В. А. Митерев н. С. Реметова


Құрамында комплексті анион болатын комплекстің жүйелік аты



бет69/113
Дата03.01.2022
өлшемі0.76 Mb.
#450151
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   113
Реметова Митерев Мед хим на каз

Құрамында комплексті анион болатын комплекстің жүйелік аты.Мұнда алдыменілік септігінде сыртқы сфераның катионының атын, содан соң лигандалардың аттарын атайды. Одан кейін комплекс түзушінің латын тіліндегі атына «аты» деген жұрнақ қосып, соңынан жақша ішіне рим сандарымен оның тотығу дәрежесін көрсетеді.

Мысалы:

Na3[Co(NO2)6]-натрий гексанитрокобальтаты (III)

Na3[AI(OH)6]- натрий гексагидроксоалюминаты (III)


  1. Сыртқы сферасы жоқ нейтрал комплекстердің аттары. Ол үшін алдымен лигандалардың аттарын, содан кейін атау септігіндегі комплекс түзушінің қазақша аты оқылады.

Мысалы:

[Co(NH3)3(NO2)3]-тринитротриаминкобальт (III)

[Pt(NH3)2Br4]- тетрабромодиаминплатина (IV)

Комплексті қосылыстың диссоциациясы екі сатыда өтеді. Бірінші сатыда (біріншілік диссоциациялану) комплексті қосылыстар сулы ерітіндіде сыртқы және ішкі сфераларға диссоциацияланады. Бұл сатыда диссоциация қайтымсыз жүреді (күшті электролиттер диссоциациясына ұқсас), екінші сатыда түзілген комплексті ион аз мөлшерде (әлсіз электролит сияқты) диссоциацияланады.

Мысалы:

[Ag(NH3)2]CI↔[Ag(NH3)2]+ +CI- - біріншілік диссоциация

[Ag(NH3)2] ↔ Ag+ +2NH3 - екіншілік диссоциация

Тепе-теңдік жағдайы үшін әрекеттесуші массалар заңын қолданып



және диссоциациялану константасы тұрақсыздық константасы деп аталады. Неғұрлым тұрақсыздық константасының мәні кіші болса, соғұрлым ерітіндідегі иондар концентрациясы азырақ, яғни комплексті ион тұрақты.Мысалы, біртипті қосылыстар үшін:




Ктұрақсыз.

[Ag(NO2)2]-

[Ag(NH3)2]+

[Ag(S2O3)2]3-

[Ag(CN)2]-




1,3*10-3

6,08*10-8

1*10-13

1*10-21


комплекстің тұрақтылығы [Ag(CN)2]- комплексті ионнан [Ag(CN)2]- комплексті ионға дейін артады.

Тұрақсыздық константаның шамасына кері шаманы тұрақтылық константасы деп атайды.




K тұақтылық неғұрлым үлкен болса, комплекс соғұрлым тұрақты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет