Тапсырма 2.
https://pedsovet.su/load/111-1-0-56045
Мен екінші сыныптың “I can jump” деген тақырыптағы Путишинская Елана Геннадьевнаның сабақ жоспарын алдым. Бұл сабақ жоспары 2 токсанның күнтізбелік жоспарына сәйкес келеді деп ойлаймын. Бұл сабақта маған көбінесе ұнағаны ол нәтижесін алдын-ала жоспарлағаны, мақсаттарын үшке бөлуі, яғни білім беру бойынша, дамыту бойынша, тәрбие бойынша мақсаттары және де ең соныңда қосымша тапсырмалары болуы. Бұл жоспары арқылы менің ойымша өзінің мақсатына жете алды, себебі өзінің құрған мақсатын айқын көре алды және де оған дурыс әрекет жасады, яғни сабағын этаптарға бөлді, қосымша материалдар боллы, баланы сауықтыру, рефлексия да қарастырылған. Мен тыңдалған диалогтан жаңа қажетті ақпаратиы қорыиындылап айтқызуды, оқушының естігенін бақылау және айырмашылықтарды анықтау үшін оқушының білетінімен салыстыруды және қорытынды ретінде баланың өзін-өзі бағалауын өзімнің әдістемелік қоржыныма алар едім.
Есеп беру: Менің ойымша, бұл оқу материалы жан-жақты қарастырылған. Мұғалім бұл сабақ жоспарында көрнекілік және жүйелілік принципін қолданған. Жүйелілік принципін қолдану себебі ағылшын тілі саьағының программасында бұрын берілген материал мен келесі материалдың сабақтас болуын байланыстырып отыру маңызды. Көрнекілік принціпін қолданануы интерактік тақта арқылы сабақты түсіндіруі, қосымша суреттер, карточкалар қолдануынан білуге болады. Бұл оқу материалы маған ұнады, дәл осы оқу материалын таңдаған себебім де осы, ұнамаған, күмән туғызған жерлері мен үшін кездеспеді. Әр балаға жеке жұмыстарда берілген. Елана Геннадьевнаның қолданған әдістерін алдағы уақытта сабақ беру кезінде қолданатын боламын.
Тапсырма 3
Тәрбиелік маңызы бар фильмдерді талдап, көрген фильмге эссе жазыңыздар.
Менің көрген фильмдерім көп, бірақ ең тәрбиелік мәні бар, өмірге деген мотивацияны арттыратын, есімде ең жақсы фильмдер ретінде сақталып қалғандар аз. Соның бірі “бақытқа ұмтылу/в погоне за счастьем”. Бұл фильмде басты кейіпкер әкесі мен баласы. Олар өте кедей болады, әкесі үнемі әйеліне бір күні оларда бәрі жақсы болатынына уәде береді, бірақ әйелі ол уәделерінен шаршап олардан бөлек кетіп қалады. Әкесі өзінің армандаған жұмысына тағылымдама көріп қалады, ол жерде 20 тағылымдамадан өтушінің ішінен тек біреуі ғана өте алады және ол тағылымдаманы өту төленбейді. Әкесі соған келіседі, ақшаның жетіспеушілігі және көптеген төленбеген айыппұлдар тығырыққа тірейді, нәтижесінде ол және оның ұлы үйсіз қалады. Күнде тағылымдамағаға кешіспес үшін бәрін істейді, күні-түні оқу оқып дайындалады, қонатын үйлері болмағандықтан метродағы әжетхана да немесе шіркеуде қонып жұреді. Барлық қиын жағдайларға қарамастан, ұлы үшін қолдан келгеннің бәрін жасай отырып, әкесі тағылымдамадан өту бағдарламасын аяқтауға және фирма жалдайтын жалғыз тағылымдамашы болуға күш табады. Ол өзінің үйі жоқ екенің басшылыққа мүлдем көрсетпеген және оның табандылығына басшылық разы болады. Нәтижесінде әкесі жұмысқа орналасады, кейінірек 1987 жылы өзінің брокерлік фирмасын құрады. 2006 жылы өзінің акцияларын сатқаннан кейін ол миллиондаған доллар тапты.
Есеп беру: Мақсатыңызға жету жолында ешнәрсеге қарамай, өзіңізге сеніңіз, тіпті басқалар сізге сенімсіз болса да-бұл Мен үшін фильмнің басты идеясы. Күресу және өз бақытыңды іздеу, берілмеу. Табысқа апаратын жалғыз жол кейде сізге айқын болмауы мүмкін. Бұл фильм көптеген көрермендердің жүрегін балқытқан драма. Қиындықтарды жеңуге болатынын дәлелдеген драма. Бізде бар нәрсені бағалауға және басқаларға қарамауға үйреткен драма, қызғаныш жаман нәрсе, сіз қаншалықты жаман болмасаңыз да, тілектерге берілмеуіңіз керек. Барлығы келеді, тек бар күшіңізді салуыңыз керек. Әзірге сюжет ұлының бақытты бала болып өсуі үшін бәрін жасайтын, баласын өте жақсы көретін жалғызбасты әкенің қиындыққа түскен кезін көртесетіп тұр.
Бұл фильмде ең бастысы әкесі мен баласының қарым-қатынасы, әкесі қанша жерден кедей болып жатсада оны қолдаған баласы. Баласы анасымен қалуға көнбей, әкесімен болғысы келеді, үнемі әкесінің жанында болады. Бір эпизодта, әкесі ұлына қаншалықты қиын болса да, адам болып қалу керек, заңды бұзбау керек деген бір сөйлемі фильмнің негізгі мәні. Өйткені, аш бала кішкентай шоколадты ұрлауға азғырылады, мысалы, оны ешкім байқамайды, бірақ ол оны ұрламайды. Барлық уақыт бойы көрермен адамның күресін, оның табандылығы мен ұмтылысын бақылайды. Әкесінің рөлді мінсіз орындауы, қайғылы жүзі және ұлына кейбір жайттардың жағдайын түсіндіруге тырысуы соншалықты күшті әсер қалдырады, кейбір эпизодтар жүректі жарып жібергендей әсерлі.
Мысалыға, әкесінің баласына айтқан мына сөзі: “Саған біреу ештене істей алмайсын деп айтса, оны тыңдама. Тіпті меніде”-дегені.
Бұл фильмде әкесі Крис Гарднердің рөлінде ойнаған белгілі актер Уилл Смит және ұлы Кристоферді сомдаған Уилл Смиттің ұлы Джейден Смит. Ең қызығы бұл әкесі мен баласының киноға алғаш рет бірге түскен фильмі және де бұл фильм шынайы өмірден алынған.
Көрерменге әсер етіп қана қоймай, өмірге үлкен сабақ беретін фильм. Ешқашан берілмеңіз, күресіңіз және адам болып қала беріңіз. Бұл фильмді барлығы көруі керек деп есептеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |