Зертханалық жұмыс
Қағаздағы шеңберлі хроматография
Қағазда хроматографиялық әдiс үш негiзгi кезеңнен тұрады: қағазға зерттелетiн ерiтiндiнi енгізу, (аймақтардың бөлiнуі) ерiткiшпен жуу жәнехроматограмманың әсер етуiнен түссiз хроматограммалардың пайда болуы.
Фильтр қағазын алып дәл ортасынан ұзындығы 2 см, ені 1-2 мм білте (фитиль) қиямыз. Петр шыны ыдыстарын алып (диаметрі 1-1,5) кіші шыныға су құйып фильтр қағазынан қиылған білте суға батып тұратындай етіп саламыз да, фильтр қағазының дәл ортасын айалдыра пипеткамен 0,005 мл шамасында 2% FeCI3 және CuSO4 қоспасын тамызып Петр шынысының екінші жартысымен жауып қоямыз. 15-20 минут өткеннен кейін фильтр қағазын алып ондағы айнала пайда болған шеңберді K4[Fe(CN)6]- мен шеңберді айналдыра тамшылатамыз.Темірдің иондары бұл ретте Берлин аспанының көкшіл түрінде тұнбаға түседі, ал мыстың иондары ерімейтін көк темір түзеді. Фильтр қағазында екі боялған сақиналар көрінеді: ішкісі-көгілдір, сыртқы-қызғылт қоңыр.
Достарыңызбен бөлісу: |