1. Бұл жағдайда белгі тек әрекеттен тұрады «/тапсырыстың бірінші позициясын алу».
2.Бұл әрекеттің орындалуынан кейін біз Тексеру күйіне ауысамыз. Бұл күймен белгілі бір қызмет сәйкестендіріледі. Бұл сәйкестік келесі синтаксиспен берілетін белгі белгіленеді: орындау/қызмет. Бұл жағдайда қызмет «тапсырыс позициясын тексеру» деп аталады.
Көрсетілген жоғарыдағы суретте біз үш шартпен жұмыс жасаймыз:
1. Егер тапсырысқа кіретін барлық позициялар тексерілмесе, онда біз келесі позицияны аламыз және Тексеру күйіне қайта ораламыз.
2. Егер барлық позициялар тексерілсе және олар қоймада бар болса, онда Жіберу күйіне ауысамыз.
3. Егер барлық позициялар тексерілсе, бірақ олардың барлығы қоймада болмаса, онда біз Күту күйіне ауысамыз.
Алдымен, Күту күйін қарастырайық. Бұл күйде қызметтер жоқ. Сондықтан да берілген тапсырыс белгілі бір оқиға орындалмайынша күту күйінде болады. Күту күйінен ауысудың екеуі де «Позиция алынды» оқиғасымен белгіленген. Бұл, сәйкес тапсырыс, берілген оқиғаның орындалуын анықтағанша, күту күйінде болатынын білдіреді. Бұл мезетте берілген ауысулардың күзет шарттары бағаланады және не Жіберу күйіне, не қайта Күту күйіне сәйкес ауысу жүргізіледі.
Жіберу күйінде жеткізуді орындайтын қызмет (әрекет) бар. Бұл күйден «Жеткізілді» оқиғасының басталуының нәтижесінде орындалатын тек бір ғана ауысу орындалады. Бұл қарастырылып отырған ауысу белгілі оқиға басталса ғана орындалатынын білдіреді. Бірақ мұнда әрекет аяқталса да ауысу орындалмайтынын көруге болады; керісінше, «жеткізуді орындау» әрекеті аяқталса да, берілген тапсырыс «Жеткізілді» оқиғасы орындалмайынша Жіберу күйінде қалады.
Енді «болдырмау» деп аталатын ауысуды қарастырайық. Біз кез – келген мезетте тапсырыс клиентке жетпейінше, оны болдырмау мүмкіндігіне ие болуымыз керек. Оны әрбір күйден орындалатын дара ауысуларды суреттеу арқылы іске асыруға болады: Тексеру, Күту, Жіберу. Ыңғайлы альтернативті амал – берілген үш күй үшін белгілі бір суперкүйді анықтау. Содан соң одан жалғыз ауысуды аламыз. Бұл жағдайда, ішкі күй суперкүйдің кез – келген ауысуын иеленеді. Ауысудың екеуі де суретте бейнеленген.
2 суретте тек ауысудың үш түрі ғана берілсе де өте күрделі болып көрінеді. 3 суретте көрініс айқынырақ, егер де кейінірек қандай да бір өзгерістерді енгізу керек болса, онда оқиғаны жіберіп алу қиын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |