Утегенова Г. Ж., Абдикеримова Г. А., Базарбекова Н. Ш., Байменова С. С



бет8/135
Дата02.01.2022
өлшемі283.94 Kb.
#452409
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   135
Оку курал 2021 январь

Сөйлемдегі орналасуы


Тыныс белгілерді қою үшін үш түрлі белгі негізге алынады:

  • сөйлемнің синтаксистік ерекшелігі

  • сөйлемнің мағынасы

  • сөйлемнің интонациясы

Сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне орай


Тыныс белгісінің сөйлемнің құрылысына, түріне, жасалу жолдарына орай қойылуы сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне байланысты қойылу деп аталады.

Құрамына қарай сөйлем, негізінен, екіге бөлінеді: жай сөйлем, құрмалас сөйлем. Бұлардың өзі бірнеше түрге бөлініп, алуан түрлі жолдармен жасалады. Міне, осымен байланысты сөйлемнің ерекшеліктеріне орай, қолдану сипатына қарай әр түрлі тыныс белгілер қойылады. Мәселен, хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады, сондай-ақ, сұраулы сөйлемнең соң сұрау белгісі, лепті сөйлемнен соң леп белгісі қойылады.

Сөйлем құрамында кездесетін оңашаланған мүшелер, оқшау сөздер деп аталатын қаратпа, қыстырма сөздер - бұлар сөйлем құрамындағы өзге мүшелерден тиісті тыныс белгілері арқылы ажыратылады. Сондай-ақ, жалпылауыш сөз сөйлемнің бірыңғай мүшелерінен бұрын келсе, жалпылауыш сөзден соң қос нүкте қойылады да, ал керісінше келетін болса, жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет