Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
25 мин.
|
Гесс заңы.
«Химиялық реакцияның жылу эффектісі оның жүру жолына тәуелді емес, тек реагенттер мен өнімдердің күйіне тәуелді».
Егер химиялық реакция бірнеше реакциялардың қосындысы болса, реакцияның жалпы энтальпия өзгерісіқұраушы реакциялардың энтальпия өзгерістерінің қосындысына тең болады.
ΔHжалпы=ΔH1+ΔH2+ΔH3...
А дан В өтудегі энтальпия өзгерісін
А дан Х-ке , Х-тен Y - ке және
Y тен В-ға өту энтальпияларын
қосу арқылы табуға болады
Гесс заңынан бірнеше салдар шығады, олар кейбір іс жүзінде калориметрлік әдіспен де анықталмайтынхимиялық реакциялардың энтальпиясын есептеуінде де қолданыс тапқан.
Бірінші салдар. Кейбір химиялық қосылыстың айрылуының жылу эффектісі оның түзілу жылу эффектісіне тең, тек таңбасы қарама-қарсы.
Екінші салдар. Егер әр түрлі бастапқы күйлерден бірдей соңғы күйге келетін екі реакция жүретін болса, онда олардың жылу эффектілерінің айырмасы бастапқы күйлердің бір-біріне ауысқандағы жылу эффектісіне тең.
Үшінші салдар. Бірдей бастапқы күй-жағдайда әр түрлі соңғы күйлерге келетін екі реакция жүретін болса, онда олардың жылу эффектілерінің айырмасы соңғы күй-жағдайлардың бір-біріне ауысқандағы жылу эффектісіне тең.
|
Оқушылар дәптерлеріне күн мен сабақ тақырыбын жазып алады. оқушылар сабақта күтілетін нәтижелерді атайды
оқушылар талдап болған соң дәптерге тек заңның тұжырымдамасын жазады
|
Мұғалім сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!».
|
10 сынып оқулық
Жұмыс дәптері
|
|
|
Жұптық жұмыс
6 мин
|
Сутегі асқын тотығының түзілу реакция жылуын есептеңдер:
H2 (г) + O2 (г) = H2O2 (с)
Сутегі переоксиді су және оттегіге ыдырау нәтижесінде түзілген жылу, судың түзілу жылу болып табылады.
|
Оқушылар есепті дәптерге жазып алады
|
Дескриптор:
- Сутегі асқын тотығының реакциясын жазады-1б
-судың түзілу жылу болады-1б
|
10 сынып оқулық
Жұмыс дәптері
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|