В. А. Митерев н. С. Реметова



бет67/113
Дата03.01.2022
өлшемі0.76 Mb.
#450151
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   113
Реметова Митерев Мед хим на каз

Тесттік тапсырма

  1. Йодометриядағы жұмыс ерітіндісін көрсет

  1. Na2S2O3∙5H2O

  2. KI

  3. KIO3

  4. KNO3

  5. H2SO4

  1. Йодометрияда пайдаланатын процесті көрсет

  1. I2+2S2O32-=2I-+S4O62-

  2. 2I--2ē=I2

  3. S2O32-+10 OH8ē=2SO42-+5H2O

  4. 2IO3-+12H++10ē=I2+6H2O

  5. S2O32-+6OH--4ē=2SO32-+3H2O

  1. Йодометриядағы жұмыс затын көрсет

  1. KI

  2. Na2S2O3∙5H2O

  3. I2

  4. KIO3

  5. H2SO4

  1. Йодометрияда Na2S2O3∙5H2O эквиваленттік молярлық массасы (г/моль)

нешеге тең?


  1. 108,0

  2. 216,0

  3. 72,0

  4. 54,0

  5. 43,2

  1. Йодометрияда I2 эквиваленттік молярлық массасы (г/моль) нешеге тең?

  1. 127,0

  2. 254,0

  3. 84,7

  4. 63,5

  5. 50,8

  1. Йодометриялық титрлеумен анықтауға болады

  1. Тотықтырғышпен тотықсыздандырғышты

  2. Тек тотықтырғыштарды

  3. Тек тотықсыздандырғыштарды

  4. қышқылды

  5. негізді

  1. Йодометрияда эквивалент нүктесін қалай белгілейді?

  1. Крахмалы бар иод комплексінің көк түске боялуы немесе жойылуы бойынша

  2. ерiтiндiнiң сары бояуы пайда болуы бойынша

  3. ерiтiндiнiң сары бояуының жоғалуы бойынша

  4. титрант көлемі бойынша

  5. зерттелтін ерітіндінің көлемі бойынша

  1. Йодометрия әдісінде... индикатор болып табылады

  1. Крахмал ерітіндісі

  2. Йод ерітіндісі

  3. Калий иодиді ерітіндісі

  4. Натрий тиосульфат ерітіндісі

  5. Калий перманганат ерітіндісі

  1. Йодометрияда тотықтырғыштарды анықтау үшін нені пайдаланады

  1. Жанама титрлеу

  2. Тура титрлеу

  3. Кері титрлеу

  4. Бейтараптану реакциясы

  5. Гидролиз реакциясы

  1. Йодометрияда тотықсыздандырғыштарды анықтау үшін нені пайдаланады?

  1. Тура титрлеу

  2. Кері титрлеу

  3. Жанама титрлеу

  4. Бейтараптану реакциясы

  5. Гидролиз реакциясы

  1. (S2-) сульфидтердiң йодометриялық анықтауында пайдаланады

  1. Тура титрлеу

  2. Кері титрлеу

  3. Жанама титрлеу

  4. Бейтараптану реакциясы

  5. Гидролиз реакциясы

12. (S2-) сульфидтердің йодометриялық анықтауында пайдаланатын реакция

  1. S2-+I2=S+2I-

  2. S+2I-=S2-+I2

  3. SO32-+I2+H2O=SO42-+2I-+2H+

  4. SO32-+4I-+6H+=S+2I2+3H2O

  5. SO42-+2I-+4H+=SO2+I2+2H2O

13. Йодометриялық анықтауда калий дихроматын K2Cr2O7пайдаланады

  1. Жанама титрлеу

  2. Кері титрлеу

  3. Тура титрлеу

  4. Бейтараптану реакциясы

  5. Гидролиз реакциясы

14.Йодометриялық анықтауда калий дихроматын K2Cr2O7 пайдаланатын реакция

  1. Cr2O72-+6I-+14H+=2Cr3++3I2+7H2O

  2. 2CrO42-+6I-+16H+=2Cr3++3I2+8H2O

  3. 2CrO3+6I-+12H+=2Cr3++3I2+6H2O

  4. 2Cr3++3I2+16OH-=2CrO42-+6I-+8H2O

  5. 2Cr3++3I2+14OH-=Cr2O72-+6I-+7H2O

  1. Эквиваленттік молярлық массасы 0,1 моль/л 200 мл ерітінді дайындау үшін Na2S2O3∙5H2O өлшемі нешеге тең?

  1. 2,48г

  2. 1,24г

  3. 3,10г

  4. 6,20г

  5. 4,56г

11. Комплексті қосылыстар

Комплексті қосылыстар деп кристалдық күйде де, еріген кезде де құрамында бірнеше лиганд тобымен байланысқан орталық атомнан тұратын, комплексті ион деп аталатын құрылым түзетін күрделі химиялық қосылыстарды айтады. Алғаш рет комплексті қосылыстар құрылысын А.Вернер (1893) зерттеп, өзінің координациялық теориясын ұсынды, оның негізінде мына қағидалар жатады;



  • атомдардың негізгі валенттілігінен басқа өздерін кейбір реакцияларда көрсететін қосымша валенттіліктері болады.

  • атомдардың негізгі валенттілігінің толығуы бірінші реттік қосылыстардың, яғни НCI,NH3 және т.б. тәріздес бинарлы қосылыстардың түзілуіне байланысты.

  • атомдардың қосымша валенттілігінің толығуы, бірінші реттік қосылыстардың үйлесімділік өнімдері болып табылатын NH4CI,

Fe(CN)2∙4KCN тәрізді жоғарғы реттік қосылыстардың түзілуіне байланысты.

Комплексті қосылыстар ішкі және сыртқыкоординациялық сферадан тұрады.Орталық атом мен лигандалар бірігіп ішкі координациялық сфераны құрайды. Ішкі сфера квадратты жақшаның ішінде жазылады.Орталық атоммен тікелей байланыспайтын, ішкі сфераға орналаспай қалған иондар комплекс қосылысының сыртқы координациялық сферасын құрайды.

Мысалы:




K4[Fe(CN)6]

сыртқы ішкі сфера

сфера

K+| CN-CN- | K+

| CN- Fe2+CN-|


K+ | CN-CN- | K+

Fe+2 – орталық атом комплекс түзуші

CN- -лиганда

Бұл координациялық формулада атом немесе ион орталықта орналасқаны көрініп тұр. Мұндай атом немесе ион комплекс түзуші деп аталады (Fe+2, Fe0).Комплекс түзуші ион (орталық атом)- комплексті қосылыстың молекуласының орталығында орналасқан, көбіне оң зарядты болып келетін ион.Комплекс түзушіретінде зарядталған металл иондары: Ag+, Cu2+,Co3+,Fe3+ AI3+, Pt4+, ең қабілетті VIII топтың үш қосымша топшалардың элементтері ( d-элементтер), сонымен бірге лантоноидтар және актиоидтар атомдары болып табылады. Комплекс түзуші металл еместер де болуы мүмкін, мысалы оң тотығу дәрежесіндегі B2+, Si4+, P5+, S6+.немесе f-элементтерінен құралатын иондар.

Комплекс түзушінің айналасында тығыз байланысқан иондары немесе молекулаларды лигандтар (адденттер) деп атайды.Лигандтар ретіндеполярлы молекулалар(H2O, NH3, CO, NO), қышқыл аниондары (Cl-, J-, Br-, CNS-, CO32-,NO2-, SO42-), гидроксил тобы болуы мүмкін.

Комплексті ионның заряды комплекс түзуші мен лигандтар зарядтарының алгебралық қосындысына тең.Мысалы: келесі комплексті ионның зарядын есептеңіздер[Cr(H2O)5CI];

хромның заряды +3, судың заряды 0, хлор заряды -1, оксалат

ионынікі -2 +3+0*5+(-1)=+2 яғни [Cr(H2O)5CI] 2+

Орталық атомды қоршаған лигандтар саны , яғни орталық атоммен тығыз байланысқан (координацияланған) иондар немесе молекулалар саны координациялық сан деп аталады. Вернер көптеген комплексті қосылыстардың координациялық сандарды анализдеп, координациялық санға әсер ететін фактор орталық атомның заряды болып табылады деген қорытындыға келді. Көптеген жағдайда координациялық сан орталық атомның заряды екі еселенгенге тең.

Орталық атомның заряды

+1

+2

+3

+4


Координациялық сан

2

4,6

6,4

8

Мысалы:[Ag+1(NH3)2]CI ,[Cu+2(NH3)4]CO3,[Fe(CO)5],K4[Fe(CN)6]

Ішкі координациялық сферада бір орын алатын лигандтарды монодентантты деп атайды. Кейбір лигантдар орталық атомға бір емес, екі және одан да көп координациялық байланыс сандармен қосылады.

Ондай жағдайларда лигандтың денанттығы немесе координациялықсыйымдылығы бірден жоғары, яғни мұндай лиганд полидентатты болып табылады. Мысалы H2O, NH3, галоген-иондары, цианид-иондары әрдайым монодентатты болса, онда сульфат-, карбонат-иондары, этилендиамин молекуласы бидентатты болып табылады.

Қазіргі кезде комплексті қосылыстарды оларды түзетін лигандтар типіне сәйкес жіктейді.

1.Құрамында молекулалық монодентантты лигандтар бар комплекстер:

а) аквакомплекстер (немесе гидраттар), лигандтар-молекула H2O.

Мысалы:[AI(H2O)6]CI3, [Ca(H2O)6]CI2.

б) аммиакаттар, лигандтар- аммиак молекулалары болып табылады:

[Ag(NH3)2]CI [Cu(NH3)4]SO4.

в) металдардың карбонилдері; лиганд-көміртек монооксидінің молекулалары.

Мысалы:[Fe(CO)5], [W(CO)6], мұндай комплекстердің электрлік заряды жоқ.

2.Құрамында иондық лигандтар бар комплекстер:

а) ацидокомплекстер [AIF6]3- [Fe(CN)6]3-

б) гидроксокомплекстер [AI(OH)6]3-,[Zn(OH)4]2-,[Sn(OH)6]2-

3. Циклді немесе хелатты комплекстер, құрамында би- немесе полидентатты лигандтар бар:


Комплексті қосылыстардың номенклатурасы.

1960 жылыИЮПАК комплексті қосылыстарының жаңа номенклатурасын жария етті.Комплексті қосылыстарды үш топқа бөлді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет