Утегенова Г. Ж., Абдикеримова Г. А., Базарбекова Н. Ш., Байменова С. С


-тапсырма. Өз бойыңыздағы жаман қасиеттерді қалай мойындайсыз?



бет44/135
Дата02.01.2022
өлшемі283.94 Kb.
#452409
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   135
Оку курал 2021 январь

8-тапсырма. Өз бойыңыздағы жаман қасиеттерді қалай мойындайсыз?
9-тапсырма. Мәтіндегі мына жолдарға өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
«Қоғамдық жұмыстарға қабілеті аз, білімі мен талабы жоқ, бірақ қалталылар мен сүйеніші мықтылар көздеген мақсаттарына, аңсаған армандарына жетіп жатыр. Мұндай атаққұмарлық мен мансапқорлық адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың қалыптасуына кері әсер етіп және қоғамның ілгері басуына кедергі келтіреді».
10-тапсырма. Адам бойындағы жағымды қасиеттерді оң бағанға, жағымсыз қасиеттерді сол бағанға жазып шығыңыз.


Жағымсыз қасиеттер

Жағымды қасиеттер

1.

1.

2.

2.

3.

3.

4.

4.

5.

5.

6.

6.

7.

7.

8.

8.

9.

9.


Тыңдайық 

11-тапсырма. Мәтінді аудиотаспадан тыңдай отырып танысып шығыңыз.

Ұлпан бала күнінен еркек-шора болып ерке өсіп еді. Көшпелі елдің қызы жасынан ат үстінде, әр кезде шалбаршаң болатын. Мүмкін, өзінің қыз екенін де кейінірек сезінген болар. Бір туған аға, інісі жоқ, қыз екенін сезінгеннен кейін де еркек балаша қалыптасқан еркіндеу мінезінен оңай арыла алмаған. Бүгін ол Есенейге қыз баланың табиғи сыпайылығымен бірге еркек баланың өз мінезін де ала келіп еді. Есеней “жоғары отыр” деді, Ұлпан да ығыспай төрге шығып, Есенейдің өзінен жоғары отырады.

– Отқа жақын отырсаң етті.

– Отқа жақын отырған тоңғақ болады дейді.

– Күн суық қой.

Мен тоңғақ емеспін, үйренгенмін.

– Артекем қалай?

– Күндегі қалыпта...

– Маған ұрсып қоятын болар?

– Сізге кім ұрса алады?

– Ұрыспаса болды ...

Осымен алғашқы бет ашар сөздер екі араны алыстатпаса жақындастыра алмай тоқталып қалды. Есеней күні бойы ойланған тегеурінге басқысы келіп:

– Ұлпанжан, мен арзанға түспейтін қызбын дегенде не айтқыңыз келді? Сол қымбатқа түсерің дүние малы болса да атын аташы! – деді.

– Мені ешкім сатпайды да, мал алмайды. Әке-шешемнің өз малын бағып алуға да шамасы жоқ екенін білесіз ғой!

– Сонда не болғаны?

“Не болғаны?” Нағып түсінбейді екен! Мен тоқал қатын болып босағада отырар дей ме екен? Әлде мені бәйбішесінің сарқытын күтіп, көзін сүзіп отыратын күңдікке көнер дей ме екен?

Есеней таба алмай жүрген жұмбағын Ұлпан өзі айтуға бел байлады. Қалтарыс қалдырмай, түгел айтпақшы болып:

– Сіз мені үйіңізге кіргізбексіз? – деді.

– Отау үйге кірем десең отау бар. Үлкен үйге кірем десең үлкен үй бар. Қалағаның болсын.

– Жоқ, маған оңаша отау – ойнақ үй керек емес. Мен үлкен үйге кіремін де төрінде отырамын. Соған туысқандарыңыздың көзі үйренер ме екен?

– Бір-ақ күнде үйренеді. Есеней ордасының бәйбішесі сен боласың.

– Ол үйде отырған бәйбішеңіз бар емес пе?

– Жоқ. Мен Өреліде тұрамын, ол кісі Сөреліде тұрады. Арамыз құдайға илансаң, жеті жылдық жол.

Есенейдің жұмбақтап айтқанына Ұлпан ойланбай-ақ түсінді.


12-тапсырма.

1) Мінезді сипаттайтын сөздерді теріп жазыңыз.

2) Сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрастырыңыз.

Еркек шора, еркек балаша, еркіндеу мінез, өр мінез, дүние малы, отау үй.

3) Қатыстық сын есімді пайдаланып, өз мінездеріңізді сипаттаңыз.

4) Сангвиник, холерик, меланхолик, флегматик темпераменттерін қазақ тілінде суреттеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет