* иондық
* ковалентті
* металдық
* сутектік
Электровалетті немесе иондық байланыс (гетерополярлы) байланыс
Иондық байланыс - иондардың арасында электрстатикалық тартылыс күшінің әсерінен түзілетін байланыс,яғни валенттік электрондарды қосып алу немесе беріп жіберу мүмкіншіліктерінде аса көп айырмашылық бар атомдар арасында пайда болады.
Оң зарядты иондар - катиондар, ал теріс зарядты иондар - аниондар.
Нағыз металдар (I, ІІА) мен нағыз бейметалдардың (VI-VIIА) арасында иондық байланыстар түзіледі.Иондық байланыс тұздарда, негіздерде және қышқылдарда да байқалады.Иондардың зарядтары араб цифрларынан кейін көрсетіліп, элемент таңбасының оң жағын ала жазылады.
Иондық байланыстар көбінесе минералдық заттарға тән,олар тез бұзылады.Мысалы электролиттік диссосация кезінде және осы байланыс орнынан молекула иондпрға ыдырайды.
Ковалентті байланыс
Ковалентті байланыс –ортақ электрондық жұп есебінен жүзеге асырылатын химиялық байланысты атайды. Химиялық байланыстың түзілуін электртерістілік ұғымын қолданып түсіндіруге болады.
Ковалентті байланыстың түзілуінің донорлы-акцепторлы деп аталатын механизмі бар.Донор-бұл қос екі электроны бар атом.Акцептор- бұл электрон жұбын қабылдауға қабілетті бос орбиталы бар бөлшек. Ковалентті байланысқа тән қасиеттер: қанығу,полюстену,бағытталу болып табылады.Түзілетін коваленттік байланыстың бағытына қарай сызықты,бұрышты,үшбұрышты.
Электртерістіліктері бірдей элемент атомдарының арасында (Н2, О2, N2, С12) байланыста болатын сутек молекуласының түзілу мысалында қарастырайык. Сутек атомының электрондық формуласы 1s1. Сутектің электротерістілігі 2,1. S-электрондарының электрон бұлттары сфера (шар) тәрізді, олардың өзара әсерлесуін былай көрсетуге болады; сонда s электрондарының бұлттары өзара қабысып, екі электрон екі ядроға да ортақ, олардан бірдей қашықтықта орналасады.
Бірдей атомдардың арасындағы байланыс полюссіз ковалентті байланыс деп аталады. Электрон бұлттары қабысуы нәтижесінде энергия бөлініп, молекула түзіледі. Бұл энергия шамасы молекуладағы байланыс беріктілігін сипаттайды, олай болса молекула жеке атомдарға қарағанда тұрақты жүйе болғаны.
Достарыңызбен бөлісу: |