6. Сандық анализ
Зерттелетін заттың құрамына кіретін химиялық қосылыстардың, элементтердің, иондардың сандық мөлшері сандық анализ бойынша анықталады.Сандық анализдің нәтижесі әдетте пайызбен көрсетіледі.Сандық әдісті дұрыс анықтау үшін, зерттелетін заттың дәл сапалық құрамын және шамамен компоненттер құрамын білу керек.
Сандық анализ әдістері физикалық, химиялық және физикалы-химиялық болып жіктеледі.
Химиялық әдістерге гравиметриялық, титриметриялық және газдық әдістер жатады.
Белгісіз элементтің мөлшері түзілген өнімнің массасы бойынша анықталатын әдіс гравиметриялық деп аталады.
Реакцияға қажетті концентрациясы белгілі реагенттің нақты көлемін (немесе массасын) өлшеуге негізделген әдіс титриметриялық болып есептеледі.
Газдық анализ бойынша зерттелетін газ қоспасының құрамындағы жекеленген компоненттердің көлемі, оларды белгілі бір реагентпен сіңіру арқылы анықталады.
Физикалы-химиялық әдістерге колориметриялық, нефелометриялық және элекрліхимиялық әдістерді жатқызуға болады.
Ерітіндінің бояуының қанығуы дәрежесіне негізделген әдіс колориметриялық деп аталады.
Сонымен қатар, нашар еритін қосылыстар түзетін реакциялар да жиі қолданылады. Анықталатын элементтің мөлшері реагенттің әсерінен ерітіндінің бұлыңғырлану деңгейімен анықталатын қағидаға негізделген әдіс нефелометриялық деп аталады. Электрлі химиялық анализ әдістерінде титриметриялық зерттеулердің қағидалары сақталады, бірақ реакцияның соңы электрөткізгішті өлшеу (кондуктометриялық әдіс), потенциалды өлшеу (потенциометриялық әдіс) арқылы немесе басқаша анықталады. Мұнда белгісіз элементтің мөлшері вольт-ампер қисығы (поляграмма) бойынша анықталватын полярографиялық әдісті жатқызуға болады.
Жоғарыда айтылған химиялық және физикалы-химиялық әдістерден басқа физикалық әдістер де қолданылады, мысалы, сандық спектр анализі және басқалары.
Сандық анализде макро-, микро- және жартылай микро әдістер пайдаланылады.
Макроанализде зерттелетін қатты заттың мөлшері 1г-нан немесе ерітіндінің үлкен көлемі 10 мл-дан алынады. Бұл әдісте қолданылатын ең қажетті және ең дәл өлшегіш аспап-аналитикалық таразы.
Микроанализ: масса 1-0,01г және көлем 1-10мл.
Жартылай микроанализ: масса 0,01-0,001г және көлем 0,01-1мл.
Бұл анализдерге ең дәл аспапты қолданады. Микро- және жартылай микро әдістерінің негізгі ерекшеліктері анализдердің үлкен жылдамдықпен орындалулары және зерттелетін заттардың аз мөлшерімен жүргізу мүмкіндігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |