Комплекстік катиондары бар қосылыстардың аттары.Ішкі сфераларда лигандалар элктронейтралды молекула болса, грек тілінде көрсетеді (2-ди, 3-три, 4-тетра, 5-пента, 6-гекса, 7-гепта, 8-окта т.с.с.). Ішкі сфераға кіретін анион-лигандаларды атау үшін, олардың әрқайсысының атына «о» әрпін қосып айтады. Мысалы:Br-- бромо, O2-оксо, N3- нитридо т.б. Осыдан кейін комплекс түзушінің атын ілік септігінде атап, оның атынан кейін рим сандарымен жақша ішінде комплекс түзушінің зарядын көрсетеді. Ең соңында сыртқы сфераның анионының атына «ы» әрпін қосып оқиды.
Мысалы:
[Co(NH3)5CI]SO4- хлоропентаамминкобальт(III) сульфаты
[Cr(H2O)6]CI3- гексааквахром (III) хлориді
[Cu(NH3)4]SO4-тетрааминомыс (II) сульфаты
Достарыңызбен бөлісу: |