда аса үлкен қызығушылық танытпайды, теориялық білімді ішінара меңгерген, оларға еркін баға бере алмайды, оларды сұрыптап алуда, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылысы жеткіліксіз, өздігімен білім деңгейін көтеру және өзін-өзі тәрбиелеу икемділігі байқалмайды; теориялық білімді жүзеге асыру іскерлігі мен дағдысы орташа қалыптасқан.

Төмен деңгей халық педагогика құралдарындағы ұлттық рухани құндылықтардың, педагогикалық деонтологияның, қазақ халқының моральдық-этикалық дәстүрлерінің мәні мен маныздылығын қажет деп есептемейді, рухани құндылықтардың білімдік және кәсіби парыздылық нормалары туралы ой-пікірлері шашыраңқы, жүзеге асыруға ықылас білдірмейді, тек өзіне жағымды іс-әрекеттерді талғамсыз қабылдауға бейімделген, теориялық білімі нашар, практикалық тәжірибе жетіспейді, меңгерген біліміне баға бере алмайды, оларды жүргізілетін іс-шараларда пайдалана алмайды, өз еңбегін нашар ұйымдастырады, кәсіби даярлығын ұлттық құндылықтармен байланыстыру қажеттілігін түсінбейді; педагогикалық қызметтің қоғамдық маңызы туралы түсінігі қалыптаспаған.

Деонтологиялық даярлығын халық педагогиканың құралдары арқылы қалыптастыруға болашақ мұғалімдердің даярлануы тереңірек зерттеуді қажет етеді. Зерттеу барысында біз болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығының деңгейлерін бағалап, сараптау туралы мәселені шешу және оны қалыптастырудың эксперимент жүйесін жасаудың маңызды алғышарты ретінде халық педагогикасы құралдары арқылы қалыптастырылатын болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығының моделін құрастырдық (Сурет 1) .

Модельде көрсетілген компоненттер құрамын нақтылы байыту, олардың оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асырылуы қалыптастыру экспериментінің нысанасын құрайды. Оның барысы, жолдары мен нәтижелері екінші тарауда қарастырылады.


Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру



Мақсаты







Болашақ мұғалімнің кәсіби парыздылық санасын тәрбиелеу, сана-сезімге, нанымға айналдыру. Осы мақсатта халық педагогикасы құралдарын кең қолдану



Міндеттері






Ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтырдың бірлестік принципі, кешендік, жүйелілік, біртұтастық, үздіксіз сабақтастық принциптері

Принциптері













Бірінші

1-2 курс


Екінші

3 курс


Үшінші

4 курс
Кезеңдері







Аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстар



Формалары




Оқытудың дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістері



Әдіс-тәсілдері




Құралдары









Кәсіптендіру, таңдау бойынша пәндерге қосымшалар ендіру:

  1. Мамандыққа кіріспе

  2. Сөйлеу мәдениеті

  3. Музыкалық білім беру әдістемесі

  4. Этнопедагогика




Халықтық педагогика құралдары:

1. Халық шығармашылығы (поэтикалық, сәндік-қолданбалы, музыкалық);

2. Салт-дәстүр; Әдет-ғұрып;

3. Ақын-жыраулардың озық ой-пікірлері;

4. Қазақ халқының моральдық-этикалық нормалары;

5. Діни ілімдер;

6. Ойшыл-данышпандардың және қазақ зиялыларының педагогикалық этикалық көзқарастары.



Оқу-әдістемелік кешен:

1. Арнайы курс: «Пед. деонтология негіздері»

2. Арнайы курс: «Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығы»

3. «Өнер және этика», әдістемелік нұсқау

4. «Мамандыққа кіріспе» оқу-әдістемелік құрал




Аудиториядан тыс «Ұлағат» жастар отауы орталығы








Халық педагогикасы құралдары арқылы деонтологиялық даярлығы қалыптасқан мұғалім



Нәтиже

3 - сурет Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру моделі



2 Болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын халық педагогикасы құралдары арқылы қалыптастырудағы тәжірибелік-эксперимент жұмысы
2.1 Болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру үдерісін мазмұндық тұрғыда қамтамасыздандыру

Педагог мамандар дайындайтын жоғары оқу орнына ұлттық тәлім-тәрбиені біліп, онымен жете таныс болып, өздерінің өмірлерінде олардың өзіне деген ықпалын сезініп, түсініп келетін жастар аз емес. Алайда бұл білімдер маманның кәсіби парыздылық санасын қалыптастыру үшін әлі де аз.

Біз осы мәселені дұрыс жолға қою мақсатында оқу жоспарларына өзгертулер енгізуді дұрыс деп санадық. Бұл тұрғыда кәсіби және базалық пәндердің мазмұнына қосымшалар жасап ендіру қолайлы болды: Мамандыққа кіріспе, Этнопедагогика, Сөйлеу мәдениеті, Музыкалық білім берудің әдістемесі.

Зерттеу барысында біз лекциялар мен семинарларда, педагогикалық практикада, студенттердің оқу-зерттеу жұмыстарында, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарында, аудиториядан тыс жұмыстарда педагог-мамандардың деонтологиялық даярлығын халық педагогикасы құралдарын негізге ала отырып қалыптастыруға тырыстық.

Халық педагогикасы құралдарының мүмкіндіктерін болашақ мұғалімдерге «Мамандыққа кіріспе» пәнінің бағдарламасына қосымша теория жүзінде меңгерту олардың педагог қызметіне сәйкес білімділік, біліктілік қорын молайтуға әрекет етеді. Бұл пәнге арналған қосымша болашақ мұғалімнің кәсіби әдебіне, педагогтың іс-әрекеті, мінез-құлқы, қарым-қатынасына қойылатын талаптармен таныстырады, халық педагогикасы құралдары арқылы кәсіби іскерлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға, педагогикалық қалып (норма), ұстаным, такт компоненттерінің қалыптасуына септігін тигізеді.

Студенттердің теория жүзінде алған білімдері семинар сабақтарында тереңдетіліп бекітіліп отырылады.



Семинар сабақ

Тақырыбы: Болашақ мұғалімдердердің деонтологиялық даярлығын қалыптастырудың пәрменді құралы – халықтық педагогика.

Жоспар.

1. Халықтық педагогиканың педагогикалық деонтологияға арқау болар негізгі бағыттары, тәжірибелік қорытындылары.

2. Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық ой-пікірлерінің деонтологиялық негіздері.

3. Мұғалімнің жеке тұлғасының кәсіптік мәнді сапалық қасиеттері: мінез-құлқы, іс-әрекеті, тұлғалық қасиеттері.

4. Халық ауыз әдебиетінің болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын қалыптастырудағы мүмкіндіктері.

5. Болашақ мұғалімдерді қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеудегі халық мақал-мәтелдерінің мүмкіндіктері.


7 – кесте Мамандыққа кіріспе» пәнінің бағдарламасына қосымша




Бағдарлама тақырыптары

Мұғалімнің деонтологиялық даярлығын халық педагогикасы құралдары бойынша қалыптастыруға сәйкес қосымшаның мазмұны

1

Пәннің мақсатыы мен міндеттері, мұғалімнің жеке тұлғалық маңызды сапалары.

Мұғалім әдебі. Мұғалімнің әдеп көрінісі: іс-әрекеті, мінез-құлқы, қарым-қатынасы.

Педагогикалық деонтологияға негіз болар халықтық тәрбиенің негізгі бағыттары.



  • Мораль, этика, адамгершілік ұғымдарының халық педагогикасымен өзара байланысы.

2

Музыка пәні мұғалімінің шығармашылық ізденімпаздығы.

Педагогикалық деонтология талаптарына сәйкес қарым-қатынасты қалыптастыру үшін халық педагогикасының әдіс-тәсілдері (ақыл-кеңес беру, үлгі-өнеге көрсету, әңгімелесу, түсіндіру, сендіру, үйрету, кеңесу).

Халық педагогикасындағы адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселелері.



3

Музыка пәні мұғалімінің кәсіби іскерлігі.

Болашақ мұғалімнің кәсіби іскерлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуда халық педагогикасы құралдарының алатын орны.

4

Музыка пәні мұғалімінің ролі.

Халық педагогикасы құралдарының жеке басты дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу, өздігінен білім алуға тигізер әсері.

Реферат тақырыптары:

1. Болашақ мұғалімдердің кәсіби парыздылық сана-сезімін қалыптастыруда халық педагогикасы құралдарының алатын орны.

2. Болашақ мұғалімдерді даярлауда халық шешендері мен ақын-жыраулар шығармаларының тәрбиелік мүмкіндіктері.

3. Ұстаздың жеке тұлғасының қалыптасып, дамуындағы дін, діни ілімдердің мәні.

4. Мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын қалыптастырудағы халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің тәрбиелік мүмкіндіктері.

5. Халық мақал-мәтелдерінің ұстазды кәсіби тәрбиелеудегі мүмкіндіктері.

Болашақ мұғалімнің парыздылық сана-сезімін қалыптастыруда «Сөйлеу мәдениеті» пәнінің бағдарламасына жасалған қосымшаның ықпалы зор. Бұл пәнге арналған қосымша болашақ мұғалімнің қимыл-қозғалысы мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. (8 кесте)


8 – кесте «Сөйлеу мәдениеті» пәнінің бағдарламасына қосымша (1 кредит)




Бағдарлама тақырыбы

Мұғалімнің деонтологиялық даярлығын халық педагогикасы құралдары бойынша қалыптастыруға сәйкес қосымшаның мазмұны

1

Сөйлеу мәдениеті - жеке адамның білімдік және тәрбиелік көрсеткіші

Болашақ мұғалімнің ішкі жан дүниесі мен сыртқы келбетінің, сөйлеу мәдениетінің үйлесімділігі.

Халықтың сөйлеу мәдениеті – ұлттық ой-сананың көрсеткіші.



2

Сөйлеу мәдениеті – музыка мұғалімінің кәсіптік даярлығына қажетті сынар

Сөз мәдениеті – ұлттық ой-сана көрсеткіші.

Қазақ халқының сөз сөйлеу мәдениетіне көзқарасы.

Шәкірттермен сөйлеу қатынасында кішіпейілділік, әуезділік, дауыс күші, үн жылылығы, тіл тазалығы, тіл көркемдігі, ымның қатысы т.б.


3

Болашақ музыка мамандарының монологтық, диалогтық сөйлеу шартына сай кәсіптік қатынасының ерекшеліктері

Болашақ мұғалімнің сөз жарасымдылығына қойылатын халық талаптары.

Шешендік сөздер – сөйлеу мәнерінің негізі.

Музыка пәні мұғалімінің кәсіптік сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда айтыс өнерінің алатын орны.



Семинар сабақ

Тақырыбы:

1. Тәрбие үрдісінде мұғалімнің сөйлеу мәдениеті, мұқамы, сөздерінің әсерлігі, бейнелілігі.

2. Мұғалімнің ауызекі сөйлеуі оның мамандық шеберлігінің өте маңызды элементі және педагогикалық іс-әрекетінің негізгі құралы.

3. Тіл қисыны, сөз талғау, тіл анықтығы, үн жылылығы дегенді қалай түсінесіз?

4. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетін жетілдіруде қазақ фольклорында шешендік сөздер деп аталатын жеке жанрды қалыптастыру және қазақ би-шешендердің деонтологиялық талапқа сай сөйлеу өнерінің қыр-сырларын меңгеру.

5. Болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру ісіне ақын-жыраулардың өнегелілік-тағылымдық ой-тұжырымдамалары.

Реферат тақырыптары:


  1. Мақал-мәтелдер мен нақыл, тыйым сөздер – білім мен тәрбие көзі.

2. Болашақ мұғалімдердің сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда халық шешендері мен ақын-жыраулар шығармаларының мәні.

3. Мұғалімнің сөйлеу шеберлігі, шиеленісті жағдайларда ұтымды шешім қабылдау әрекеттері.

4. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, дамытуда мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні.

5. Халық педагогикасының «Сегіз қырлы, бір сырлы» ұрпақ тәрбиелеу міндеттері.

Болашақ мамандарға кәсіби-педагогикалық білімін тереңірек меңгерту мақсатында «Музыкалық білім берудің әдістемесі» пәнінің мәні ерекше болды. Ол болашақ мұғалімдердің этикалық мәдениетін, педагогикалық шебірлігін, тұлғалық қасиеттерін жетелдіруде маңызы зор.

Семинар сабақ

Тақырыбы:


  1. Музыка пәні мұғалімінің кәсіби рефлексиялық іс-әрекеті.

2. Болашақ музыка пәні мұғалімінің педагогикалық шығармашылық жұмыс түрлері.

3. Музыка пәні мұғалімінің жеке-кәсіби қасиеті және білімі, іскерлігі, дағдыларының жиынтығы.

4. Мұғалімнің орындаушылық, коммуникативтік және музыкалық-ұйымдастырушылық іс-әрекетінде байқалатын кәсіби сапа-қасиеті.

5. Музыка пәні мұғалімінің шығармашылық белсенділігі.

Реферат тақырыптары:

1. Деонтологиялық даярлықты қалыптастыру бағытында жазылған ғылыми (отандық) диссертациялар.

2. Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын қалыптастыруда Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік мәні.

3. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінің тәрбиелік мәні.

4. Аталар сөзі – тәрбие көзі.

5. Музыка пәні мұғалімінің көркемдік мәдениеті.


9 – кесте Музыкалық білім берудің әдістемесі пән бағдарламасына қосымша (3 кредит)




Бағдарлама тақырыбы

Мұғалімнің деонтологиялық даярлығын халық педагогикасы құралдары бойынша қалыптастыруға сәйкес қосымшаның мазмұны

1

Музыка мұғалімінің кәсіби-педагогикалық іс-әрекеті

Музыка мұғалімінің кәсіби-педагогикалық іс-әрекеті және халық педагогикасының ролі.

Музыка мұғалімінің тұлғалық қасиетін дамыту мақсатында ұлы ойшылдардың тұжырымдамалары.

Музыкант-мұғалім іс-әрекетінің бағыты мен сипатын бейнелейтін қасиет – балаларға деген сүйіспеншілігі.


2

Музыка мұғалімінің кәсіби қасиеттері оның көркемдік-педагогикалық іс-әрекетінің тұлғалық ұстанымы (позициясы) және қарым-қатынасы

Бірге күйзеле немесе күйіне білу қабілеті ретіндегі эмпатия, оның музыкалық-педагогикалық іс-әрекет нәтижесіне ықпалы.

Музыка пәні мұғалімінің оқушылармен эмоциональдық-рухани байланысқа жетудегі қарым-қатынас тәсілдері.

Музыка мұғалімінің тұлғалық қасиеттері, оның тұлғалық ұстанымы және көркемдік-педагогикалық іс-әрекетке қарым-қатынасы.


3

Музыка мұғалімі – қоғамның көркемдік мәдениетінің қайраткері

Музыка мұғалімінің тұлғалық кәсіби қасиеттерінің жалпы сипаттамасы.

Музыка мұғалімі тұлғасының кәсіби-мәндік қасиеттері.

Алға қойған мақсаттарға жетудегі педагог-музыканттың жігерлі қасиеттері.

Соңғы жылдары оқу үдерісінде «Этнопедагогика» пәнінің ендірілуі де болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын қалыптастыруда көп көмегін тигізді. Бұл пән болашақ маманның парыздылық сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыруға көмектеседі (10 кесте).


Кесте 10 – Этнопедагогика курсы бағдарламасына қосымша (1 кредит)




Бағдарлама тақырыбы

Мұғалімнің деонтологиялық даярлығын халық педагогикасы құралдары бойынша қалыптастыруға сәйкес қосымшаның мазмұны

1

Адамгершілік тәрбиесі

Адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда халық педагогикасының тәрбиелік мәні.

Халық түсінігіндегі парыздылық, ар-намыс, ұждан, абырой дәстүрлерінің ерекшеліктері.

Халықтық педагогикада адамгершілік сапаларды қалыптастыруда

















қолданылатын әдістер (ақыл-кеңес беру,

үлгі-өнеге көрсету, түсіндіру т.б.) мен құралдар (бабалар өсиеті, діни ілімдер, салт-дәстүр т.б.).












2

Эстетикалық тәрбие

Адамның ішкі жан дүниесі, ақыл-ой, мінез-құлық жарасымдылығына халық педагогикасының қойылатын талаптары.

Адам мінезімен көрікті, «Жаны сұлудың - тәні сұлу», «Қыз қылығымен сүйкімді, ұл әдебімен сүйкімді» мақал-мәтелдерінің мазмұндық сипаты.

Халық педагогикасының әдімілікке, әсемдікке, жан сұлулығы мен, тән сұлулығына көзқарастары


3

Еңбек тәрбиесі

Халық даналарының ұстаз еңбегінің бақыты мен рахаты туралы ой-пікірлері.

Еңбек - әдептіліктің көрінісі.

Еңбек тәрбиесіндегі халықтық дәстүрлер.

Халықтың еңбекке деген көзқарасы, талап-тілектері.



4

Ақыл-ой тәрбиесі

Ақыл-ой – моральдық-этиканың негізі.

Мақал-мәтелдердегі ақыл-ой тәрбиесі.

Қазақтың тұрмыстық салт-дәстүрлері – кәсіби бағдар берудің негізі.

Халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесі.



5

Имандылық тәрбие

Имандылық қасиеттерді жетілдіру (имандылық, парасаттылық, ар-намыс, мінез-құлық, жігерлілік)

Ислам діні, оның болашақ мұғалімдерді тәрбиелеудегі ерекшеліктері.

Үлкенге құрмет, кішіге ізет – адамгершілік пен имандылықтың белгісі.




Семинар сабақ

Тақырыбы: Халық педагогикасындағы тәрбие негіздері

Жоспар.


1. Ұлттық мінез-құлықтың өзіне тән қасиеттері, ережелері.

2. Діни қағидалардың адамгершілік тәрбиесіндегі мәні.

3. Имандылық – ұлттық тәрбиеміздің ұйтқысы.

4. Парыз, борыш, міндет, ар, ұждан туралы халық түсінігі, жазылмаған ережелер.

5. Қазақ халқының мұғалімдерге қоятын негізгі моральдық талаптары.

Реферат тақырыптары:

1 Қазақ халқының моральдық-этикалық дәстүрлері негізінде мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру.

2. Ұлы ғұламалардың, ойшылдардың, ақын-жыраулардың, ағартушы-демократтардың психологиялық және педагогикалық мұралары.

3. Әр түрлі тарихи кезеңдердегі халықтың педагогикалық көзқарастарындағы тәрбиенің мақсаттары.

4. Қазақ халқының балаға деген сүйіспеншілігі және ынтасы.

5. Қазақтың дәстүрлі көркемөнер шығармашылығы құралдары арқылы болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру.

Болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру арнайы курс арқылы өзінің жалғасын тапты. «Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығы», атты арнайы курс бағдарламасын жасадық. Бағдарлама педагогикалық мамандар дайындайтын барлық жоғары оқу орындарына арналған.



Арнайы курстың міндеттері:

  • халық педагогикасы құралдарының болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын қалыптастырудағы мүмкіндіктерін ашу;

  • халықтық тағылымдарды арқау ете отырып, болашақ мұғалімнің деонтологиялық сана-сезімдерін дамыту;

  • ұлттық төл педагогикамызды педагогикалық деонтологиямен сабақтастыру.

Арнайы курс бағдарламасы 45 сағатқа арналған, оның 15 сағаты лекциялар, 15 сағаты семинарлар, 15 сағаты студенттердің өздік жұмысы.

Арнайы курсты студенттер жетінші семестрде, оқу-тәрбиелік практикаға кетер алдында оқиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет