Иодометрия әдісімен калий перманганатының құрамын анықтау
Титрлеу жанама әдіс-орынбасу әдісі бойынша жүргізіледі. Анықталатын тотықтырғыш, мысалы KMnO4 көлемі (10 мл) ерітіндісін Мор пипеткасымен өлшеп алып, оған 5мл 50%H2SO4 ерітіндісін және көп мөлшерде құрғақ KI қосады. KI және KMnO4 арасындағы реакция аяқталуы үшін, ерітіндіні 5 минутқа қалдырады, бөлінген иодты натрий тиосульфатымен титрлейді. Жұмсалған иодтың грамм-эквивалент саны тотықтырғыштың грамм-эквивалент санына тең. Ақшыл –сары түске боялғанша титрлейді, титірлеу соңында индикатор ретінде крахмалды қосамыз да түссізденгенше қайтадан титрлейміз. KMnO4мен Na2S2O3анықтағанда олар бір-біріне тікелей әсер етпейді, эквивалент санына да. Сондықтанда, есептеу үшін қарапайым формуланы қолдануға болады:
N(Na2S2O3)=0,1М.
Достарыңызбен бөлісу: |