3 топ аниондарына сапалық реакциялар
NO3-иондарының реакциялары
1. Дифениламинмен.
2-3 тамшы зерттелетін ерітіндіге 2-3 тамшы дифениламин ерітіндісін қосады. Ерітіндінің түсін белгілейді.
2. Тотықсыздану.
2-3 тамшы зерттелетін ерітіндіге мырыш металын, 5-6 тамшы 2н NaOH ерітіндісін қосып, қайнатады. Аммиак бөлінеді.
CH3COO-иондарының реакциялары
1. Қышқылдармен.
2-3 тамшы зерттелетін ерітіндіге 2-3 тамшы 2н H2SO4 ерітіндісін қосып, қыздырады. Сірке қышқылының өзіне тән иісі пайда болады.
2.Темір (3) тұздарымен.
2-3 тамшы зерттелетін ерітіндіге 3-4 тамшы темір (3) тұзының ерітіндісін, 1-2 тамшы су қосып қайнатады. Тұнбаның түсін белгілейді.
3. Эфирлердің түзілуі.
3-4 тамшы зерттелетін ерітіндіге 2-3 тамшы концентрленген H2SO4 және 2-3 тамшы изоамил спиртін қосады. Қоспаны су моншасында қыздырады. Сіркеамил эфирінің өзіне тән иісі пайда болады (алмұрт эссенциясы).
Достарыңызбен бөлісу: |