Al3+иондарының реакциялары
1. NH4OH әсері.
3-4 тамшы зерттелетін ерітіндіге NH4OH ерітіндісін тұнба түзілгенше тамшылатып қосамыз.Тұнбаны NaOH ерітіндісінде ерітеді, бірнеше NH4Cl түйіршігін қосып, қыздырады. Мақта тәрізді тұнба түзіледі.
2. Кобальт нитратының әсері.
Сүзгі қағаздың жолағын зерттелетін ерітіндімен дымқылдап, кобальт нитратының ерітіндісімен, кептіреді де өрттейді. Күлдің түсін белгілейді.
5 топ катиондарына сапалық реакциялар
Fe2+иондарының реакциялары
1. K3[Fe(CN)6] әсері.
3-4 тамшы зерттелетін ерітіндіге 1-2 тамшы HCl ерітіндісін, 1-2 тамшы K3[Fe(CN)6] ерітіндісін қосамыз. Турнбул көк тұнба түзіледі.
2. Диметилглиоксим әсері.
3-4 тамшы зерттелетін ерітіндіге NH4OH ерітіндісін сілтілік реакцияға дейін құямыз және 2-3 тамшы диметилглиоксим ерітіндісін қосамыз. Тұнбаның түсін белгілейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |