3 топ катиондарына сапалық реакциялар
Ca2+иондарының реакциялары
1. K4[Fe(CN)6] әсері.
2-3 тамшы зерттелетін ерітіндіге 1 тамшы NH4Cl ерітіндісін, 2-3 тамшы NH4OH ерітіндісін және 2-3 тамшы K4[Fe(CN)6] ерітіндісін қосып, қайнағанға дейін қыздырады. Ақ тұнба түзіледі.
2. Оксалаттардың әсері.
2-3 тамшы зерттелетін ерітіндіге 1-2 тамшы 2н сірке қышқылын, 2-3 тамшы натрий немесе аммоний оксалатын қосып, қыздырамыз. Ақ тұнба түзіледі.
3. Жалынның боялуы.
Ca2+ иондарының бар болуы жалынды кірпіш-қызыл түске бояйды.
Ba2+иондарының реакциялары
1. K2CrO4 әсері.
2-3 тамшы зерттелетін ерітіндіге 2-3 тамшы K2CrO4 ерітіндісін қосамыз. Сары тұнба түзіледі.
2. Сульфаттардың әсері.
2-3 тамшы зерттелетін ерітіндіге 2-3 тамшы 2н күкірт қышқылын қосамыз. Ақ тұнба түседі.
3. Жалынның боялуы.
Ba2+иондарының бар болуы жалынды сары-жасыл түске бояйды.
4. Натрий родизонатымен реакциясы.
Сүзгі қағазына зерттелетін ерітіндінің тамшысын, содан кейін 0,1% натрий родизонаты тамшысын тамызамыз.Қоңырлау-қызыл түске боялады. Дақты HCl ерітіндісімен сулағанда ал-қызыл болады.
Достарыңызбен бөлісу: |