Қулыкөл ауылдық округінің әкімі Д. Садығұловтың тұрғындар алдындағы есебі



жүктеу 50.96 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі50.96 Kb.
Қулыкөл ауылдық округінің әкімі Д. Садығұловтың

тұрғындар алдындағы есебі
2010 жылғы 29 қантардағы «Жана он жылдық – жана экономикалық өрлеу – Қазақстанның жана мүмікіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауың сеніммен қабыл алды. Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алапат қуатынан айырылды. Біз тастұйын дайын болғандықтан оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ. Бәрін дұрыс жоспарлап, сауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды. Осылайша Қазақстан қуатты, табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғарғы халықаралық беделге ие болды. Жасампаздық қуатымен дүние жүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемде өз жетістіктерімен таң қалдырды. Сондықтан Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебесі миссиясы сеніп тапсырылды. Еліміздің Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 1546 жаллығы бойынша осы күндері аудан бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен алдағы уақытта қойылатын перспективаларды талқылауға арналған аудан әкімінің және селолық (ауылдық) округтері әкімдерінің елді мекендер тұрғындарымен есептік кездесулер.

Қулыкөл ауылдық округі үш елді мекеннен тұрады. Қулыкөл ауылында 947 адам – 196 үй, Қаратал ауылында 274 адам – 65 үй, Береке ауылында 324 адам – 55 үй. Барлығы ауылдық округ бойынша 1545 адам – 316 үй тұрғыны бар. Округ көлемінде 170 зейнеткер, 16 әр топтағы мүгедек, 16 бала дүниеге келді, қайтыс болған адамның саны 14.

Аз қамтылған отбасы 15, көп балалы аналардың саны 73. ауылдық округке қарасты үш мектеп жұмыс істейді.

Әуезов орта мектебінде 180 оқушы оқиды. Жалпы мұғалімдер саны 28, жоғарғы білімді – 20. береке мектебінде 62 оқушы бар. Мұғалімдер саны 12, жоғарғы білімді – 9, 3 арнаулы білімді. Қаратал мектебінде мұғалімдер саны 12, барлық оқушылар саны 44. қулыкөл ауылдық округі борйынша жалпы оқушылар саны – 286.

Әр мектепте шағын орталық жұмыс істейді. Тұрғындарға көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектерге де тоқталып өтейін. Атаулы әлеуметтік көмек 37 жанұяға – 1млн. 083 мың теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 4 млн. 292 мың теңге толығымен игерілді. Қоғамдық жұмысқа 10 адам орналастырылды. Кәсіби оқуға 5 адам жіберілді. Олар Боқаев Олжас пен Барлыбаева Махаббат шаштараз оқуына жіберіліп, тамыз айында дипломдарын алып келді. 2 технолог-осеменатор, 1 газэлектросварщик. Жвстар практикасына 5 бала алынды.

Ауыл тұрғындарының тұрмысжағдайларын жақсы болуы, әсіресе, өзін - өзі жұмыспен қамтамасыз ету, мал санының артып, өнімнің сапасының жоғарғы болуына байланысты. Ауылдық округ бойынша мал басы көбейіп келеді. Атап айтқанда, ірі қара мал саны 3744, жылқы 2890, қой мен ешкі 3542 бас болды.

Биылғы жазда бруцеллез ауруына тексерілді және вакцинация жасалды. Ауруға шалдыққыа малдар ет комбинатына тапсырылды.

Халықты имандылыққа баулинын негізгі орын – мешіт. Биыл да жергілікті халықтың қолдауымен мешітке жөндеу жүргізіліп, терезе, есіктерін бүтіндеп, жылу жүйесін қайта орнатты. Сөйтіп, қысқы мерзімгі уақытта да есігін айқара ашты. Жергілікті ауыл тұрғындары арасында халық жиыны өткізіліп тұрады, пікірлерімен бөлісіп, ақылдасып отырылады.

Әсіресе көктемгі аулулар маңайын тазарту биылғы жылы Жексембаев Сембай деген азамат өзінің техникасымен халыққа қызмет жасады. Бір кузов көң – қоқыс шығару 1000 теңге.

Ауылдық округ бойынша көптеген атаулы мерекелер ескерусіз қалмайды. Жаңа жыл тойында көгілдір шырша ойыны өтсе, наурыз мейрамында жалпы ауыл болып тойланады. Арнайы әкімдіктің басқаруымен аурухана, мектеп ұжымдары қостап, дәстүрлі сайыстар мен қойылымдар өткізіледі. Қасиетті Жеңіс күнін және қарттар күнін әкімдік, мектеп, аурухана ұжымдары,бірлесуімен лайықты концерттік бағдарлама әзірленіп, кейін дастархан мәзірімен жалғасып, қарттарымызға құрмет көрсетіледі.

Ауыл жастары спортқа көп-көніл бөліп отырады. Биылғы жылы аудандық спартакиадаға жастарымыз қатысты. Жақсы көрсеткіштергеге қол жеткізді. Береке орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің ұстазы – Ырыспаев Рахатжақсы көрсеткішке ие болды. Женіл атлетикадан. Волеибол командасы жақсы көрсеткіштерге ие болды. Кұрестең аға жаттықтырушы Алипов И.Қ басқарып отырған – жасөспірімдер Степногорск –Бестюбе аудан орталығындағы жарыстарға қатысып жақсы көрсеткіштер көрсетіп жұр. Қулыкөл ауылы бойынша

Денсаулық сақтау саласы бойынша округте дәрігерлермен және бір жедел жәрдем автокөлігімен қамтамасыз етілген. Қаратал – Береке ауылында медпункт жұмыс істеиді. Өткен жыл қортындысы бойынша аса қауіпті аурулар болған жоқ..

Жасыл ел бағдарламасы бойынша округ көлемінде айтарлықтай жұмыс істелді. Ауэзов-Қаратал-Береке мектептер аланында ағаш отырғыззылды. Ауэзов мектебіңде саяжай салынып жақсы көрсеткіштерге ие болды. Биылғы жылы Ауэзов орта мектебі БҰТ бойынша 79,5 балл алды. Грантқа 1 бала тұсіп оқып жатыр. 11тұлек жоғарғы және орта оқу орындарына тұсіп оқуларың жалғастыруда.

Округ көлемінде бір мәдениет үиі бар, 3 мектеп кітапханасы, бір ауыл кітапханасы жұмыс істейді.Ауыл кітәпханасы мәдениет үиінде орналасқан, кітап қоры 8031 дана . Ұлттық мәдениеттер мерекелері, концерттер, әр түрлі патриоттық тәрбиелік мәні бар шаралар жүргізіліп отырады. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізіңде іс шаралар өткізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтын тапсырмасына сәйкес таяудағы жылдары ауыл шаруашылығың көтеру аясында тұрғындармен тығыз жұмыс істеудің арқасында бұгінгі күні шағын мал фермалары қалыптасуда .

Аталған фермер қожалығының басшылары малдың басын көбейту және асылдандыру жұмысымен айналысады. «Даниял и Ко» фермер қожалығының басшысы Қапышев Сағат 220 жылқы бағуда. Қапышев Сағат өз күшімен мал сою орынын әзірлеп, құжаттары рәсімделді. Қулыкөл ауылы бойынша мал сою алаңы қолға алынды. Бөлегенов Ерден аяқтауға тиіс. Қаратал ауылында екі жылдан бері төрт үйде бие сауып, қымыз сатылып, халықтың игілігіне пайдалануда. Қымыз - әрі сусын, әрі ем. Қазіргі уақытта тойларда қымыз қойып тойлайтын болды. Бұл өте жақсы ырым және әдетке айналдырмақ игі іс болмақ.



Биылғы жылғы « Балапан» бағдарламасы бойынша, Кулыкөл ауылында былтырғы жылы ашылған шағын орталығы жұмыс істеп жатыр. Қаратал ауылынан жеке үйден, Береке ауылунда мектептің ішінен шағын орталық ашылып, жұмыс орындар пайда болды. Қулыкөл ауылы бойынша 168 телефон жүйесі қойылды. «Жергілікті атқарушы органдары басшыларының тұрғындармен кездесулерінің өткізу туралы» Қазақстан Республикасыны Президенті Н.Ә Назарбаев билік пен халықтың бір-біріне тығыз байланысты екенін, яғни, жыл сайын әкімдер ел тұрғындарының алдында есеп беру қажеттілігін атап айтты. Елбасы Н.Ә Назарбаевтың жолдауын насихаттау мақсатымен 2009 жылы 20-шы қаңтар күні өтті. Кездесуде 8 сұрақтар мен ұсыныстар түскен аудандық қызметкерлерге хаттар жіберілді, сол сұрақтардың және ұсыныстардың 3-уі шешіліп, жауабы берілді, қалған 5 сұрақ бақылауға қойылды.

  1. Қулыкөл ауылдық округі бойынша үш телеарна «Хабар», «Қазақстан» және «Евразия Қазақстан» каналдары қосылды.

  2. Елді мекендер бойынша үйлер, мектеп алаңдарында ағаштар отырғызылып,ауыл тұрғындары арасында табиғатты қорғау жұмыстары жүргізілуде.

  3. Береке, Қаратал ауылдарында телефон тартылуы 4-ші тоқсанға жоспарланды.


Келешекте орындалу және шешімін табу жұмыстары:.

  1. Ауыл аймаққа бір техника бөлінуі (трактор)

  2. Интернет қосу станциясы

  3. Қаратал ауылына трансформатор және ауыз су мәселесі.

  4. Әуезов орта мектебіне дизельдік элекртоқондырғыш орнату

  5. Береке ауылына ауыз су мәселесі

Ауылдағы шешімін күтіп тұрған мәселелер жеткілікті. Жалпы округ бойынша халық жағдайы жылдан – жылға жақсарып келеді. Еңсеміз тіктеліп, ертеңгі күнге сеніммен қараудамыз. Бізді үлкен міндеттер мен асулар күтіп тұр. Сондықтан, Сіздер де, ауылдастар, бұл ортақ істен сырт қалмей, қолдау жасаңыздар. Алынбайтын қамал жоқ, ертең-ақ ісіміз алға басатынына сенімім мол.

Назар салып тындағандарыңызға рахмет!


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет