Салықтар – заңды тұлғалардың, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы сипаттарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар ұйымдар мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ ұйымдар мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Мемлекетке өзінің ішкі және сырқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Салықтар мынадай нысаны, белгілері бойынша топтастырамыз немесе жіктеледі:
-
Салық салу объектісіне байланысты;
-
Қолданылуына қарай;
-
Салық салу органына байланысты;
-
Экономикалық ерекшелігіне байланысты;
-
Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай.
Салықтың мынадай негізгі қызметтері (функциялары) бар:
-
реттеушілік;
-
фискалдық;
-
қайта бөлу;
Жоғарыда көрсетілген негізгі функцияларымен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын да атауға болады.
Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.
2. Салық салудың мынадай негізгі қағидалары бар:
-
Салық салудың әділдік қағидаты.
-
Қарапайымдылық қағидаты.
-
Салықтардың анықтығы.
-
Жеңілдіктердің ең аз саны.
-
Салық салудың экономикалық бейтараптығы.
-
Салық мөлшерлемесінің салыстырмалығы.
Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізделеді.
Міндеттілік принципі
Салық төлеуші салық міндеттемесін, салық агенттігі –салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті ҚР салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.
Айқындылық принципі
ҚР салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуы тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салық міндеттемесі, салық агенттігінің слықтарды ұстау, аудару және есептеу жөніндегі міндеті туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібі белгісі анық болуы керек.
Әділдік принципі
ҚР салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке дара сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.
Біртұтастық принципі
ҚР салық жүйесі ҚР бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай жүйе болып табылады.
Жариялылық принципі
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік – құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға тиіс.
Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді. Елімізде салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тиым салынады.
Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады.
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.
Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы катего-риясының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.
Фискалдық функция – барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасды, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі.Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шаралады жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюына байланыстыпайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ұлттық өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді.
Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
3. Қазақстан Республикасында әрекет етіп тұрған салықтар мен басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер:
-
Салықтар:
-
Корпоративтік табыс салығы.
-
Жеке табыс салығы.
-
Қосылған құнға салынатын салық.
-
Акциздер.
-
Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.
-
Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы.
-
Әлеуметтік салық.
-
Жер салығы.
-
Көлік құралдарына салынатын салық.
10.Мүлікке салынатын салық.
Салық есебінің ережелері және салық есептілігі
1. Салық төлеушiлер салық салу объектілерi мен салық салуға байланысты объектiлердi осы Кодексте белгiленген тәртiп пен шарттар бойынша есептеу әдiсiмен айқындайды.
2. Шетел валютасымен жасалатын операция салық салу мақсатында операция (төлем) жасалған күнгi валюта айырбастаудың рыноктық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен қайта есептеледi.
3. Салық мақсаттары үшiн тауар-материалдық қорлар есебi Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
4. Барлық салықтарға қатысты баспа-бас айырбас операциялар осы операцияларды шот-фактуралармен мiндеттi түрде ресiмдей отырып қолданылатын бағалар бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу ретiнде қарастырылады.
Есеп құжаттамасын жасау және сақтау.
1. Салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi айқындау үшiн, сондай-ақ салық мiндеттемелерiн есептеу үшiн негiз болатын бухгалтерлiк құжаттама және өзге де құжаттар есеп құжаттамасы болып табылады.
2. Есеп құжаттамасы қағазда және (немесе) электрондық көздерде жасалады және осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, есеп құжаттамасы жасалған кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнен бастап, осындай құжаттама қатысты болатын әрбiр салық түрi немесе басқа да мiндеттi төлем үшiн Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады.
3. Қызметiн жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушiлердің есеп құжаттамасы келiсiм-шарттың қолданылуы аяқталған кезеңнен кейiнгi салық кезеңi үшiн осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады.
4. Тiркелген активтердiң, соның iшiнде қаржы лизингi бойынша берiлген (алынған) активтердің құнын растайтын есеп құжаттамасы осындай актив бойынша амортизациялық аударымдар есептелетiн соңғы салық кезеңi үшiн Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады. Амортизациялауға жатпайтын тiркелген активтердің құнын растайтын есеп құжаттамасы салық салу мақсатында осындай активтер өткiзiлген салық кезеңi үшiн осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады.
5. Бухгалтерлiк құжаттаманы салық төлеушi мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде жасайды.
Шет тiлдерде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде салық органы олардың мемлекеттiк тiлге немесе орыс тілiне аударылуын талап етуге құқылы.
6. Есеп құжаттамасы электрондық көздерде жасалған кезде салық төлеушi мониторинг кезiнде және тексеру барысында салық органдарының талап етуi бойынша мұндай құжаттардың қағазға түсiрiлген көшiрмелерiн беруге мiндеттi.
Бөлек есеп және оны жүргiзу тәртiбi.
1. Кодексте салық салудың әртүрлi шарттары көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердің бөлек есебiн жүргiзуге мiндеттi.
2. Салық төлеушiлер бөлек есепке алуды осы Кодексте белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, бухгалтерлiк есепке алу деректерi негiзiнде жүргiзедi. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, бөлек есепке алу әрбiр қызмет түрi бойынша жеке жүргiзiледі.
2-1. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушы келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша және келiсiм-шарт шеңберiнен тыс қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу үшiн бөлек есепке алуды жүргiзуге мiндеттi.
3. Белгiлi бiр қызмет түрiне жатқызылған барлық кiрiстер мен шығыстар тиiстi есеп құжаттамасымен расталуға тиiс.
Салық есептiлiгi дегенiмiз - Кодекстiң 67-бабының ережелерiн ескере отырып, салық төлеушi, салық агентi салық органдарына табыс ететiн, салық мiндеттемелерiн есептеу туралы ақпараты бар құжаттама.
2. Салық есептiлiгiне осы тармақта көрсетiлген мынадай құжаттар, сондай-ақ олардың қосымшалары мен қосымша нысандары кiредi:
салықтың әрбiр түрi және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша салық төлеушi жасайтын салық декларациялары, есеп-қисабы;
арнаулы салық режимдерiн қолдануға патент алуға өтiнiштер;
Кодекстiң 397 және 531-баптарына сәйкес салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi тiркеу және қайта тiркеу туралы өтiнiштер;
қосылған құн салығын бюджеттен қайтарып алуға өтiнiштер;
қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттар нормаларын қолдануға берiлген өтiнiштер; шот-фактуралар тiзiлiмi; Кодекске сәйкес электрондық мониторингке жататын, салық төлеушiлер табыс ететiн құжаттама.
3. Салық есептiлiгi - салық төлеушiнiң, салық агентiнiң осы Кодексте белгiленген тәртiпке сәйкес салық органдарына берiлген жазбаша өтiнiшi және (немесе) электрондық құжаты, онда салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер туралы, сондай-ақ салық мiндеттемелерiн есептеу мен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеуге байланысты басқа да деректер туралы мәлiметтер болуға тиiс.
4. Салық декларациясы мен есеп-қисабында көрсетiлуге тиiстi белгiлi бiр деректер болмаған жағдайда, оған уәкiлеттi орган белгiлеген тиiстi қосымшалар табыс етiлмейдi.
5. Шаруа (фермер) қожалықтарына және қызметтiң жекелеген түрлерiне арнаулы салық режимдерiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда, қызметтерiн уақытша тоқтата тұрған жағдайда дара кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар тiркеу есебiнде тұрған жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша алдағы кезеңге қызметтi уақытша тоқтата тұру туралы өтiнiш бередi. Қызмет өтiнiште көрсетiлген, бiрақ он екi айдан аспайтын мерзiмге уақытша тоқтатылуға жатады.
Салық төлеушi қызметтi уақытша тоқтата тұрудың ағымдағы кезеңiнiң аяқталу күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде қызметтi уақытша тоқтату туралы кезектi өтiнiш беруге құқылы. Салық органдары қызметтi уақытша тоқтата тұру туралы немесе қызметтi уақытша тоқтата тұрудан бас тарту туралы хабарламаны өтiнiш берiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жiбередi. Салық берешегiнiң болуы немесе Кодекстiң 69-бабының 7-2-тармағына сәйкес салық есептiлiгiн табыс етпеу қызметтi уақытша тоқтата тұрудан бас тартуға әкеп соғады. Қызметтi уақытша тоқтата тұрудан бас тартылған жағдайда салық төлеушi осы Кодексте белгiленген тәртiппен өзiнiң салық мiндеттемелерiн орындайды. Қызметтi уақытша тоқтата тұру туралы немесе қызметтi уақытша тоқтата тұрудан бас тарту туралы хабарлама салық төлеушiнiң (өкiлiнiң) өзiне қол қойғызу арқылы немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылуға тиiс. Салық төлеушi қызметтi уақытша тоқтата тұру туралы хабарламаны алған жағдайда қызметтi уақытша тоқтата тұру туралы өтiнiште көрсетiлген күннен бастап қызметi уақытша тоқтатыла тұрған деп есептеледi.
Қызметтi уақытша тоқтата тұру қызметтi қайта бастаған күнге дейiн алдағы салық кезеңдерi үшiн салық есептiлiгiн тапсырмау үшiн негiз болып табылады.
Салық есептiлiгiн жасау мен табыс ету тәртiбi.
Салық есептiлiгiн салық төлеушi, салық агентi не олардың өкiлдерi осы Кодекске сәйкес уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және нысандар бойынша дербес жасайды.
Кодексте салық салудың әртүрлi шарттары көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер мұндай қызметтiң әрбiр түрi үшiн бөлек салық есептiлiгiн жасайды.
Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта өзгеше көзделмесе, бөлек есеп жүргiзу қажеттiлiгi көзделген жер қойнауын пайдаланушылар келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша және келiсiм-шарт шеңберiнен тыс қызмет бойынша бөлек салық есептiлiгiн жасайды.
Салық есептiлiгi қағазда және (немесе) электрондық көздерде мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде жасалады. Салық есептiлiгi электрондық көздерде жасалған кезде салық төлеушi, салық агентi уәкiлеттi органның талап етуi бойынша осындай құжаттардың қағазға түсiрiлген көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.
Қағазға түсiрiлген салық есептiлiгiне салық төлеушi, салық агентi (басшы және бас бухгалтер) не оның уәкiлеттi өкiлi қол қоюға, сондай-ақ ол салық төлеушiнiң, салық агентiнiң не оның уәкiлеттi өкiлiнiң мөрiмен расталуға тиiс. Салық есептiлiгi электронды түрде жасалған кезде электрондық құжат салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталуға тиiс.Салық төлеушi, салық агентi салық есептiлiгiн жасаған кезде, оның iшiнде мұндай есептiлiктi оның өкiлi жасаған жағдайда, салық есептiлiгiнде көрсетiлген деректердiң дұрыстығы үшiн жауаптылық салық төлеушіге, салық агентiне жүктеледі. Салық төлеушi, салық агентi салық есептiлiгiн тиiстi салық органдарына Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмде табыс етедi. Салық төлеушi (заңды тұлға) қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ол туралы салық органына жазбаша хабарлайды.
Таратудың салық есептiлiгi заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты құжаттық тексерудi жүргiзу туралы өтiнiшпен бір уақытта өткiзу актiсiн, бөлу немесе тарату балансын бекiткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде тапсырылады.
Салық есептiлiгi алдын ала камералдық бақылаусыз қабылданады.
Егер салық есептiлiгiнде: салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi көрсетiлмесе не дұрыс көрсетiлмесе; салық кезеңi көрсетiлмесе; осы баптың қолтаңба мен салық есептiлiгiн куәландыруға қатысты талаптары бұзылса, уәкiлеттi орган белгiлеген электрондық пiшiмнiң құрылымы бұзылса, салық есептiлiгi салық органына берiлмеген болып есептеледi.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Салықтың даму тарихы қандай?
2.Салық есебі қандай қызмет атқарады?
3. Салық есебінің объектілері қандай?
4. Салық кодексі қашан қабылданған?
2 – Тақырып. Корпоративтік табыс салығының жалпы сипаттамасы және рөлі
Дәріс жоспары:
1.Табыс салығының заңнамалық негізі
2.Корпоративтік табыс салығының салық салу объектісі
3.Корпоративтік табыс салығын бухгалтерлік есепке алу
1.ХҚЕС-ның № 12 «Табысқа салынатын салық» стандарты талабына сәйкес бухгалтерлік есеппен салық есебі арасында салық базасын анықтау кезінде айырмашылықтар пайда болады. ҚР салық кодексінің талабына сәйкес салық салынатын табыс базасын есептеу ережелері өзгертілді. Сондықтан бухгалтерлік есеп деректері мен салық есебінің деректері арасында айырмашылықтар туындады. Олар өздерінің мәні мағынасы, алатын орындарына байланысты тұрақты және уақытша айырмашылық болып бөлінеді.
Айырмашылықтың пайда болу себептерінің бірі, кейбір шығындар салық есебінде салық салынатын табысты анықтау кезіндегі рұқсат етілетін шегерімдер болып табылмайды, бірақ бұл шығындар бухгалтерлік есеп кезінде шегерілетін болады. Мұндай айырмашылықтар тұрақты айырмашылық деп аталады. Тұрақты айырмашылықтар – бұл есептік кезеңдегі салық есебіндегі салық салынатын табыс және бухгалтерлік есептің табыстар арасындағы айырмашылық. Олар ағымдағы есептік кезеңде пайда болады және келесі кезеңдерде жабылмайды.Тұрақты айырмашылықтар түріне: айыппұлдар, өсімпұлдар, сыйақы бойынша шығындар, өкілдік шығындар сомасы және тағы басқалары жатады. Бұл корпоративтік табыс шығындары «корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар» 7710-дебет шоты бойынша осы есептік кезеңде анықталған, салық салынатын табыстың сомасының жиынтығы ретінде көрсетілген.
Уақытша айырмашылықтар – бұл есептік кезең уақытынан тыс, бірақ есептік табысқа қосылатын айырмашылық. Уақытша айырмашылықтар бір немесе бірнеше келесі кезеңдерде күшін жояды. Оларға дебиторлық берешек шығындары, бюдетке төленетін салықтар және де басқа да міндетті төлемдер, негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары, бағалы қағаздардың залалы жатады. Олар егер қосымша төленетін салық ретінде анықталса «Корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салық міндеттемесі» 4310- шотында көрсетіледі. Керісінше, қосымша қайтарылатын салық ретінде анықталса, «Корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер» 2810- шотында анықталады.
Салық салынатын табыс немесе корпоративтік табыс салығының базасы = Бухгалтерлік табыс + Тұрақты айырмашылық + Уақытша айырмашылық.
Салық заңы кәсіпкерлік қызметтен келген залалды келесі кезеңдерде салық салынатын табыс есебінен жабу үшін белгілі бір мерзімге айыстыруға рұқсат етеді. Жіберілген залалды есепке алу нәтижесінде салық төлемін азайту есебінен үнем алуды қамтамасыз етеді. Мұндай үнем сол кезеңде таза табыс есебіне қосылады, ол өзгеруі де мүмкін. Міндеттеме әдісі бойынша табыс салығының есебін ұйымдастыру талаптарына сәйкес ағымдағы есептік кезеңде бюджет алдындағы бір уақытта көрсетумен табыс салығы бойынша шығындар сомасын есептеу қажет.
Ағымдағы есептік кезеңдегі табыс салығы бойынша шығындарда, келесі табыстар есебінен болған залалдың есебінің әдісіне әкелетін, келесі есептік кезеңдегі табыс салығы бойынша үнем көрсетілген, яғни осы есептік кезеңде келесі есептік кезеңнің табыс салығы бойынша ағымдағы кезеңде теріс нәтижелер бойынша пайда болған үнем көрсетіледі.
Бұл үнем «Кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салығы» дебеті бойынша, «Ауыстырылған залалдар бойынша» қосалқы шотында көрсетіледі, өйткені уақытша айырмашылықтағы кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салығы бойынша, бюджетпен есеп айырысу бұл жағдайда өтелім аударымы арқылы, шегілген залалдан пайда болған кейінге қалдырылған табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысуды бөліп алған жөн.
Салық жеңілдігі есеп беруде келесі есеп беру кезеңіне айыстырылған жағдайда көрсетіледі. Салық заңына сәйкес залалдарды ауыстыру салық есебінің шеңберінде жүргізілетінін еске алу қажет.
2.Республикалық бюджетке аударылатын негізгі салықтардың бірі - корпорациялық табыс салығы. Оны төлеушілерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасыдағы көздерден табыс алатын резиден емес заңды тұлғалар жатады.
Салық салу объектілері мыналар:
-
Салық салынатын табыс;
-
Төлем көзінен салық салынатын табыс;
-
Қазақстан Республикасыда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы.
Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен түзетулерді ескере отырып жоғарыда көрсетілген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады. Түзетілген жиынтық жылдық табыстан шегерімдердің асып түсуі кәсіпкелік қызметтен шегетін залал деп танылады. Залал жылдық жиынтық табыстан шегерімдерді алып тастағанға тең. Төмендегі мысалда залалды есептеу көрсетілген.
Ұйымның операциялары:
-
өткізілген жер учаскелері 20 000 теңге;
-
алынған сыйақылар 10 000 теңге;
-
өткізілген тауарлар 30 000 теңге;
-
іс-сапар шығындары 40 000 теңге.
Берілген мәліметтер бойынша жылдық жиынтық табыс пен шегерімдерді анықтаймыз.
Жылдық жиынтық табысқа өткізілген жер учаскелері, алынған сыйақылар, өткізілген тауарлар кіреді, яғни 20 000 + 10 000 + 30 000 = 60 000 теңге. Біздің мысалымызда іс-сапар шығындары шегерімдер болып табылады, яғни 40 000 теңге шегерім. Сонда ұйым (60 000 – 40 000) 20 000 теңге залал шегіп отыр.
Салық төлеушінің түзетулер ескерілген және белгіленген тәртіппен шеккен залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 30 пайыздық ставка бойынша салық салуға жатады. Негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық төлеушінің түзетулер ескерілген және белгіленген тәртіппен шеккен залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 10 пайыздық ставка бойынша салық салуға жатады.
3. Салықтарды есепке алу бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарының 3 «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөліміндегі 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» бөлімшесінде жүргізіледі.Оған мына шоттар кіреді:
3110 «Төленуге тиісті корпоративтік табыс салығы»;
3120 «Жеке табыс салығы»;
3130 «Қосымша құн салығы»;
3140 «Акциздер»;
3150 «Әлеуметтік салық»;
3160 «Жер салығы» ;
3170 «Көлік құралдарына салынатын салық»;
3180 «Мүлік салығы»;
3190 «Басқа да салықтар».
Корпоративтік табыс салығы бойынша шоттар корреспонденциялары
№
|
Шаруашылық операция мазмұны
|
Дебет
|
Кредит
|
1.
|
Төлеу көздерінен корпоративтік табыс салығы ұсталды
|
3310,3390
|
3110
|
2.
|
Корпоративтік табыс салығы есептелді
|
7710
|
3110
|
3.
|
Уақыт айырмасын жойған кезде пайда болған,есептегі кезеңде төленуге тиісті корпоративтік табыс салығы
|
4310
|
3110
|
4.
|
Есеп саясатында болған өзгерістерге байланысты корпоративтік табыс салығы көбейді
|
5420
|
3110
|
5.
|
Есеп саясатында болған өзгерістерге байланысты корпоративтік табыс салығы азайды
|
3110
|
5420
|
6.
|
Тоқтатылған қызмет табыстарынан корпоративтік табыс салығы ұсталды
|
7510
|
3110
|
Резидент еместердің Қазақстан Республикасығы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын табыстар төлем көзінен 15 пайыздық ставка бойынша салық салуға жатады.
Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығының үстіне белгіленген тәртіппен 15 пайыздық ставка бойынша салық салуға жатады. Күнтізбелік жыл корпорациялық табыс салығы үшін салық кезеңі болып табылады. Егер ұйым күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылса, оның құрылу күнінен бастап күнтізбелік жылдың аяғына дейінгі уақыт кезеңі ол үшін бірінші салық кезеңі болып табылады.
Арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды және Қазақстан Республикасындағы төлем көздерінен тек қана төлем көздеріне салық салынуға тиіс табыс алатын және қызметін Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме жүзеге асырмайтын резидент еместерді қоспағанда, корпорациялық табыс салығын төлеушілер декларацияны салық органдарына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Корпоративтік табыс салығын төлеушілер кімдер?
2. Корпоративтік табыс салығының базалары?
3. Салық есебінің объектілері қандай?
4. Корпоративтік табыс салығын есепте көрсету?
Достарыңызбен бөлісу: |