Ерітіндіден кальций мен магнийдің массасын бірге анықтау
Кальций мен магний қоспасы өлшемін аптекалық таразыда өлшеп, аналитикалық таразыда тексеріп, сиымдылығы 200 см3 өлшеуіш колбаға салып ерітеді, белгіге дейін сумен толтырып араластырады. Бірінші кальцийді анықтайды. Дайын болған ерітіндінің бөлігін (15,00см3)титрлеу колбасына құйып, 50см3 су қосып, 10см3 1н NaOH, ~ 0,03г мурексидті қызғылт түске боялғанша жайлап тамшылатып қосып араластырады. ЭДТА (трилон Б) ерітіндісімен қызғылт түстен күлгін түске өткенше титрлейді. Жұмсалған ерітіндінің көлемін(V1)жазып алады. Кальцийдің құрамынТЭДТА/Са = 0,002004 г/см3 қолданып келесі теңдеу бойынша есептейді:
gA = KTB/AVBWA100/(VAaA),
Содан кейін, кальций мен магнийді біруақытта титрлеуге кеткен ЭДТА ерітіндісінің көлемін анықтаймыз.15,00см3 қорытынды ерітіндісіне, 5см3 аммиакты буфер ерітіндісін, 50см3су ~ 0,03г қара-көк қышқылды хром индикаторлы қоспасын, ақырындап, тамшылата отырып, жақсылап араластырып қосамыз. Стандартты ЭДТА ерітіндісімен қызыл түстен көк түске өткенше титрлейміз. Жұмсалған ерітінді көлемі(V2) жазып алады. Онда магнийді титрлеу үшін кеткен ЭДТА ерітіндісінің көлеміV2 – V1. Магнийдің (%) құрамын , ТЭДТА/Mg = 0.001215г/см3қолданып есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: |