51
Сурет-4.4. Сызғышпен өлшеу.
Сонымен қатар, қазақ халқының заттарды өлшеу түрлерін атап көрсетсек:
қолмен өлшенетін ұзындық өлшемдер: біліем, шынтақ, қолтық, құлаш, кере
құлаш; аяқпен өлшенетін ұзындық өлшемдер: табан, адым, аттам.
Мектепке
дейінгі ұйымдарда саусақпен өлшенетін сыйымдылық өлшемдермен
таныстырған жөн:
- Шымшым –ұсақ затты бас бармақ және сұқ
саусақпен қысып алғандағы
өлшем;
- Шөкім –ұсақ затты үш саусақтың ұшымен қысып алғандағы өлшем;
- Бір уыс –қол саусақтарын жымдастыра бүккендегі өлшем;
- Қос уыс –қос қолдың саусақтарын бірге жымдастыра бүккендегі өлшем
[17,454-455].
Берілген өлшемдерді мектеп жасына дейінгі балаларға
саусақ мотиракасын
дамытып қана қоймай, сонымен қатар қазақ
халқының өлшемдерін білуге
дәріптейді.
Бөлім бойынша өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Шама қандай қасиеттерге ие?
2.Ерте және мектеп жасына дейінгі балаларда көлемді қабылдау ерекшеліктері
қандай?
3. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың өлшеу қызметінің
ерекшеліктері неде?
4. Балалардың көз мөлшермен дамуына қандай тәсілдер ықпал етеді ?
Бөлім бойынша өздік жұмыстар:
1.
Кестені толтырыңыз
Мазмұны
1-3 жас
3-4 жас
4-5 жас
5-6 жас
Заттың
өлшемі,
салмағы бойынша
қолдану
әдістері
2. Көлем, өлшем түсініктерін бекітуге арналған ойындар жинағын жасау
3. Салмаққа байланысты ересек топта зерттеушілік жұмыс жүргізу.