20.1.6 Газды хроматография
Газды хроматографияда (ГХ) қозғалғыш фаза ретінде газ қолданылады және ол газ-тасымалдаушы деп аталады. ГХ-ның міндетті шартына заттарды газ тәріздес күйге ауыстыру жатады. ГХ газдыадсорбциялық (ГАХ газдықатты) және газды сұйықтың (ГСХ) болып бөлінеді.
ГАХ-да қозғалмайтын фаза ретінде қатты адсорбент қолданылады, ал ГСХ-да қатты тасымалдаушы сұйықпен өңделеді. ГСХ жіктегіш хроматографияның бір түріне жатады. ГХ әдісі бойынша сараптама газды хроматографтарда жүргізіледі. Бөлінетін қоспа затты толық буландыратын температураға дейін қыздырылған детекторға беріледі, қоспаның пайда болған булары газ тасымалдаушының көмегімен температурасы хроматографиялық түтікке түседі. Түтікте қоспаны құраушыларға бөлініп, олар кезектесіп детекторға түседі, детектордың дыбысы тіркеліп, есептегіш интегратомен өңделеді.
Газ-тасымалдаушы детектордың табиғатьына байланысты анықталады, мысалы жалынды ионизациялық детекторлар және катарометрлер қолданғанда гелий, сутегі, азот пайдаланылады. Электронды детекторлар үшін азот керек.
Достарыңызбен бөлісу: |