20.5. Қағаздағы хроматография
Бөлу механизмі бойынша қағазды хроматография жіктегіш болып есептеледі. Әдіс компоненттердің екі араласпайтын фазалардың арасындағы әр түрлі жіктелу коэффициенттеріне негізделген. Қозғалмайтын фаза тасымалдаушының ролін атқаратын арнайы хроматографиялық қағазбен ұсталады. Қозғалмалы фаза қағаздың бойымен жылжиды. Rf мәні ЖҚХ-дағы сияқты анықталады. ЖҚХ-да сияқты өрлегіш, төмендегіш, көлденең, дөңгелек, градиентті және екі өлшемді түрлері қолданылады.
Қоспаны бөлу үшін зерттелетін қағазға тамызылады және бір шеті қозғалмалы фазаға салынады. Сұйық қағаздық бойымен көтеріліп, заттар орнын ауыстырып, бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |