В. А. Митерев н. С. Реметова


Электрөткізгіштіктің биология мен медицинадағы маңызы



бет82/113
Дата03.01.2022
өлшемі0.76 Mb.
#450151
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   113
Реметова Митерев Мед хим на каз

Электрөткізгіштіктің биология мен медицинадағы маңызы

Әр түрлі ұлпалар мен биологиялық сұйықтардың электрөткізгіштігі әр түрлі: жұлын сұйығы, лимфа, өт, қан электр тогын өте жақсы өткізеді. Сол сияқты жақсы өткізетіндерге бұлшық еттер, тері асты жасушалары, бас миының сұр заты жатады. Оларға қарағанда өкпе, жүрек, бауырдың электрөткізгішітігі төмен болып келеді. Май және сүйек ұлпаларының электрөтткізгіштігі өте нашар. Электр тогын нашар өткізетін тері (мүйізді қабаты). Құрғақ эпидермис электр тогын мүлдем өткізбейді деп айтуға болады. Жасушаларға қарағанда (олардың қабықшалары көптеген иондардың қозғалуына кедергі жасайды), жасушааралық кеңістіктің сұйықтары электр тогын әлдеқайда жақсы өткізеді. Қабықшалардың маңайында бір аттас зарядталған иондар жиналып, поляризация пайда болады. Соның нәтижесінде ұлпалар арқылы өткен тұрақты тоқтың күші бірден күрт төмендейді. Сол себепті терінің электр өткізгішітігі негізінен бездердің, әсіресе тері бездерінің ағындарына байланысты болады. Физиологиялық жағдайға байланысты жасушааралық кеңістіктің саңылаулары мен без ағындарының шамасы, экскреттің иондық құрамы және т.б. өзгеріп отырады және соның нәтижесінде ұлпалардың электр өткізгішітігі де өзгереді.

Осылайша, жиілігі төмен тұрақты және ауыспалы токтар жасушааралық кеңістікпен қозғалады. Қарама-қарсы, жиілігі жоғары ауыспалы тоқтар үшін жасуша қабықшалары кедергі бола алмайды, себебі ток қозғалысының тез өзгеріп отыратын бағыты қабықшалардың поляризациялануына мүмкіндік бермейді. Жасуша мембранасы бүлінгенде тұрақты және ауыспалы тоқтар үшін ұлпалардың электрөткізгіштігіндегі айырмашылық жойылады.

Биологиялық ұлпалар мен сұйықтардың құрамындағы электролиттер әжептәуір болғандықтан, олардың электрөткізгіштігі жоғары. Осыған орай, физиотерапияда иондыфорез әдісі, яғни электродтарды қосып кілегейдің және терінің беткейі арқылы дәрілерді ион түрінде жіберу әдісі қолданылады.

Тұрақты тоқтың электродтарын қосу катодтың маңайындағы ұлпаларда болатын қозғалғыштығы жоғары Н+, Na+, K+ - иондарының концентрациясын жоғарылатады, соған сәйкес анодтың екі валентті катиондар да артады. Катодтың маңайындағы Na+және К+ -иондары жасуша қабықшаларын қопсытып, олардың өткізгіштігін жоғарылатады. Соның нәтижесінде жасушалар мен ұлпаларға қалыпты жағдайда өте алмайтын заттар өтеді, мысалы, катодтың көмегімен теріге жіберілетін дәрі-дәрмектер. Сонымен қатар, электрлі осмостың әсерінен катодқа өтетін су ұлпаларды жергілікті ісіндіреді. Жасушаларға өткен барлық заттар бастапқыда оларды қоздырып, одан кейін жасушаларды тежеп оларды парабиоз күйіне жеткізеді. Анодтың маңайындағы Са2+ және Mg2+- иондары қара-қарсы жасуша мембраналарын тығыздап, олардың қозғыштығын төмендетеді. Тұрақты тоқтың полюстері алмастырылғанда, иондар қара-қарсы қайтадан бөлініп, жасуша қалыпты күйіне енеді.

Катод физиотеапияда ұлпалардың, әсіресе, әртүрлі зақымдану нәтижесінде парабиоздық күйде болатын жүйкелердің қызметін қалпына келтіру үшін қолданылады. Анод болса, тітіркенудің нәтижесінде (ауырсыну) қозған ұлпаларды қалыпты келтіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет