Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары



бет4/6
Дата09.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#124521
1   2   3   4   5   6

4. Уранды өндіру және өңдеу жұмыстары кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1-параграф. Кен өндіретін кешенде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
525. Жер асты ұңғымалы сілтілеудің өндіру кешенін салу қолданыстағы құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптарына сәйкес келетін белгіленген жобаның бекiтiлген жобаның белгіленген тәртібі бойынша орындалуы тиіс

Өндіру кешенінiң құрылысының жобасына өндіру кешенін жою тәртібі мен тәсілдерін және жер қыртысына рекультивациялауды белгілейтін бөлім енгізілуі тиіс.

526. Өндіру кешенiнің үсті құрылыстарды, технологиялық құбыр жүргізу желілерін төсеу және пайдалану және қыземт көрсетудің қауіпсіз жағдайларын жасау үшін жоспарлануы тиіс. Барлық құрылғылар мен техникалық құрал-жабдықтарға қауіпсіз бару жолдары қамтамасыз етілуі тиіс.

527. Өндіру кешеннiң аумағы қоршалуы тиіс немесе тиiстi қауiпсiздiк белгiлерiмен белгіленуі тиіс.

528. Технологиялық ұңғымалардың пайдалану бағандарының жоғарғы бөлігі жер бетінен кемiнде 0,3 м шығып тұруы тиіс.

529. Барлық технологиялық ұңғымаларын нөмiрі олардың бастиектерінде батыра ұрылып жазылған болуы тиіс немесе ұңғыма бастиегінің жанына ілінген тақтайшаға бояумен жазылуы тиіс.

530. Ұңғыларының сағаларынан өнiмдi ерiтiндiлердің шашырауын болдырмау үшін, оларды айдау ұңғымаларынан беру, құрама құбырлармен құрастырылған магистралдi құбырға герметикалық кесiп орнатумен сору арқылы iске асырылуы тиіс.

531. Ұйымның техникалық басшысы бекiткен кесте бойынша жыл сайын жұмыс орындарын, өндірістік аумақтың және өндіру кешенінің персоналының дозиметриялық бақылаудың радиометриялық бақылауды жүргізеді.

532. Ұңғымалар сағасының жанында шұңқырлар пайда болған кезде, олар тез арада тегістеліп, жабылуы тиіс.

533. Сорғы бекеттері топырақтың жерасты және жер үстi суларының басуынан қорғалуы тиіс, бекет едендері коррозияға берік болуы тиіс.

534. Сорғы жабдықтары, оның орамдары, бекіту және реттегіш тетіктері тоттануға төзімді болуы тиіс.

535. Сору станцияларының машина залдарында тетiктерге қызмет көрсету және жүк көтеру жабдықтарын жөндеу үшiн, алаң ескеру тиіс. Алаңдарда, өлшемінің ені кемiнде 0,7 м болатын, еркін өтулердi қамтамасыз ету тиіс.

536. Машина залының биiктiгі еденнен төбесіне дейін, жүк көтергіш құрылғылар болмаған жағдайда, кемiнде 3,0 м құрауы тиіс. Жүк көтергіш құрылғылары бар, машина залының биiктiгі көтерілген жүктің төменгі жағы мен орнатылған жабдықтың аралығында кемiнде 0,5 м ара қашықтық қамтамасыз етілуі тиіс.

537. Едендердегi арналар және тағы басқа тереңдетулер жиналмалы тақталармен жабылуы тиіс немесе биiктiгі 1,1 м болатын, қолтіреуіштері бар, төменгі жағынан биіктігі 0,15 м болатын, тұтас қаптама жүргізілген, қоршаулармен қоршалуы тиіс, осындай қоршаулармен құбыр арқылы өтетін өткелдер де жабдықталуы тиісті.

538. Ысырмалардың электр қозғағыштарының және агрегаттарын орналасқан жердiң биiктiгi 1,4 м болғанда сору станцияларында алаң, көпiршелер ескерiлуі тиіс немесе оларға қызмет көрсету үшiн iргетастың енiн үлкейту тиіс.

539. Жұмыс жарығынан басқа, желіден қуат алатын авариялық шамдар немесе тасымалды аккумуляторлық қол шамдар қарастырылуы тиіс.

540. Жабдықтың жылжымайтын шығып тұрған бiр бөлiктерiнiң және электрлік қозғалтқыштармен арасындағы өтулердiң ең төменгi ені 1,0 м 1000 В дейiнгі кернеуде, ал 1000 В жоғары кернеуде – ені 1,2 м болады.

541. Еденнен тереңдетiлген бекеттерде 1000 В дейiнгі кернеуде жұмыс істейтін электр қозғалтқыштары бар және айдағыш келте құбырларының диаметрі 200 мм болатын сорап агрегаттарының қондырғыларын машина бөлiмшесiнiң қабырғаларынан кемiнде 0,25 м қашықтықта орнатуға болады. Бұл кездері агрегаттардың арасындағы өткелдердің ені, кемiнде 0,7 м болуы тиіс.

542. Ұйымның техникалық басшысы сору станцияларының қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз ету үшiн сору бекеттерін қауiпсiз пайдалануға және оның қалыпты жағдайына жауапты адамды тағайындайды.

543. Сору бекеттері үй-жайларының көрнектi орындарына, ұйымның техникалық басшысы бекіткен, шартты түсте орындалған, бекіткіш тетіктер, құбыр жолдары және олардың тетіктері қөрсетілген технологиялық сызбалары сызылған тақтайшалар ілініп қойылуы тиіс. Сызбаларға барлық өзгерiстер 3 тәуліктен кеш емес уақытта енгiзiлуi тиіс.

544. Сорап агрегаттарын іске қосу, оларға қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары, ұйымның техникалық басшысы бекiткен нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.

545. Сорап агрегатының өнiмдiлiгiн соратын құбыр жолдардағы ысырма бекіткішпен реттеуге жол берілмейдi. Сорғы жұмыс істеп тұрған кезде, соратын құбырдағы ысырма бекіткіш толық ашық болуы тиіс.

546. Авария қауіптілігі орын алуы мүмкін кезінде сору агрегаттары қауiп-қатердiң алдында толық тоқтатылуы тиіс. Кезекшi оператор өз әрекеттерi туралы жоғары тұрған жетекшiге баяндауы тиіс.

547. Технологиялық ерiтiндiлерді тазалау үшiн және олардағы механикалық жүзiндiлердi тұндыру үшін, көлемi өндіру кешенінiң өнiмдiлiгіне сәйкес жоба бойынша анықталған арнаулы тұндырғыштар қолданылуы тиіс.

548. Тұндырғыштарды және олардың элементтері мен түйiндерiн жобалау, жасау және монтаждау кезінде, ортаның химиялық белсендiлiгiн байланысты материалдар, жартылай дайын өнімдер және бұйымдар қолданылуы тиіс.

549. Жұмыстарды жүргізетін ауданның инженерлiк және гидрогеологиялық шарттарына байланысты тұндырғыштар алыс жер бетiндегi, жер бетінен тереңдетiлген немесе жер бетiнен жоғары орналастыруға болады.

550. Жер бетiнен жоғары тұндырғыштар, реагенттерді сақтауға арналған резервуар-ыдыстарға (сыйымдылықтарға) қойылатын барлық талаптарды орындай отырып, түпыдыстардағы iргетастарға орнатылады.

551. Ұйымның техникалық басшысы бекiткен кесте бойынша жыл сайын бекітілген тәртіпке сәйкес тиісті актілерін жасай отырып, металдан жасалған тұндырғыштардың техникалық жай-күйі куәландыру және қабырғалардың жуандығын өлшеуді жүргізеді.

552. Тоттануға берік материалдарды және сүзгілеуге қарсы шараларды қолданумен және іргедегі енкіштерін бекіте отырып, жер бетiнен тереңдетiлген тұндырғыштардың құрылғыларын орнықтырылуы ескерiлуі тиіс.

553. Жер бетiндегi тереңдетiлген тұндырғыштардың ауданы мен өлшемдері, қолданыстағы құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

554. Тұндырғыштың құрылыстық биiктiгi, ерiтiндiлердiң есептiк деңгейінен кемiнде, 0,3 м асып тұруы тиіс.

555. Жер бетiнен тереңдетiлген тұндырғыштардың түбі көлденеңінен, тұнбаларды жуу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету үшiн құйылатын ерiтiндiлердің бағытына қарсы бағытта қозғалатындай, кемiнде 2% енкіш болуы тиіс.

556. Тұндырғыштарды жөндеу, жуу және тазалау жұмыстары кезінде ерiтiндiлердiң тұндырғыштарға түсуін болдырмайтын шаралар қарастырылуы тиіс.

557. Жер бетiнен жоғары тұрған тұндырғыштардағы жұмыстарды наряд-рұқсатнама бойынша арнайы бригада орындауы тиіс.

558. Жөндеу, тазарту және жуу жұмыстарын орындау кезінде тұндырғыштарға өндірістік жұмыскерлерді түсiру үшiн мықты металл сатыларды қолдану тиіс. Жұмыскерлер тиiстi сақтандырғыш белдеулермен, арқандармен жабдықталып, олардың тиісті арнайы киiмдері, аяқ киiмдері болу тиіс.

559. Технологиялық ерiтiндiлердi нақты мөлшерлерде толықтыра қышқылдандырып тұру үшін тұрған жерi және көлемi кен орындарындағы атқарылатын жұмыстардың технологиялық нұсқаулығына сәйкес жобада анықталған қышқылдандырудың арнайы жүйелері қолданылуы тиіс.

560. Қышқылдандыру жүйелері мен олардың элементтерiн монтаждау және жобалау, дайындау және монтаждау жұмыстарына ортаның химия белсендiлiгiне байланысты материалдар, жартылай дайын өнімдер және бұйымдар қолданылуы тиіс.

561. Араластырғыш құрылғылардың әр нақты жағдайдағы өлшемдерi құрылым жоба бойынша анықталатын, материалдары тоттануға төзімді, жаппай толық жабылатын экран-жабынмен жабылуы тиіс.

562. Қоюландырғыш және қайтарылған ерiтiндiлердiң және қышқылдандыру тораптардың тұндырғыштарына қызмет көрсететін жаяу жүргінші жолдар мен алаңдар, қызметкерлердің қатты желдерде реагенттердің шашырауынан сақтануын қамтамасыз ету үшін желдің басым болатын бағытын есептеумен орналастыру тиіс.

563. Қышқылдандыру тораптарындағы реагенттердің шығын ыдыстары қызмет көрсету алаңдарымен жабдықталуы тиіс.

564. Қышқылдандыру тораптарының қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз ету үшiн ұйым басшылығы өндірістік тәжiрибесі және арнайы техникалық даярлығы бар өндірістік қызметкерлерді, қышқылдандыру тораптарын қауiпсiз пайдалануға және оның қалыпты күйіне жауапты ретінде бұйрық бойынша тағайындауы тиіс.

565. Өндiрiстiк бөлмелердегi және жедел диспетчерлiк бекеттердің көрнекi орындарында, кеніштің техникалық басшысы бекіткен, шартты түстерде орындалған, қышқылдандыру тораптарының технологиялық сызбалары сызылған тақтайшалары ілініп қойылуы тиіс. Өзгерiстер барлық сызбаға 3 тәуліктен кешікпей енгiзілуi тиіс.

566. Қышқылдандыру тораптарын жөндеу және іске қосу, оларға қызмет көрсету жұмыстары, ұйымның техникалық басшысы бекiткен тиiстi нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.

567. Қышқылдандыру тораптарында құбыр жолдары тәуелсіз ыдыстарда 250 литрден кем емес көлемде су қоры болуы тиіс, дененің зақымданған бөліктеріндегі сілтіні немесе қышқылды шаюға арналған суатқылармен жабдықталуы тиіс.

568. Құбырларды, олардың түйiндерін, бөлшектерiн және элементтерін жобалау, жасау, монтаждау және жөндеу кезінде, ортаның химия белсендiлiгiн және жұмыс қысымдары мен температураларына қатысты материалдар, жартылай дайын өнімдер және бұйымдар қолданылуы тиіс.

569. Технологиялық құбыр жолдары, технологиялық ерiтiндiлердiң және реагенттердің ағып кетуіне жол бермеу мақсатында, олардың техникалық күйін үздіксіз бақылау, дер кезiнде жөндеу жұмыстарын қамтамасыз етуi үшiн, жер бетiмен және жер үстімен жүргізілуін қарастыру қажет.

570. Полиэтилен немесе поливинилхлоридтерден жасалған технологиялық құбыр жолдарын жер астымен төсеп жүргізуге рұқсат етiледi.

571. Құбырларды төсеп жүргізу кезінде, деформациялардың және температуралық кернеулерiн төмендету үшін оларды 900 бұру есебiнен өздігінен реттелуі ескерiлуі тиіс.

572. Барлық технологиялық құбырларда болуы тиіс: цифрлармен - тораптардың нөмiрі, бағыттауыш сызықпен - ортаның қозғалыс бағыты бояумен жазылуы тиіс. Әр құбырда кемiнде үш (тармақтанған орындарда немесе құбырлардың аяқ жақтарында және орта шенінде) белгiлері болуы тиіс. Әріптер мен цифрлар анық баспа жазуларымен жазылуы тиіс, бояуы құбырдың түрлi-түстi бояуында көрiнетiн бояу болуы тиіс.

573. Технологиялық құбыр жолдарын өткелдермен (жолдармен) қиылысулары тiк бұрышты болуын ескеру тиіс. Тiк бұрышпен қиылысу мүмкiн болмаған жағдайда қиылысу бұрышын 450-қа дейiн азайтуға рұқсат етiледi.

574. Металлдық емес (полиэтилен немесе поливинилхлорид) құбыр жолдарының өткелдермен (жолдармен) қиылысуы, жер бетінен кемiнде 1,0 м тереңдiкте жүргізілген және болат патрондарға салынған болуы тиіс.

575. Металл құбыр жолдарының кеніш ішіндегі өткелдермен (жолдармен) қиылысуы кезінде, олардың көрінетін ара қашықтығы кемiнде 4,5 м болуы тиіс.

576. Реагенттер, ауа және ерітінділер тасымалдайтын құбыр жолдарының жолдармен қиылысуына рұқсат етiлмейдi.

577. Реагенттер және ерітінді тасымалдағыш құбыр жолдары сұйықтықтардың ағу бағытына қарай енкіш салынуы тиіс. Төмендетудiң шамасы, құбырлардың тiреуіштердің арасындағы майысқан шамадан 2,5 еседен кем болмауы тиіс, бiрақ кемiнде 0,002% еңкіштікпен болуы тиіс.

578. Реагенттер, ауа және ерітінді тасымалдағыш құбыр жолдары, барынша төмендетілген (иiлген) бөлiктерінде, ерiтiндiлердi және реагенттерді құбыр жолдарын босату үшін, тұнбаларды немесе конденсаттарды құйып алатын құрылғылармен жабдықталуы тиіс. Құйып алатын құрылғыларының құрылымы жергілікті жағдайларға сәйкестендіріліп, жергілікті жағдайларға сәйкестендіріліп, құбырларды толық босатылуын қамтамасыз етуі тиіс.

579. Болаттан және тот баспайтын болат темірден жасалған құбыр жолдарының дәнекерленген қиюласулары тиiстi өнеркәсiптiк әдiстермен, сапалы дәнекерлеуді қамтамасыз ететіндей құрастырылуы тиіс.

580. Болаттан және тот баспайтын болат темірден жасалған құбыр жолдарының ажыратылатын фланецтік тетіктері тек қана, бақылау-өлшеу құралдарын, жабдықтарды және тетіктерді қосу орындарында қолдануға рұқсат етiледi.

581. Болаттан және тот баспайтын болат темірден жасалған құбыр жолдарында иілістер болса, онда олар ең жақын көлденең дәнекерленген тiгiстен кемiнде бiр сыртқы диаметр аралықта болуы тиіс, бiрақ кемiнде 100 мм-ден кем емес болуы тиіс.

582. Құбырлардағы тармақтар құбырларды бір-біріне дәнекерлеу жiктерiнен кемiнде100 мм аралықта рұқсат етiледi.

583. Құбырлардың дәнекерленген жапсарларының тiректердің орналасқан жерінен 200 мм жақын болуына рұқсат етiлмейдi.

584. Поливинилхлоридтен немесе полиэтиленнен жасалған реагенттер мен ерітінді айдау құбыр жолдары жер бетінде кемiнде 0,002% еңкіштікпен жүргізіледі.

585. Полиэтиленнен жасалған құбырларды дәнекерлеу жұмыстары қыздырып жүргізілуі тиіс немесе қиюластыра дәнекерленуі тиіс.

586. Поливинилхлоридтен жасалған құбырлардың қиюласуын тегірлік қосылыстарды қолдану арқылы герметикпен немесе муфта арқылы жабыстырылып немесе бір-біріне кигізіп жалғайды.

587. Поливинилхлоридтен немесе полиэтиленнен жасалған құбырларға металлдан жасалған тетіктердің қосылуын тот баспайтын саптамалар арқылы немесе полиэтилен немесе поливинилхлоридтен жасалған арнайы қалыпты бұрулары арқылы жүргізіледі.

588. Поливинилхлоридтен немесе полиэтиленнен жасалған құбырлардың тот баспайтын металл құбырлармен жалғануы, ажырамайтындай немесе ажыратылатындай болуы рұқсат етiледi. Ажырамайтын жалғанулар кигізіліп-түйісу тәсiлмен орындалуы тиіс.

589. Құбырлардың тетіктері жөндеу және қызмет көрсету үшiн ыңғайлы. орындарға орнатылуы тиіс. тиіс тi жағдайда алаңдар мен сатылар орнатылған болуы тиіс.

590. Жылжымайтын тiректердiң арасындағы әр құбыр бөлiгi температуралық сығымдалулардың өтемiне есептелген болуы тиіс.

591. Сыртқы диаметрі 426 мм артық болат және тот баспайтын металл құбырлар үшiн дәнекерленген секторлық теңдегіш құрылғылары болуы мүмкін.

592. Құбыр жолдарының жүктеме көтергіштері (тiректері), құбырда тасымалданатын ортаны және қажет болған жағдайда құбырдың сыртқы жылу орамдарын есепке ала отырып, сондай-ақ құбырлардың температуралық деформациядан пайда болатын күштерінен түсетін тiк жүктемеге есептелген болуы тиіс.

593. Жылжымайтын тiректерді, құбырлардың өзара теңдесу шарттарынан шығатын және қолайсыз жүктемелердiң үйлесiмi кезінде оларға берiлетiн күштерді есепке ала отырып орналастыру тиіс.

594. Ұйымның басшылығы, құбырларды қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз ету үшiн құбырларды қауiпсiз пайдалануды және қалыпты күйіне жауапты өндірістік жұмыскерді бұйрық бойынша белгiлеуi тиіс.

595. Өндiрiстiк бөлмелердегi және шұғыл диспетчерлiк бекеттердің көрнекi орындарында, кеніштің техникалық басшысы бекіткен, шартты түстерде орындалған құбырлардың технологиялық сызбалары сызылған тақтайшалары ілініп қойылуы тиіс. Құбырлар жүйесіне енгізілетін барлық өзгерiстер сызбаға 3 тәуліктен кешікпей енгiзілуi тиіс.

596. Құбырларды іске қосу, оларға қызмет көрсету және оларды жөндеу ұйымның техникалық басшысы бекiткен нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.

597. Мыналарға:

1) қысымда жұмыс істейтін құбырлардағы табылған ақауларды жоюға, сондай-ақ болтты біріктіруді тартуға;

2) құбырларда жұмыс ортасының болуы кезінде және жемiргiш ортамен жапсарлас болған барлық беттерді залалсыздандырмай, оның тетіктерін ажыратуға;

3) құбыр жолдары үшiн тiрек ретiнде, құбыр тетіктерін пайдалануға;

4) құбырларды монтаждау сынақтарында тығындардың орнына, оның тетіктерін қолданылуға рұқсат етілмейді.

598. Технологиялық ұңғылардың техникалық күйiн бақылау жұмыстары, осы Қағидалардың және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, гидрогеологиялық және геофизикалық әдiстерімен жүргізілуі тиіс.

599. Пайдаланудағы бағандардың тұмшалануының және бүтіндігінің ақауларын, қолдану кезiндегi бағанын монтаждау технологиялық ерiтiндiлердi iштегi айналымын және технологиялық ұңғылардың бағандарының қолдану кезiндегi жапсармалардың тұтастықтың және тығыз бекiтiлген жерлерінің ақауларын жою немесе жемірлкке берік цементтi ерiтiндiсiнiң айдау жұмыстары, жобалық құжаттамаларға және ұйымның техникалық басшысы бекiткен нұсқаулықтарына сәйкес iске асырылуы тиіс.

600. Ауа құбырлары мен компрессорлық қондырғыларды қызмет көрсетудi және пайдалануды технологиялық ұңғыларды эрлифтпен айдауы кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарымен сәйкес жүргізілуі тиіс.

601. Ұңғымаларға полиэтилен шлангтерiн қолданып, сығылған ауа беру кезінде қысылған ауаның берудi шлангтi қысу (майыстыру) арқылы тоқтатуға жол берілмейдi.

602. Технологиялық ұңғыларды айдап, ауа шығару кезінде жер бетіне су аралас қою ерітіндіні жіберуге болмайды. Қою ерітінді арнаулы ыдысқа жиналады, ерiтiндi тұндырылғаннан кейiн жинағыш құбырға немесе қосалқы ыдысқа құйылып, тұнда құм арнайы орынға жиналу тиіс.

603. Технологиялық ұңғыларды реагенттік өңдеу жұмыстары, ұйым басшылығының бұйрығымен белгіленген басқа да мамандар жүргізеді жер асты сілтісіздендіру учаскесінің шеберінің басқаруымен, арнаулы даярлықтан өткен өндірістік бригада немесе ұйым басшылығының бұйрығымен белгiленген басқа да мамандар жүргізеді.

604. Сұйық реагенттер өңделетiн ұңғымаларға арнаулы цистерналарда, гуммирленген немесе пластмассалық ыдыстарда, шыны ыдыстарда жеткiзiлуi тиіс.

605. Тасымалданатын және жұмыс орнында сақталатын, ұнтақ түріндегі реагенттер, ылғалдан немесе су тиюден қорғалған болуы тиіс.

606. Реагенттік өңдеумен айналысатын өндірістік жұмыскерлер, қорғаныстық арнайы киiммен және аяқ киiммен, резеңке қолғаптармен, көзілдіріктермен және тыныстың ағзаларын қорғаудың құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

607. Ұнтақ тәрізді реагенттермен жұмыс кезнде қорғаныстық көзәйнектерді, шаңға қарсы респираторларды пайдалану тиіс.

608. Өңдеу жұмыстары кезінде ұңғымаға келетін барлық жолдарға, ұңғымаға келуге тыйым салатын қауіпсіздік белгілері орнатылуы тиіс.

609. Ұңғыманы өңдеу жұмыстарының алдында, ұңғыманың тетіктері мен бас тиегін, бір жарым есе қысыммен сығымдалып, беріктік пен тұмшалануға тексерілуі тиіс.

610. Ұңғымаларды реагенттік өңдеу үшiн қолданылатын агрегаттар, оларға қызмет көрсетуге қауiпсiз әрі ыңғайлы алаңға орнату тиіс. Алаң желдiң басым болатын бағытын ескере отырып, ық жақ жағынан орналасуы тиіс.

611. Реагенттерді, желдің жылдамдығы 12 м/с және одан астам болған кезде, тұман кезінде және тәуліктің қараңғы мезгілдерінде айдауға болмайды.

612. Қышқыл ерiтiндiлермен жұмыс кезінде ұңғымада мыналар болуы тиіс:

1) жалпы көлемі 1 л кем емес, 3% қос көмірқышқылды натрий ерiтiндiсі;

2) 0,5 л көлемде бор қышқылының араластырылған ерiтiндiсi;

3) көлемі 0,5 кг ұнтақ тәрізді сода;

4) көлемі 5 мл 0,4% қанықтырылған (оксибупрокаин) инокаинасының ерiтiндiсі немесе көлемі 15 мл 0,5 қанықтырылған (проксиметакаин) алкаинасының ерiтiндiсі;

5) мақта немесе мақталы тампондар.

6) 250 л кем емес мөлшерде су.

613. Технологиялық ұңғымаларды пневматикалық-импульстық өңдеу жұмыстары арнаулы даярлықты өткен бригадамен, ұңғыманы жер асты сілтісіздендіру учаскесі маманының немесе арнайы бұйрықпен бекітілген ұйымның басқа маманының басшылығымен iске асырылуы тиіс.

614. Уранды үймелеп өндіру бөлiмшесі, пайдалы қазбаларды ашық немесе жер асты тәсiлмен өндіру мен өңдеп шығару технологиясы құрама бөлiгі бола алады. Уранды жерасты үймелеп сілтісіздендіру өндіру бөлiмшесінң жобасы, пайдалы қазбаларды ашық немесе жер асты тәсiлмен өндіру мен өңдеп шығаруға арналған жобамен бірге дайындалады.

615. Штабельдер алаңы мен олардың жақын аумағы тиісті қауіпсіздк белгілері орнатылып, қоршалуы тиіс. Жабдықтар мен техникалық құралдарға қауiпсiз бару қамтамасыз етілуі тиіс.

616. Материалдарды, тетіктерді және тағы басқа бұйымдарды орналастыру және сақтау үшiн, қолданыстағы қағидалардың талаптарына сай арнайы қоймалар жасақталуы тиіс.

617. Жобалық - техникалық құжаттамаларды дайындар алдында, үймелеп сілтісіздендіру штабельдерiнiң орналастырудың болжалды орнының гидрогеологиялық зерттеулерiн өткiзу тиіс.

Кенiштiң жұмыс жобасы құрамында болуы тиіс:

1) жалпы есеп-жазба түсіндірмесі;

2) пайдалы кендерді өңдеудің технологиялық шешiмдері;

3) үймелеп сілтісіздендіру учаскесі кешенінің бас жоспары және көлiк;

4) геологиялық және маркшейдерлік құжаттамалары;

5) инженерлiк жабдықтар, желілер және ауа құбырларының, реагенттік құбырларының және ерітінді құбырларының жүйесі;

6) үймелеп сілтісіздендіру штабельдерiнiң құрылысы бойынша шешiм;

7) сәулет-құрылыс шешiмі;

8) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, қоршаған орта, радиациялық қауiпсiздiк саласындағы іс шаралар;

9) үймелеп сілтісіздендіру штабелiн жоюға және жерлердi рекультивациялауға арналған бөлiм болуы тиіс.

618. Өндірістік жұмыстарды жүргізу үшін наряд-рұқсатнама беру тиіс. наряд-рұқсатнама беру және оның орындалуын қадағалау ұйымның басшысы бекiткен наряд-рұқсатнама жүйесі туралы нұсқаулыққа сәйкес iске асырылады. Ескертпе алған кезде ғана кемшіліктерді жою бойынша жұмыстарды атқару кездерінен басқа уақытта, қауiпсiздiк техникасы қағидаларының бұзушылығы бар жұмыс орындарына наряд-рұқсатнама беруге болмайды.

619. Әрбір жұмыс орны жұмыс алдында немесе ауысым ағымында ауысымдық техникалық қадағалауды қызметкерімен тексеріледі, ал тәуліктің кез келген уақытында – бөлiмшесiн басшысымен немесе оның орынбасарымен тексеріледі, олар жұмыс кезінде өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң қағидаларын бұзушылықтарға жол бермеуге мiндетті.

620. Жұмыстың алдында әрбір қызметкер өз жұмыс орнының қауiпсiз күйiне көз жеткiзуi, жұмыста пайдаланатын аспаптың, құрылғылардың тетiктерi тексерiлуi тиіс. Өндірістік жұмыскер, жұмысқа кiрiспей тұрып, бұзушылық тапса, өзі жоя алмаған жағдайда олар туралы техникалық қадағалаудың адамына хабар беруге тиiс;

621. Ұйымда жұмыс істейтін әрбір жұмыскер адамдарға немесе кәсіпорынға қауiп төндіретін қауiпті байқап қалса, оны жоюға шара қабылдап, ол туралы техникалық қадағалаудың қызметкеріне және қауіп-қатер төніп тұрған адамдарға хабар береді.

622. Зиянды заттардың жұмыс аумағындағы деңгейі бекітілген ШМК шамаларынан аспауы қажет. Сынамаларды алу орны және ұйымның техникалық басшысымен бекiтiлген кесте бойынша, бiрақ айына бiр реттен кем емес аралықта жүргізіледі. Үймелеп сілтісіздендіру учаскесіндегі зиянды газдардың немесе шаңдардың көлемі бекітлген нормалардан асып кеткен жағдайларда, еңбек қауiпсiздігін қамтамасыз ету шараларын іске асыру тиіс.

623. Өндірудің әрбір штабелi жұмыс жобасына сәйкес, ұйымның техникалық басшысы бекiткен төлқұжатқа сәйкес жүргізіледі.

Штабельдердiң құрылысының төлқұжатының құрамы мынадай болуы тиіс:

1) штабельдiң құрылысына байланысты жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі түсiнiк-жазба;

2) штабельдiң салып алу кезіндегі қауiпсiздiк шаралары;

3) жұмыс алаңдарының және бермаларының, штабельге қиябет бұрышы өлшемдері, тау-кен және көлiк жабдықтарынан штабель шетіне дейiнгі ара қашықтықтың ықтимал параметрлері;

4) қолданылатын технологиялық көлiк түрлері;

5) штабельдiң су өткізбейтін негiзiнің құрылымдары және оның өлшемдері.

624. Бекiтiлген төлқұжатсыз, сондай-ақ жобадан ауытқулары бар штабельдердің құрылысына жол берілмейдi.

625. Өндіру штабельдерi, негiздiң табандарының гидравликалық изоляциялау жұмыстарынан кейін орнатылады.

Жобамен және штабельдiң негiзiн құрылғы гидрооқшаулау ретi және құрылымы талаптарға жауап беретіндей болып анықталады, штабельдiң пайдалануын мерзiмі кезінде, оның тығыз бекiтiлгенiн қамтамасыз ететін сілтісіздендірудің ерiтiндiлердiң жақын маңдағы беттерге өнімдік және сілтілеу ерітінділерінің асыра толтыруында, жинақтағыш-ыдыстардың ағыл-тегiл жауын-шашындарда, сонымен бiрге өнiмдi ерiтiндiлердi өңдеудiң цехында технологиялық үдірiстiң авария тоқтауы кезінде жүргізіледі. Гидравликалық химия реагенттердің штабельдiң судан оқшаулайтын негiзi үшiн механикаланған тәсiлдiң орналастыру жұмыстарын орындаудың және штабельге кен массасын автокөлiк тасымалдаудың алдында жеткiлiктi механикалық берiк болуына қолданылатын материалдар болуы тиіс.

626. Штабельдiң биiктiгi, қиябет бұрышы, төсем төсеу жылдамдығы жобалары, кен массасының және оның негізінің физикалық-механикалық қасиеттеріне, төсеу тәсіліне және жер бедерінің рельефіне байланысты жобамен анықталады. Штабельдерді таңдау алдында, инженерлiк-геологиялық және гидрогеологиялық iздестiру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Жобада топырақ штабельдердi орналастыруға арналған жер телімдерінің топырақтарының сипаттамасы болуы тиіс.

627. Өндіру штабелiнiң периметрi бойынша, штабельдің табанына жауын-шашынның және жер астының тасқын сулары өтіп кетпейтіндей, тереңдігі кемiнде 0,5 м болатын ор және биіктігі кемiнде 0,7 м биiктiкте үйме топырақ болуы тиіс.

628. Үймелеп сілтілеу штабельдерiн қия бөктерлерге және табиғи су қоймаларына жақын жерлерге орналастыруға жол берілмеуі тиіс.

629. Өндіру бөлiмшесiнің аумағын тиiстi қауiпсiздiк белгiлерi орнатылып, қоршауға алынуы тиіс.

630. Жүргiншi жолдар өндіру бөлiмшесiнің қоршауының және төбешіктің сыртына орналасуы тиіс. Технологиялық қажеттілікке арналған жолдар жобамен анықталады.

631. Автокөлiктер және басқа көлiк құралдары кендерді жоба бойынша, штабельде ескерiлген орындарға, рудалардың құлау (сырғып түсу) орындарынан кейін түсіру тиіс.

632. Әрбір ұйымда геологиялық-маркшейдерлік қызметiмен, штабельдегі руда кенінiң орнықтылығын жүйелi түрде бақылауды ұйымдастыру тиіс. Опырылу призмасының өлшемдерi маркшейдерлік қызметтің жұмыскерлерiмен орнатылады және үймелеп сілтісіздендіру учаскесіндегі жұмыскерлерге үздiксiз ақпарат беріп тұру қажет. Штабельдердiң алаңы жүк түсiрудiң барлық аумағы бойынша көлденең, штабель жиегiнен ортасына қарай кемiнде 30% бағытталған енкіш болуы тиіс. Түсiру бекетінде автокөлiктердiң және бульдозерлердiң ары-бері жүруіне, айналуына қажеттi алаңы болуы тиіс. Түсіру аумақтарында, көліктің артқа жүруін шектеу үшін сақтағыш қабырға (төбешік) қарастырылады, олар жүк көтергiштiгі 10 т дейін автокөліктер үшін биіктігі кемiнде 1 м, жүк көтергiштiгі 10 т асатын автокөлiктерi үшiн биіктігі кемiнде 1 м болуы тиіс. Сақтандырғыш төбешік болмаған кезде, автокөліктердің артқы жүрісі, штабель жиегіне дейін, жүк көтергiштiгі 10 т дейінгі автокөліктер үшін – 3 м, ал, жүк көтергiштiгі 10 т асатын автокөлiктер үшiн 5 м жақындауына болмайды.

633. Штабельдерде, адамдардың штабельдердiң жиегінде, оның түбіне жақын жерде және автокөлiк құралдарының жүк түсiру орындарында болуы мүмкін қауiп-қатер туралы ескертiлген жазулары бар тақтайшалар ілінуі тиiс.

634. Үймелеп сілтілеу бөлiмшелерінің жолдарында автокөліктер қозғалысы бірінен-бірі басып озбай жүруі тиіс. Үймелеп сілтісіздендіру учаскесінде автокөлiктердiң жұмысы кезінде жол берілмейді:

1) электр қуатын жеткiзу желілерінің астында көтерілген шанақпен автокөлiктiң қозғалысына, жөндеу және жүк түсiру жұмыстарын жүргізуге;

2) арнаулы сақтағыш жабуларсыз, топырақ бетімен салынған кабель арқылы жүріп өтуге;

3) төбелер мен еңкіш жерлерге автокөлiк қалдырылуға тиым салынады.

Автокөлiктiң артқа қарай қозғалысында үздiксiз дыбыстық белгі беріліп, ал 10 т және одан да көп жүк тиелген автокөлiктердің қозғалысының барлық жағдайларында дыбыстық белгі беру автоматты түрде іске қосылуы тиіс.

635. Штабельдер алаңын және жақын маңдағы аумақты, монтаждау, пайдалану және технологиялық құбырларға қызмет көрсету жұмыстарын қауiпсiз орындау үшiн тегістеліп, жоспарланған болуы тиіс.

636. Жер асты төселген технологиялық құбырлардың техникалық жай-күйін бақылау үшiн жобада арнаулы құрылғылар ескерiлуi тиіс.

637. Поливинилхлорид және полиэтилен жасалған құбырларды, жер асты технологиялық құбыр жолдарын төсеуге пайдалануға рұқсат етiледi.

638. Құбыр жолдарын жүргізу кезінде олардың температуралық кернеулерін, трассаларды 900 бұрышқа бұрып, өздігінен теңгерілуін қарастыру тиіс.

639. Технологиялық құбырларда келесi мазмұнды жазулардың болуы тиiстi:

1) магистральдық жүйелерде - тораптың нөмiрi (рим санымен), жұмыс ортасының қозғалыс бағытын көрсететiн жебе түріндегі бағыттауыш сызығы;

2) тораптарға жақын тармақта - тораптың нөмiрi (рим санымен), агрегаттардың нөмiрi (араб цифрларымен) және жұмыс ортасының қозғалысының бағытын көрсететiн жебе түріндегі бағыттауыш сызығы;

3) агрегаттардың жақын тораптарындағы тармақтарында - тораптың нөмiрi (рим санымен), жұмыс ортасының қозғалыс бағытын көрсететiн жебе түріндегі бағыттауыш сызығы болуы тиіс.

Белгiлеулер немесе мәліметтер, диаметрі 150 мм кем құбырларда тiк жазықтықта құбырда (астынғы жағынан немесе үстіңгі жағынан) қамыттардың көмегiмен бекiтілетiн арнаулы тақтайшаларға жазылуы тиіс. Ақпаратты құбырларды жер асты жүргізілуі кезінде ақпараттар жерге тік қадалған бекеттiк белгiлерде көрсетiледi.

Жазуларды бояулары, шартты белгiлеулері, әрiптерiнің өлшемдері және орналасқан жері өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс.

640. Болат және тот баспайтын құбыр жолдарын және олардың элементтерін дайындау, монтаждау және жөндеу кезінде, дәнекерлеу қосылыстарының пайдалануға қажетті сенімділігін қамтамасыз ететін дәнекерлеу тәсілін қолдану тиіс.

Болат және тат баспайтын құбыр жолдарын фланецтік қосылыстарын тек қана бақылау - өлшеу аспаптары, жабдықтар және тетіктер орнатылатын жерлерде пайдалану тиіс.

Құбыр жолдарындағы дәнекерленген қосылыстарды құбырларды дәнекерлеп қосылған тігістерінен, ең кемі 100 мм аралықта жүргізу тиіс.

Құбырлардың дәнекерлеп қосылған жерлерін тіреуіштерден 500 мм аралықта болу тиіс.

641. Синтетикалық материалдан жасалған құбырлардың қосылысы тек қыздырып дәнекерлеумен немесе бір-біріне кигізіп қыздырумен жалғануы тиіс. Полиэтилен құбыр жолдарының қосылыстарын тот баспайтын тетіктермен немесе қосылыстармен жалғануы тиіс. Қосылған жерлердің ұзындығы ең кемі 1 м болу тиіс.

642. Сорғы бекеттерінің жабдықтары мен құрылғылары, жарықтындырылуы, өртке қарсы жабдықтары өнеркәсіптік қауіпсіздік және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болуы тиіс. Сорғы құрылғылары, оның жалғанған құбырлары, бекіткіш және реттегіш тетіктері тоттануға төзімді болу тиіс.

643. Өндіру бөлімшілерінің барлық жұмыс орындары, ұйымның диспетчерімен хабарласу үшін сымтетікпен немесе басқа да ұялы байланыспен қамтамасыз етілуі тиіс.

644. Технологиялық процестерді іске қосу, жүргізу және тоқтату жұмыстары технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс. Аппаратуралардың іске қосылу және өшірілуі реті, басқару бекетінде ілінген сызбада көрсетілуі тиіс.

645. Таулы кендер штабелінің суландыру аумағы қоршалуы тиіс және сілтілі және қышқылдық ерітінділердің желмен қоршаған ортаға таралуын болдырмау тиіс. Ерітінділерді беру кезінде суландыру аумағына кіруге жол берілмейді.

646. Негізгі технологиялық жабдықтарды жөндеу жұмыстарының барлық түрлеріне, ұйымның техникалық басшысы бекіткен нұсқаулықтар дайындалуы тиіс. Жұмыс басталар алдында жауапты тұлға тағайындалады, ал жөндеу жұмыстарына қатысатын барлық жұмыскерлер бекітілген нұсқаулықтармен танысып, қолдарын қояды.

647. Өнімдік сұйықтықтардың қабылдануын және жұмыстық ерітінділерді сорбциялық бағаналарға тұрақты беріліп тұруын шығынды өлшегіш құрылғылардың көрсеткіштерімен бақыланады. Сұйықтарды қабылдауды және айдауды реттеу, қашықтықтан басқарылатын электрлік бекіткіштермен жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет