В. А. Митерев н. С. Реметова



бет102/113
Дата03.01.2022
өлшемі0.76 Mb.
#450151
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   113
Реметова Митерев Мед хим на каз

21. Дисперстік жүйелер

Егер дисперстелген (ұсақталған) бір зат басқа бір заттың барлық көлемінде бірдей бөлініп орналасса, ондай жүйе дисперстік деп аталады. Дисперстік жүйелер дисперстік фаза, дисперсиялық орта және дисперстеу дәрежесімен сипатталады. Дисперстік жүйелердегі ұсақталған зат дисперстік фаза, ұсақталған зат орналасқан орта дисперслық орта деп аталады.



Дисперстік жүйелер дисперстелу дәрежесіне және дисперстік фаза мен дисперслық ортаның агрегаттық күйіне байланысты жіктеледі. Бөлшектердің дисперстелу дәрежесіне байланысты дисперстік жүйелер келесі бірнеше топтарға бөлінеді.



  1. Ірі дисперстік жүйелер. Олардағы бөлшектердің мөлшері 10-3 – 10-4 см болады. Мұндай жүйелерге суспензиялар мен эмульсиялар жатады. Қатты заттары сұйық дисперсиялық ортада болатын жүйелер суспензиялар деп аталады. Мысалы, крахмалдың, саз балшықтың, т.б. судағы ерітінділер. Екі араласпайтын сұйықтан түзілген жүйелер эмульсия деп аталады. Мысалы, судағы май, бензол, толуол немесе суттегі май тамшылары, т.б.

  2. Коллоидтық жүйелер. Олардағы бөлшектердің мөлшері 10-5 – 10-7 см аралығында болады. Мұндай бөлшектер фильтрленген қағаз арқылы өткенімен, жануар мен өсімдік мембраналары арқылы өтпейді. Коллоидтық жүйелерге альбумин, желатин ерітінділерін, күмістің, алтынның, күкіртті мышьяктың коллоидтық ерітінділерін жатқызуға болады.

  3. Молекулалы-дисперстік жүйелер. Олардағы бөлшектердің мөлшері 10-7 см аспайды. Электролитеместердің (мочевина, глюкоза, сахароза, спирт, т.б.) нақты ерітінділері осы аталған жүйеге жатады.

  4. Ионды-дисперстік жүйелер. Оларға бөлшектері өте кішкентай (10-10 см) болып келген электролиттердің, мысалы, қышқылдар, тұздар, негіздердің ерітінділері жатады.

Фазалардың агрегаттық күйені байланысты дисперстік жүйелер 8 топқа жіктеледі:

1) г\с (тұман) 2)г\қ (түтін)

3)с\г (көбіктер) 4) с\с (эмульсия-сүт)

5)с\қ (коллоидтар) 6)қ\г (пемза)

7)қ\с (жемчуг) 8)қ-қ (рубин)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет