2. Аз еритін қосылыстардың тұндыру реакцияларына негізделген тұндыру әдісі.
Ag+ + CI- AgCI
Ba2+ + SO42- BaSO4
Тұнбаға түскен қосылыс ерітінді ортасын өзгертеді. Соған орай бұл жағдайда әр түрлі индикаторлар қолдануға болады.
Титрант атына сәйкес тұндыру әдістерін де аргентометрия (титрант күміс нитраты
AgNO3), тиоцианометрия (титрант аммоний тиоцианаты NH4SCN) деп атайды.
3. Комплексометриялық титрлеу әдістері анализ кезінде иондарға аз ыдырайтын комплексті қосылыстар түзілуге негізделген.
Са2+ + ЭДТА→ Са-ЭДТА
Бұл әдіспен түрлі катиондарды (Mg2+, Ca2+, Zn2+, Hg2+, AI3+ ) және аниондарды (CN-, F-, CI-) анықтауға болады. Кейінгі уақытта катиондардың органикалық реактивтермен – комплексондармен комплексті қосылыс түзуіне негізделген анализ әдістері қолданылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |