Учебно-методический комплекс Пән: Ішкі аурулар Предмет: Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі» Специаность



бет3/3
Дата19.09.2023
өлшемі33.93 Kb.
#477908
түріУчебно-методический комплекс
1   2   3
8-дәріс-ЖИА.-Стенокардия.-Миокард-инфарктісі.-Миокард-инфарктісінің-асқынулары.

Миокард инфарктісі - миокард бұлшық еттерінің белгілі бір шектелген аймағының тәж артериялары бітелгендіктен өткір, кенеттен пайда болатын өліп еттенуі (некроздануы).
Миокард инфарктісінің туындау себептері: шамадан тыс тамақтану; тамақ рационының дұрыс болмауы; қимыл – қозғалыстың жеткіліксіз мөлшерде болуы; гипертоникалық аурулар; жағымсыз әдеттер: темекі тарту, шылым шегу;
Даму cатысы бойынша: Аса жедел ( Ми басталғаннан 2-6 сағат ). Жедел кезеңі ( МИ басталғаннан 10 күн). Жеделдеу кезеңі (10-ші тәуліктен 4-8 аптаға дейін). Тыртықтану кезеңі (4-8 аптадан 6 айға дейін)
Классификация:
ST-сегментінің жоғарлауы бар миокард инфаркті (STбМИ)
ST-сегментінің жоғарлауы жоқ миокард инфаркті (STжМИ)
Q-тісше бар МИ. Q-тісше жоқ МИ
Субэндокардиальды, субэпикардиалды, интрамуралды,трансмуралды инфаркт
Клиникалық көріністер:
Status anginosus – ауыру сезімі. Жүректің пропульсивті қызметінің бұзылуы. Резорбциялық-некроздық синдром көріністері. ЭКГ-белгілері. Ауыру сезімі өте қатты болып келеді. Төс арты ауырады, аймағы көлемді болады. Ұзақтығы 30 минуттен артық – бірнеше сағатқа барады. Нитроглицерин ауырғанды қайтармайды .
Жүректің пропульсивті қызметінің төмендеуі: Кенеттен пайда болған әлсіздік. Терінің бозаруы, суық жабысқақ тер басу. АҚ төмендеуі, пульс әлсіреуі. Жүрек тондары әлсіз, тахикардия, шоқырақ ырғағы, аритмиялар
Резорбциялық-некроздық синдром: Температура жоғарылауы. Лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Гиперферментемия (АСТ, АЛТ, ЛДГ, КФК). Жүректік тропониндер деңгейінің артуы
Жүректік тропониндер – белоктық молекулалар, жүрек миоциттерінің актинды талшықтарында орналасып, миофибриллалар жиырылуын реттейді, Т-тропонин,С- және І-тропонин болып бөлінеді. Миокард зақымдануының спецификалық маркерлері
Күш түсумен байланыстыратын, нитраттарға басылмайтын, бір сағатқа созылатын төстің артындағы қатты күйдіріп, қысып, батып, тырнап ауырсыну. Көбінесе сол жақ иық, жауырын асты, қолға берілетін интенсивті ауырсыну. Суық жабысқақ термен жүреді. Жиі қорқыныш сезімі, әлсіздік, ентігу қосылады.
Алғашқы дәрігерлік көмек: Ауруханаға дейінгі кезде көрсетілетін көмек: Тіл астына нитроглицеринннің бір таблеткасын салып, 0,25-0,35 г аспирин ішкізу. Анальгетиктер салып ауырсынуды толық басу. Қатерлі болуы мүмкін ырғақ бұзылысын жою.
Жедел жүрек шамасыздығын жою. Кардиогенді шоктан шығарып алу. Клиникалық өлім болғанда реанимацияны жүргізу. Науқасты кардиологиялық бөлімшеге мүмкіндігінше тез жеткізу.
Миокард инфарктісін алдын алу: Ең алдымен темекіден толықтай бас тарту қажет;
Тиімді тамақтану ережелерін сақтау; Майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін азайту- тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол (бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану; Көкеніс пен жеміс-жидектерді барынша мол пайдалану; Алкогольді ішімдікті белгіленген мөлшерде ғана пайдалану; Дене белсенділігін арттыру, семіздіктен сақтану; Қандағы холестерин құрамын үнемі тексеріп, бақылап отыру; Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе айтарым- дәрігер ауру адамды емдейді, ал, аурудың алдын алу әрбір адамның өз тірлігі.


6.Баға қою
Выставление оценок


7.Үй тапсырмасы. Домашнее задание.
Тақырыбы. ЖИА. Стенокардия. Миокард инфарктісі. Миокард инфарктісінің асқынулары.Анықтамасы, этиологиясы. Негізгі клиникалық симптомдары. Асқынулары. Емдеу және диетотерапия ерекшеліктері. Жедел жәрдем көрсету. Ұстамадан тыс емі (медикаментозды, хирургиялық). Ұстаманың алдын алу.


Тема:
Пайдаланатын оқулықтар. Литература:
1. Внутренние болезни: Учебник: в 2 т./ Под ред. А.И.Мартынова, Н.А.Мухина, В.С.Моисеева, А.С.Галявича (отв.ред.) - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005. Т.1.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет