7.1. Титриметриялық анализдегі есептеулер
Стандартталған ерітінділердің концентрациясы басқа стандартты ерітіндімен титрлеу арқылы анықталады. Стандартты ерітіндінің нормальдығы мен көлемі және стандартталған ерітінді көлемі бойынша нормальды ерітінділер қасиеттерін пайдаланып анықталады.
Нормальдығы өзара тең ерітінділердің әрекеттесетін көлемдері де бірдей болады:
N1 = N2онда V1 = V2
Ерітінділер нормальдығы әр түрлі болса, әрекеттесуші заттар көлемдері мен нормальдықтары қатынасы кері пропорционал болады:
бұдан N1· V1= N2 · V2
Осы формуланы пайдаланып титрант ерітіндісі бойынша басқа ерітіндінің белгісіз концентрациясын анықтайды.
Мысалы: 10мл КОН ерітіндісін бейтараптау үшін 20мл 0,1н НСІ ерітіндісі жұмсалды. Калий гидроксиді КОН ерітіндісінің нормальдығы
болады.
Титриметрияда тура, кері және жанама (немесе орын басатын) титрлеу деп бөлінеді. Тура титрлеу кезінде анықтайтын компоненттің ерітіндісін тікелей стандартты ерітіндімен титрлейді. Егер тура реакция қандай болса да бір себептен мүмкіндігі болмаса немесе қиындық келтірсе, онда кері немесе жанама жолмен титрлейді. Тура титрлеу үшін сәйкес индикатор іріктеп алуға болмаған жағдайда кері әдіспен титрлейді. Титрлеу барысында екі титрант қолданады. Мұндай жағдайда зерттелетін ерітіндіге бұрыннан белгілі концентрациясы айқын, зерттелетін заттың эквиваленттік мөлшерімен әрекеттесетін үшінші зат ерітіндісінің артық мөлшерін қосады. Үшінші заттың артық мөлшерін стандарт титранттың ерітіндісімен титрлейді.
Достарыңызбен бөлісу: |