В. А. Митерев н. С. Реметова


Судың жалпы кермектілігін анықтау



бет76/113
Дата03.01.2022
өлшемі0.76 Mb.
#450151
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   113
Реметова Митерев Мед хим на каз

Судың жалпы кермектілігін анықтау

Пипеткамен 25,00 см3 құбыр суын өлшеп аламыз да, сиымдылығы 200 – 250 см3 титрлеу колбасына құямыз, 25,00 см3 дистилденген су қосып одан кейін 5 см3 аммикты буфер ерітіндісін қосамыз. Дайын болған қоспаға ~ 0,03г қышқылдық хром қара көкті жайлап қосады да, жақсылап шайқап, стандартты ЭДТА ерітіндісімен қызыл түстен көк-таңқурай түске өткенше титірлейді. Жалпы судың кермектілігін (мэкв/дм3 градуста) төменгі формула арқылы есептейді.

Ж = NЭДТА/VЭДТАK1000/VH2O;

Ж = NЭДТА/VЭДТАK1000 · 2,8/VH2O



Тесттік тапсырма

  1. Комплексонометриялық титрлеудің негізгі шарты

  1. ерiтiндiнiң белгiлi аликвотасы

  2. қышқылды-негізді индикатор

  3. буферлік ерiтiндiні қолдану

  4. белгiлi температуралық ереже

  5. белгiлi ыдыс

  1. Металл иондарымен трилон Б өзара іс-әрекеті сәйкес келетін теңдеу

  1. Me + Tr → MeTr

  2. Me2+ + Tr2-→ MeTr

  3. Me2+ + H2Tr2-→ MeTr2- + 2H+

  4. Me2+ + H2Tr → MeTr + 2H+

  5. Me2+ + Tr2-→ MeH2Tr

  1. Титрометриялық әдістердің қайсысында буферлік ерітіндіні міндетті түрде қолданады

  1. бейтараптану

  2. комплексонометрия

  3. оксидиметрия

  4. потенциометрия

  5. кондуктометрия

  1. Me2+ + H2Tr2-→MeTr2- + 2H+ титриметриялық анализ әдісіне сәйкес келетін реакция

  1. бейтараптану

  2. комплексонометрия

  3. оксидиметрия

  4. потенциометрия

  5. кондуктометрия

  1. Қандай титриметриялық анализ әдісінде Трилон Б жұмыс ерітіндісі болып табылады

  1. комплексонометрия

  2. бейтараптану

  3. оксидиметрия

  4. потенциометрия

  5. кондуктометрия

  1. Қандай титриметриялық анализ әдісінде металл индикаторларын пайдаланады

  1. Комплексонометрия

  2. Бейтараптану

  3. Оксидиметрия

  4. Потенциометрия

  5. кондуктометрия

  1. Комплексонометриялық титрлеуде міндетті түрде буферлі ерітіндіні не үшін пайдаланады

  1. Бөлінген сутек катиондарын байланыстыру

  2. Бөлінген гидроксил аниондарын байланыстыру

  3. Бөлінген металл катиондарын байланыстыру

  4. Трилон Б байланыстыру

  5. Индикатормен байланыстыру

  1. Комплексонометриялық әдіспен қай ионды анықтауға болады

  1. H+

  2. K+

  3. Na+

  4. OH-

  5. Mg2+

  1. Комплексонометриялық әдіспен қай ионды анықтауға болады

  1. H+

  2. K+

  3. Na+

  4. OH-

  5. Co2+

  1. Комплексонометриялық әдіспен қай ионды анықтауға болады

  1. H+

  2. K+

  3. Na+

  4. OH+

  5. Ti2+

  1. Комплексонометриялық әдіспен қай ионды анықтауға болады

  1. H+

  2. K+

  3. Na+

  4. OH-

  5. Ca2+

  1. Магнй дәрі-дәрмектерін анықтау үшін пайдаланады

  1. Бейтараптану әдісі

  2. оксидиметрия

  3. тұндыру әдісі

  4. комплексонометрия

  5. кондуктометрия

  1. Висмуттың дәрi-дәрмектерiн анықтау үшiн қолданады

  1. Бейтараптану әдісі

  2. оксидиметрия

  3. тұндыру әдісі

  4. комплексонометрия

  5. кондуктометрия

  1. Кобальттың дәрi-дәрмектерiн анықтау үшiн қолданады

  1. Бейтараптану әдісі

  2. оксидиметрия

  3. тұндыру әдісі

  4. комплексонометрия

  5. кондуктометрия

13. Атом құрылысы

19 ғасырдың аяғы 20 ғасырдың басында атом құрылысының ашылуы мен зерттелуінің келесі моделін ұсынуға мүмкіндік берді:



  1. Орталықта оң зарядталған ядро табылады.

  2. Барлық оң заряд (бөлшектер - протондар) және барлық масса ядрода жұмылдырылған.

  3. Ядро протондардан және нейтрондардан тұрады (жалпы атауы - нуклондар).

  4. Ядроның айналасында, оны айналып электрондар жүреді. Сонымен қатар ядроның оң заряды мен электрон саны тең.Егер белгілесек:

A–массалық сан.

Z–ядро заряды, протондар санына тең.

N–нейтрондар саны.

Онда: Z = A - N;N = A–Z және A = Z + N

Атомның қазiргi үлгiсiне сәйкес, атомның ядросы әркелкi тығыздықтағы электрондық бұлтымен қоршалған. Бұлттың пiшiнi әртүрлi болуы мүмкін. Атомды орбиталь – бұл электронның жүру мүмкіндігі жоғары болатын атомдық кеңістіктің бөлігі.

Атомдағы электронның жағдайын квант сандарымен анықтайды, квант саны төртеу: n, l, ml, ms.

Бас квант саны n:


  • электрон айналып жүрген орбитаның қандай энергетикалық деңгейде , оның ядродан қаншалықты қашықтықта екенін көрсетеді.

  • мәні бүтін сандар n = 1, 2, 3, 4, …

Қосымша (орбиталь) квант саныl:

  • электрон қабатының пішінің сипаттайды:

  • берілген деңгей аумағындағы электрондардың әртүрлі энеогетикалық күйін көрсетеді;

  • берілген деңгейдегі электрондардың деңгейшелер бойынша таралуын анықтайды;

  • мәні0-ден n-1 дейінгі бүтін сандар l = 0,1 , … n-1;

n = 1 l = 0 s – орбиталь;

n = 2 l = 1 p – орбиталь;

n = 3 l = 2 d – орбиталь;

n = 4 l = 3 f – орбиталь.

Магниттік квант саны ml:


  • электронның ядро өрісіндегі қозғалысынан туындайтын магниттік моментін сипаттайды;

  • электрон қабаттарының кеңістіктегі кез-келген бағыттармен (өзара перпендикуляр осьтер-x,y,z) салыстырғанда орналасуын анықтайды;

  • - l-ден +l-ге дейін нөлді қоса есептегенде, тұтас сандағы мәндерді қабылдайды.

m мәндерінің саны m=2l + 1 формула бойынша анықталады.

Мысалы:


Егерl = 0, болса ml = 2∙0 + 1 = 1.

Алынатын ml мәнінің саны электрондық ұяшықтарды санына сәйкес келедi.

s: l = 0; болса ml= 2∙0 +1 = 1; ml = 0;

p: l = 1;болсаml= 2∙1 +1 = 3; ml = -1; 0; 1;

d: l = 2;болса ml= 2∙2 +1 = 5; ml = -2; -1; 0; +1; +2;

f: l = 3; болса ml = 2∙3 +1 = 7; ml = -3; -2; -1; 0; 1; 2; 3.

Спин квант саны ms - спин – электронның тағы бір қасиеті, ол ядроны айналуымен қатар, өз осінде де ұршықша үйіріледі.

Өз осінде бір электрон бір бағытта айналса, екіншісіоған қарама-қарсы бағытта айнала алады. Электронның өз осінде айналуы да электронды магниттік момент туғызады, бұл қасиет те кванталлады, яғни бірінен екіншісінің айырымы бүтін сан болуы керек. Сондықтан спин квант санының екі ғана мәні болады және олар +1/2 мен -1/2 . Спин электроның график түрiнде бағдаршамен бейнелейді: ↑↑ - параллельді спиндер (бір бағытта айналады); ↑↓ - антипараллельді спиндер (әртүрлі бағытта айналады).

Электрондардың қандай қабатта, қандай қаптарда орналасуы төмендегі жағдайлармен тығыз байланысты.


  1. Паулидің принципі – бір атомның ішінде барлық жағынан ұқсас екі электрон болуы мүмкін емес, яғни атомдағы 2 электронның 4 квант санының төртеуі бірдей болмайды. Осы ереженің маңызды салдары мынада: әр орбитальда антипараллель спиндері бар (msквант санының таңбасы әртүрлі) екі электронның болуы.

  2. Гунд ережесi- бойынша белгiлi бiр деңгейшедегi электро­ндардың спин сандарының қосындысы максималь болуы керек, яғни орбитальдар жеке электрондармен толтырылып, содан кейiн жұптастырылады:

  3. Клечковский ережелерiне сәйкес басты және қосымша квант сандарының мәнi іскен сайын электронның энергиясы да жоғарылайды, яғни деңгейшелер n+l ісу бағытында толтырылады.

Мысалы: Е = n + l

3 p 3d 4 s

n=3 n=3 n=4

l=1 l=2 l=0

E=4 < E=5 > E=4

Егер екi деңгейшедегi n + l бiрдей болса, олар басты квант санының ісу бағытында толтырылады. Мысалы :

3 p 4s

n=3 l=1 n=4 l=0



E=4 = E=4

3 <4, сол себептi бiрiншi 3р, содан кейiн 4 s толтырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет