Көлгірлік (екіжүзділік) адам бойындағы ең жаман жағымсыз қасиет. В.А.Сухомлинский былай деген екен: «Жамандықтың зоры – екіжүзділік, жағымпаздық ырқына жүру. Осынау сан құбылып тұратын жамандықты тани біл, оған төзбейтін, ымырасыз адам бол». Екіжүзді адамдар өзгелермен қарым-қатынас жасағанда өз бас пайдасын ойлап қулық, айлакерлік, зымияндық сияқты жаман қасиеттерге барады. Мысалы, қызметі жоғары кісіге бас пайдасын ойлап жағымпаздану, оған бағынышты болу. Ондай адамдарға бастық қалағанын тауып беріп, жұмысын оң шешіп берсе, жағымпаздығын жалғастыра береді. Ал көңілін таппаса, бетін ары бұрып, теріс айналып кетеді де, неше түрлі құйтұрқы әрекеттерге барады. Көлгірсіген жандар өз бойындағы жаман қасиеттерді бүркемелеп, өзін өнегелі, көргенді етіп көрсеткісі келеді. Олар өз пайдасын ғана ойлап, біреуге жалған айтып жағынып, өтірік айтып көлгірсіп, өсек тасып жамандап, біреуді шағыстырып, ұрыстырып жүреді. Ал өз шаруасын тындырып алғаннан кейін, бұрынғы таныстары, қызметтестерін танымай кетеді. Міне, осындай адамдардың бет-пердесін тану, ондай жандардан аулақ жүру кімге де үлкен олжа екенін ескере жүру қажет. (Қ. Өрісбаев. «Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер», «Қазақстан-Заман» газеті, 27 желтоқсан, 2007ж.)
7-тапсырма. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді санамалап көріңіз және айтқаныңызды мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |