Uml күй диаграммалары. Параллель күй диаграммасы. Күй диаграммаларын пайдалану


Келтірілген мысалдарда жүйе ішіндегі қызмет «орындау/қызмет» тексті түрінде көрсетілген. Жүйе ішінде, сонымен біге, басқа да ақпаратты көрсетуге болады



бет3/3
Дата23.12.2023
өлшемі485.6 Kb.
#487725
1   2   3
UML 9 лекция 26

Келтірілген мысалдарда жүйе ішіндегі қызмет «орындау/қызмет» тексті түрінде көрсетілген. Жүйе ішінде, сонымен біге, басқа да ақпаратты көрсетуге болады.
Егер күй, өзінен кейін ешбір ауысуды қажет етпейтін әрекетпен байланысқан оқиғадан әсер алса, бұл факт күй тіктөртбұрышына «ОқиғаАты/ӘрекетАты» түріндегі текстті енгізу арқылы суреттеуге болады.
Аты бар оқиғалардан басқа тағы екі оқиға түрі бар:
• Оқиға белгілі бір кезең аяқталғаннан кейін ғана басталады. Мұндай оқиға кейін сөзімен белгілеуге болады. Мысалы, (20 минуттан) кейін деп жазуға болады.
• Оқиға логикалық шарттың бірі орындалу нәтижесінде басталуы мүмкін. Мұндай оқиға егер сөзімен белгіленеді. Мысалы, егер (температура>100 градус) деп жазуға болады.
Тағы ерекше екі оқиға түрі бар: кіріс және шығыс. Кіріс оқиғасымен байланысты кез – келген әрекет объектінің тап осы күйге ауысқандағы мезетте орындалады. Шығысқа байланысты әрекет объект белгілі бір ауысудың орындауының нәтижесінде осы күйді қалдырып кеткен жағдайда орындалады. Егер қандай да бір әрекетпен байланысты, объектіні қайта орнына ауыстыратын рефлексивті ауысу бар болса, онда алдымен, шығыс әрекеті орныдалуы тиіс, содан соң ғана тап осы ауысудың әрекеті орындалады, және соңынан кіріс әрекеті. Егер осы күймен қандай да бір қызмет сәйкес келсе, онда ол бірден кіріс әрекетінен соң басталады.
Параллель күй диаграммасы
Тапсырыс позициясының барлығымен байланысқан тапсырыс күйінен басқа тағы тапсырысты төлеуді растауымен байланысқан күйлер бар. Бұл күйлер суреттегідей диаграммаға ұқсас түрде келтірілуі мүмкін.
Бұл жағдайда барлығы төлемді растауды тексеріден басталады.
«Төлемді тексеру» қызметі тексерістің орындалу нәтижесі жайында шыққан хабармен аяқталады. Егер тапсырыс төлемі орындалса, онда бұл тапсырыс «Төлем Расталды» күйінде «Жіберілді» оқиғасы басталмайынша болады.кері жағдайда, тапсырыс «қайтарылды» күйіне ауысады.
Осылайша, Тапсырыс объектісінің тәртібі 1 және 4 суретінде берілгендей анықталады.
Параллельді күйлер диаграммасының мәні – бір мезгілде екі түрлі күйде болатынында. Ал олардың әрқайсысы өз диаграммасында болады. Тапсырыс параллельді күйлерді қалдырған жағдайда ол тек бір күйде болады. Бұл диаграммадан бастапқы мезетте тапсырыс бір мезгілде екі түрлі күйде болатынын байқауға болады: Тапсырыс Позициясын Тексеру және Төлемді Растау. Егер «төлемді тексеру» қызметі Төлемді Растау күйінде бірінші болып сәтті аяқталсы, онда тапсырыс екі күйде болады: Тапсырыс Позициясын Тексеру және Төлем Расталды. Егер де «қайтарылды» оқиғасы басталса, онда тапсырыс тек Болдырмау күйінде болады.
Параллельді күйлер диаграммасын қандай да бір объект тәуелсіз тәртіптер жиынына ие болған жағдайда қолданған пайдалы. Бірақ бір объектіні сипаттайтын параллельді күйлерді өте көп мөлшерде құрудың қажеті жоқтығын ескерген жөн. Егер қандай да бір объект үшін бірнеше күрделі параллельді күйлер диаграммалары бар болса, онда осы объектіні дара бөліктерге бөлу мүмкіндігін қарастыру керек.
Күйлер диаграммаларын белгілі бір объектінің іс – қимылын әр түрлі пайдалану нұсқаларында суреттегенде қолданған өте ыңғайлы. Бірақ кооперация құратын бірнеше объектінің тәртібін сипаттауда қолайсыз. Негізінде, күйлер диаграммаларын басқа әдістермен біріктірген пайдалы. Мысалы, өзара әсер ету диаграммалары бірнеше объектінің тәртібін пайдалану нұсқасының бір түрінде сипаттау барысында пайдаланған өте ыңғайлы.
file:///D:/Documents%20and%20Settings/User/%D0%9C%D0%BE%D0%B8%20%D0%B4%D0%BE%D0%BA%D1%83%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%82%D1%8B/Downloads/01+%D0%BF%D0%B5%D1%87%D0%B0%D1%82%D1%8C+%D0%9B%D0%95%D0%9A+%D0%9E%D0%98%D0%A1.pdf

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет