В. Б. Молотов-Лучанский, А. Т. Туймебаева, Г. Л. Алишева, Н. Т. Абильдина геронтология және гериатрияның таңдаулы сұРАҚтары



жүктеу 0.66 Mb.
бет3/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.66 Mb.
1   2   3   4

Қарт жастағы адамдардың терісіндегі өзгерістері
Алдын-ала жүргізілген өзгерістер тері ауруларының басқа адамдарға қарағанда егде жастағы адамдарды жиі кездесетінің көрсетті. Американдық-тардың 40%-да 65 және 74 жас аралығындағы науқастарда дәрігірдің көмегін қажет ететін қауіпті тері аурулары кездесетіні анықталды. Ал 74 жастан асқан қарт адамдарда қатерлі тері ауруларының даму қаупі байқалады.

Терінің қартаюын кәдімгі ішкі қартаю және экзогенді қартаю деп екіге бөлуге болады. Кәдімгі қартаю дегеніміз барлық адамдарға тән қалыпты кәріліктің белгілері. Классикалық тұрғыдан қарағанда қартаюдың алдын-алу мүмкін емес, дегенмен табиғи қартаюдың алдын-алатын антиоксидантты С және Е дәрумендерінің рөліне деген қызығушылық артты. Көптеген әлемге танымалы баспалардан шыққан мақалаларға қарамастан осы дәрумендерді қолданудың оң нәтижесі туралы айғақтар жоқ.


Жас ұлғаюға байланысты теріде болатын өзгерістер

Табиғи қартаю:

  • Мүйіз түзуші жасушалардың арасындағы байланыстың төмендеуі;

  • Эпидермис қалыңдығының шамалы азаюы немесе терінің қалыпты суретінің қалыңдауы;

  • Эккринді тері бездерінің санының азаюы;

  • Түкті фоликулалар санының азаюы;

  • Шаштың ағаруы;

  • Тырнақтың жұқаруы және майысуы;

  • Терідегі коллагендер құрамының азаюы (жыл сайын 1 % ке);

  • Терідегі эластикалық талшықтар санының азаюы;

  • Терідегі негізгі заттар санының азаюы;

  • Тері асты май көлемінің азаюы немесе көбеюі (дене бөлігіне байланысты);

Экзогенді қартаю (УКС дің әсерінен):

  • Керотиноциттердің пісіп жетілуі үрдісінің бұзылуы (ксероз);

  • Сепкілдер;

  • Сәуле лентигосы;

  • Тамшы тәрізді гипомеланоз;

  • Әжімдер;

  • Эластоз (терінің сарғаюы);

  • Телеангиэктазиялар;

  • Кәрілік пурпура;

  • Комедонның тамырлы дақтары;

Экзогенді қартаюға сыртқы факторлардың әсерінен болатын өзгерістер жатады. Ең маңызды факторға УКС-нің жиналуы түрінде байқалатын және күн сәулесінің әсерінен пайда болатын дерматогелиоз жатады. Терінің қар-таюына байланысты болатын көптеген өзгерістер (әжімдер, қатты сары тері, жұқа тері, гипопигментация және гиперпигментация, кәрілік лентиго [бауыр дақтары], телеангиэктазиялар, және сенильді [сәулелік] пурпура), күн сәуле-сінің әсерінен және солярии тәрізді ультра күлгіннің басқа түрінен дамитын екінші ретті өзгерістер болып табылады. Терінің қартаюын тездететін сыртқа факторларға темекі шегу және қоршаған ортаның әсері де жатуы мүмкін.

Егде жастағы адамдардың терісін микроскоппен қарағанда дерма мен эпидермистің шекарасының тегістелгені (қалыпты қатпар түрінің жойлуы) меланоциттер санының және Лангерганс жасушаларының азаюы байқалады. Дермада фибробластар, майлы жасушалар және қан тамырлар саны азаяды, шаштардың депигментациясы, атрофия көрінеді, тері бездерінің және коллаген, эластин , сонымен қатар негізгі заттардың саны қысқарады.

Бұл өзгерістер кәрілік пурпура ретінде қарастырылып (сәулелік пурпура, Бейтмен пурпурасы), жиі кездеседі. Көптеген зерттеулердің бірінің көрсет-кіштері бойынша 64 жастан асқан адамдар тобында бұндай өзгерістер пациенттердің 97% да табылған. Бұл өзгеріс көлемі 1-5 см болатын жан-жағы анық шектелген пурпулармен сипатталады. Бұл кезде тері атрофиясы және терінің иілгіштік қасиеті төмендейді. Пациенттер бұл зақымдалуды шамалы жарақат алғаннан кейін пайда болғанын айтады. Осы өзгерістер фиброблас-тардың айналасындағы қан тамырлардың ультра күлгін сәулесімен зақымда-луынан қалыпты қызметті жүзеге асыратын коллагеннің жойылуынан пайда болады деп саналады.

Сәулелік (актиникалық) эластоз ультра күлгін жарығының әсеріне жауап ретінде фибробластардың өзгерген эластикалық талшықтар түзуінен пайда болады.

Талшықтардың нақты сипаты анықталмаған, бірақ олар эластикалық тінге арналған бояумен боялады және эластазға сезімтал болады. Электронды микроскопия бұл талшықтардың қалыпты талшықтарға ұқсас екенідігін көр-сетеді, бірақ бірдей емес. Егде жастағы адамдарда өзгерген талшықтардың көп мөлшерде жиналуына күннің әсеріне ұшыраған терінің сыртқы түрі әсер етіп, оны сарғыш түске бояйды. Сәулелік эластоз мойынның артқы бетінен жақсы анықталып (сурет 1) Cutis rhomboidalis nuchae деп аталады.

Сурет 1. Cutis rhomboidalis nuchae. Сәулелік эластоздың айқын түрі және күн сәулесінің әсеріне аз ұшыраған бөліктен анық шектелген мойынның артқы бөлігінің тыртыюы

Кисталы және комедонды түйінді эластоз (сурет 2) Фавра-Ракушо синдромы деген атаумен белгілі, периорбитальды аймақтың бүйір және төменгі беткейіне шығатын айқын сәулелі эластоз және комедон.

Сурет 2. Түйінді комедонды эластоз. Сәулелі эластоз аясында дамыған көптеген комедондардың орналасу сипаты

Ауыр жағдайда киста байқалады. Осындай орналасу себебі түсініксіз, бірақ фибробластар түкті фоликулалардың айналасында зақымдалады деген тұжырым бар. Көп жағдайда третиноин майын жергілікті жағу және оларды сығу оң нәтиже береді.

Бауыр және кәрілік дақтар (жиі сәулелі және кәрілік лентиго деп аталады) бір нозологиялық бірлікті құрайды. 64 жастан асқан пациенттердің 50%-де кем дегенде бір лентиго, ал көпшілігінде одан да көп анықталады. Олар жалпақ, шамалы ғана теріден томпайып тұратын ақшыл қоңыр немесе қоп-қоңыр түсті, терінің күн түсетін ашық жерлеріне, әсіресе алақанның сыртқы бетіне, иыққа және бетке шығатын ультра күлгін сәулелерінің көп мөлшерде жиналғанның нәтижесінен пайда болатын зақымдалу. Микроскоп-пен қарағанда лентиго тері қырларының ұзаруымен (лентигинозды гиперплазия) және меланоциттер санының көбейіп (меланин шамадан тыс бөлінеді) сипатталатын зақымдалу. Зақымдалған теріні сұйық азотты шамалы мұздату арқылы және қабыршақтандыратын заттар немесе арнайы лазердің көмегімен алып тастауға болады. Оларды уақытша түссіздендіруге болады, дәріханада сатылатын (концентрациясы 1-2%) немесе рецепт бойынша алуға болатын (концентрациясы 3-4%) гидрохиноин кремін қолдану арқылы.

Қазіргі таңда теріні жасартатын емдеу тәсілі немесе препараттар жоқ. Теріні жас қып көрсететін, әжімді азайтатын емшаралар бар. Бақылауға алынған ғылыми зерттеулер бойынша изотретинді крем немесе құрамында сүт қышқылы бар ылғалдандырғышты жергілікті қолдану терінің қалыңдауына және әжімнің аса байқалмауына әсер етеді. Дегенмен жергілікті емдеудің осындай нәтижесі аз мөлшерден шамалы мөлшерге дейін ғана байқалады. Анық жақсы нәтижеге бетке арналған химиялық қабыршықтан-дырғыш заттарды қолдану (фенол, три-хлорсірке қышқылы, а-гидроксиқыш-қылы), лазеротерапия (тері бетіне лазердің әсері), әжім түсетін аймаққа өгіз коллагеніне иньекция жасау және теріні тарту арқылы қол жеткізуге болады. Терінің экзогенді қартаюына қарсы ең жақсы әдіс – теріге күн сәулесінің әсерін азайту немесе оның алдын-алу, яғни күн сәулесінің астында көп болмау, қорғаныш кремдерін пайдалану және арнайы киімдер кию. Темекі шегуден бас тарту да пайдасын тигізеді.

Егде жастағы адамдарды жиі кездесетін терінің қабыну аурулары қандай?



  • Ксероз (құрғақ тері)

  • Беткей микоздар

  • Контактты дерматиттер

  • Іркілген дерматит

  • Себореялы дерматит

  • Қызғылт безеулер

Ксероз (құрғақ тері, астеатоз) егде жастағы адамдарда кездесетін ең кең таралған дерматоз түрі ғана емес, сонымен қатар ол тері қышуының жиі кездесу себебі болып табылады. Егде жастағы адамдарда ксероз ауруының жоғарғы дәрежесі жұқа ақ қабыршықтармен сипатталатын, терінің кедір-бұдырлануын туғызатын жетілу үрдісінің бұзылуы және кератоноциттердің бірігуіне байланысты. Сонымен қатар эккринді бездер қызметінің төмендеуі және май бездері бөлетін липидтер санының азаюының маңызы да аз емес. Астеатозды («майсыз» деген мағынаны білдіреді) дұрыс термин деп санауға болмайды, себебі ол терінің құрғақтану себебін анықтамайды.

Ксероздың байқалуы қоршаған ортаның ылғалдылығы төмендегенде күшейеді, әсіресе құрғақ климатта және пеш жаққан үйде, сонымен қатар сабын сияқты тітіркендіргіштердің әсерінен. Ксероз ылғалдылық жоғарлаған-да (ылғалдандырғыш қолданғанда) және жұмсақ әсер ететін сабындарды ("Dove" немесе "Oil of Olay") қолданғанда басылады. Пациенттердің көп бөлігі құрамында тұз және сүт қышқылы бар жұмсартқыш заттармен емде-луге мұқтаж болады. Дегенмен олар өте қымбат және рецептпен беріледі. Жұмсартқыш заттардың әсері жуынғаннан кейін ылғалды теріге жаққанда жоғарлайды.

Эпидемиологиялық зерттеулер бойынша егде жастағы адамдарда ксероздың кездесу жиілігі 6%. Бұл аурудың ақыр соңы экономикаға әсерін тигізеді: веноздық жеткіліксіздіктен пайда болған ойылудың жалпы емі жылына 65 млн доллар құрайды.

Емі ең алдымен веноздық қысымды азайтуға бағытталу керек. Бұған қол жеткізу үшін аяқты денеден жоғары деңгейде ұстап, белсенді түрде физикалық жаттығулар жасап, арнайы тамырларды қысып тұратын шөлки киеді немесе хирургиялық килігулер жүргізіледі. Хирургиялық жолмен емдеу тәсілін таңдау зақымдалған аймақтың орналасуына байланысты, бұл тәсілде аяқтың тері асты көктамырлары алынып тасталады. Дерматитті (іркілген дерматит), белсенділігі шамалы және төмен кортикостреоидтармен емдейді. Егер екіншілік инфекция болса антибиотик тағайындайды. Осы әдістермен емделінетін венозды жаралардың бетін өңдеу қажет.



Созылмалы венозды жеткіліксіздік (сурет 3) терең немесе беткей орна-ласқан көктамырлар клапанының жеткіліксіздігінен дамиды, көп науқастарда екі немесе бірнеше клапанды жүйенің ақауы анықталады. Терең орналасқан қақпақшалардың жеткіліксіздігі кезінде аурудың ең қиын күрделі жағдай-лары байқалады. Қақпақша жеткіліксіздігі тұқым қуалаушы факторлардың әсерінен дамуы мүмкін (туа пайда болған қақпақшалар жеткіліксіздігі немесе олардың мүлде болмауы), ұзақ уақыт аяқпен тұру қалпы, венозды тромбоз-дың әсерінен қақпақшалар зақымдалады. Созылмалы венозды гипертензия-ның дәрежесіне байланысты ісіктермен, көктамырлардың варикозды кеңеюі-мен, қоңыр пигментациямен (гемосидериннің әсерінен), жаңадан беткей тамырлардың пайда болуымен, дерматит және ойылулармен сипатталады.

Сурет 3. Ойылулы созылмалы венозды жеткіліксіздік. Веналық жаралар көбінесе балтырдың төменгі бөлімінің ортаңғы бөлігінде пайда болады. Гемосидериннің әсерінен пайда болған қоңыр пигментация және кеңейген беткей тамырларға назар аударыңыз

Розацеа, немесе қызғылт безеу – ең жиі таралған тері ауруы, егде жаста-ғы адамдардың 12%-ында кездеседі. Патогенезі белгісіз, бұл аурумен сырқат-танатын пациенттерде теріге қанның көп құйылуы және инвазияға бейімділік байқалған, Demodexfolliculorum – адамның талшықты фолликуласының пара-зиті (дегенмен қызғылт безеудің патогенезіне оның қатысы белгісіз). Қыз-ғылт безеу көп жағдайда маңдай, бет, мұрын және иекке шығады. Аурудың негізгі үш белгісі болады: телеангиэктазии, май бездерінің гиперплазиясыз, безеу тәрізді папулалар және пустулалар. Әрбір нақты жағдайда бір немесе бірнешеуі анықталады.

Ринофима – қызғылт безеудің клиникалық түрі, мұрындағы май без-дерінің айқын гиперплазиясы ретінде байқалып, мұрынның пішінін өзгертуі мүмкін. Кейбір жұртшылық ринофимасы бар адамдарды маскүнемдер деп есептейді, бұл шындыққа сәйкес келмейді, дегенмен қызғылт безеуі бар пациенттердің бетіндегі белгілер ішімдіктен соң күшейеді. Бұл бетке қанның құйылуы ринофиманың себебі ретінде қарастырылады.

  • Қатерсіз ісіктер: себореялы кератоз, капиллярлы гемангиомалар, акрохордондар, май бездерінің гиперплазиясы

  • Рак алдындағы түзілімдер: кәрілік кератоз, Боуэн ауруы

  • Қатерлі сіктер: базальді-жасушалы рак, жалпақ жасушалы рак.

Себорейялы кератоз – жиі кездесетін терідегі эпидермальды қатерсіз түзілім (сурет 4). Ол 64 жастан асқан пациенттердің 88%-де анықталады. Оның патогенезі белгісіз, бірақ бұл зақым кератиноциттер немесе эпидермия-ның базальды қабатының жасушаларынан, шашты фоликуланың беткі бөлігінен дамып, орта және одан кейінгі жаста байқалады деп есептелінеді. Олар алақан және табаннан басқа терінің кез келген бөлігіне, әсіресе бетке және денеге шығады. Себореялы кератоздың клиникалық көрінісі шеті анық қоршалған, теріден томпайып тұратын қоңыр немесе сұр, қара түсті терігі жабысып тұрған тәрізді папуладан тұрады. Оның беті тегіс емес немесе сүйел тәрізді болады.

Сурет 4. Себореялы кератоз. Себореялық кератозға тән қара-қоңыр түсті, теріге жабысқан тәрізді теріден томпайып тұратын түзілім. Бұл егде жастағы адамдарда жиі кездесетін терідегі қатерсіз түзілім

70 жастағы ер адамда себореялы кератоздың жүздеген элемент-тері кенеттен бірден пайда болды. Мазасызданудың қандайда бір себебі бар ма?

Иә. Пациентте себореялы кератоздың бірнеше элементтерін кенеттен пайда болуымен сипатталатын қатерлі ісікке жалғасатын Лесер-Трел синдромы болуы мүмкін. Бұндай белгілері бар пациенттердің 1/3 -де ішкі мүшелердің қатерлі ісіктерінің басқ симптомы-Acanthosis nigricans дамуы жоққа шығарылмайды. Көп жағдайда іш қуысындағы мүшелердің ісігі аденокарцинома қосарланады. Біріншіден, себореялық кератоздың бәрін бірдей емдеу қажет емес, себебі кератоз қатерсіз түзілім болып табылады. Кей жағдайда пациенттер қышуының себебінен немесе косметикалық нәтижеге жету үшін бұл элементтерді алып тастатқысы келеді. Оны емдеу үшін сұйық азотпен криотерапия жүргізіледі, себебі бұл тәсіл тез орындалуымен және оң нәтижелілігімен ерекшеленеді. Бұл түзілім атипиялық түрімен немесе жалпақ жасушалы, базальды жасушалы рактың қатерлі түріне өтуі мүмкін деген күдік болса оны қыру немесе биопсия арқылы алып тастауға болады. Себореялы кератозды а-гидроксиқышқылын жергілікті қолдану арқылы емдейді.


Егде жастағы адамның құлақ иілімінде көк түсті жұмсақ папула бар, бұл қатерлі меланома деп науқас мазасызданады. Қандай диагноз болуы мүмкін?
Ажырату диагнозын көк невус, қатерлі меланома, дене әшекейі (татуировка) және тамырлы дақ ауруларымен жүргізеді. Бұл жағдайда тамырлы дақ диагнозын папуланы басу арқылы анықтауға болады, папуланы басқанда бұл түзілімде коллапс пайда болады. Тамырлы дақта (сурет 5) геморройдағы сияқты қабырғасының иілгіштігі жойылған варикозды кеңейген көктамырлар көрінеді. Дақтың диаметрі 1-5 мм, күн көзі түсетін дененің ашық бөлігіне, ерінге, құлаққа және бетке шығады. Бұл тамырлы дақтар кең тараған: эпидемиологиялық зерттеулер бойынша егде жастаға адамдардың 12%-де кездеседі. Тамырлы дақтар ешқандай клиникалық қызығушылық танытпайды, тек олар қатерлі меланомаға ұқсағанда ғана көзге түседі, тромбпен бітеледі немесе ауырсынады. Оларды жай ғана кесіп алу арқылы алып тастауға болады.

Сурет 5. Тамырлы дақ. А. Егде жастағы адамның құлағындағы күлгін- көк папула. В. Тамырлы түзілімге тән коллапс, сыртынан басу кезінде байқалады

Осыдан жүз жыл бұрын 65 жастан асқан азаматтар американдықтардың 2%-ын құрады. 1980 жылға қарай олар 11%-ға көбейді, ал 2030 жылы 20 %-ға жетті. Егде жастағы адамдарда терінің қауіпті ауруларының жиі кездесуін ескере отырып, денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлері осы тұрғындар тобында анықталатын ауруды диагностикалау, алдын-алу тәсіл-дерін, тері ауруларын емдеуді меңгеру қажет.


Егде жастағы адамның тірек қимыл жүйесінің аурулары
Қарт және егде жастағы адамдарда жиі кездесетін ауру түріне тірек қимыл жүйесінің аурулары жатады. Ол физикалық күйзеліс әкеліп, қозғалыс және өз-өзіне қызмет көрсету қабілеттілігін төмендетіп, өмір сапасын төмендетеді де мүгедектікке әкеледі. Мұндай аурулардың емі әжептәуір экономикалық шығынға әкелуі мүмкін.

Буындардың зақымдануы қабынумен (ревматоидты артрит, реактивті артриттер және т.б.), алмасу-дистрофиялық (остеопороз, остеоартоз, подаг-ра), екінші ретті (жарақаттан кейін, қатерлі аурулар кезінде – ісік, гемоблас-тоздар және т.б.) және эндокриндік аурулар салдарынан (қантты диабет, гипофизді-бүйрек үсті безі жүйесінің, қалқанша және қалқанша маңы безінің аурулар) болады. Дәріс, алдын-алу және емдеу диагностикалық іс шаралары кезіндегі мейірбикенің роліне және гериатрия тәжірибесіндегі буындардың алмасу дистрофиялық (дегенеративті) аурулары кезінде мейірбикелік үрдіс-тің және күтімнің ерекше маңыздылығына бағытталған.

Аурудың дамуына тірек қимыл жүйесінің жастық өзгерістері әсер етеді. Қартаю кезеңінде бұлшықет масссасының көлемі азаяды, бұлшықеттердің жиырылу қабілеттілігі нашарлап, семіп босайды. Сүйектерде минералды заттар мен сүйектің салмағы азайып, сынғыш келеді. Буын шеміршегінің дегенерациясы күшейіп, сіңірлер мен буын қалталарына кальций тұздары (кальциноз) жиналады.
Остеопороз
Остеопороз («кеуекті сүйек») – сүйек салмағының азаюымен және сүйек тінінің микроархитектоникасының бұзылысымен сипатталып, сүйектің морттығына әкеледі де сыну қаупін жоғарлатады. Сүйектің жиі кездесетін сынықтарына білектің дистальді бөлігінің, сан сүйегінің проксимальді бөлімінің (мойнының, ұршық үсті аймағының) және омыртқаның (омыртқа-ның денесі) жатады.

Остеопароз әлеуметтік жағынан тек жүрек қантамыр, ісік аурулары және қантты диабеттен кейін орын алады және әрбір екінші әйелге және 50-ден асқан әрбір үшінші ер адамға қауіп төндіреді. Бұл ауру 61-70 жас арасында 40-66% және 71-89 жас арасында – әйел адамдарда 70-90% диагностика-ланады. Бұл жастағы ер адамдарда осы аурудың көрсеткіштері төмен болады. Остеопорозбен және сүйек сынықтарымен асқынған оның науқастардың емі мен қайта қалпына келуі едәуір материалды шығындармен байланысты.



Этиология және патогенезі. Сүйектің қалыпты құрылымы және қызметі ағзаға жеткілікті мөлшерде кальций, фосфор, магний, цинк, мыс, марганец, фтор, D дәруменінің және т.б түсуімен байланысты. Өмір ағымына байла-нысты сүйек тіні үнемі жаңарып отырады. Бұл құбылыс кальций-фосфор алмасыуымен тығыз байланысты және күрделі гормональды жүйемен рет-теледі, негізгі орынды қалқанша маңы безінің паратиреоидты гармоны, қал-қанша безінің кальцитонины және D дәрумені алады. Соңғысы ағзаға та-ғаммен түседі, сонымен қатар ультракүлгін сәулелерінің әсерімен пайда болады. Жас ұлғая келе (35-40 жастан кейін) сүйек салмағының физиология-лық азаюымен басталады. Остеопароздың алдын-алу, ерте диагностикалау және емдеу мақсатында мейірбике, бұл аурудың даму қаупіне жататын сәт-терді білуі қажет:

    • етеккірі тоқтауы байқалған әйелдерде;

    • егде жастағы әйелдер мен ер адамдарда;

    • етеккір циклінің бұзылыстары, аменорея, сонымен қоса жатыр қосалқы-ларын алып тастаған әйелдерде;

    • анамнезінде және жақын туыстарында сүйек сынықтары бар науқа-старда;

    • ұзақ уақыт бойы қимылсыз жатқан науқастарда (сынықтардан, жарақаттан және ортопедиялық операциялардан кейін);

    • созылмалы эндокринді және ревматикалық, сонымен қатар асқорыту, зәр шығару, қан жасау жүйесінің патологиялары бар науқастар.

Остеопароздың дамуына темекі шегу, жеткіліксіз физикалық белсен-ділік (отырықшы өмір кейпі) және тамақпен кальцийдің түсуі, дене салма-ғының төмен болуы (57 кг-нан төмен), көп мөлшерде ішімдік және кофе ішу себебін тигізеді. Сонымен қатар кейбір дәрілерді қолдану: глюкокортикосте-роидтар (преднизолон және т.б.), тырысуға қарсы (фенобарбитал) және зәр айдаушы (фуросемид) препараттар, антикоагулянттар (гепарин), антацидтер, құрамында мыс бар (альмагель және т.б.), тиреоидты гормондар (тироксин) осындай нәтиже береді.

Егде және қарт жаста бірінші ретті остеопороз (етеккір тоқтағаннан кейін және сенсильді) басым болады, әртүрлі: эндокринді, ревматикалық, асқазан-ішек, зәр шығару жолдарының және қан жасау жүйесінің созылмалы ауруларына байланысты дамитын екінші ретті түрі сирек кездеседі.

Етеккір тоқтағаннан кейінгі (климакс) остеопороз 50-70 жастағы әйелдерде кездеседі. Оның негізгі себебі – «жіберу механизмі» – организмде әйел жыныс гармоны эстрогендердің жеткіліксіз мөлшерде түзілуі. Олардың жеткіліксіз болуы калий фосфор алмасуын реттейтін гармонды жүйенің бұзылуын туғызады. Осыдан сүйек тінінің түзілу үрдісі бұзылып, Д дәруменінің жеткіліксіздігі дамып, ас қорыту ішек жолдарында кальцийдің сіңірілуі төмендейді. Соңынан сүйек салмағы және тығыздығы азайып, олардың сынғыштығы күшейеді.

Сенильді остеопороз еркектерге қарағанды әйелдерді 70 жастан асқанда жиі анықталады. Оның дамуына бірнеше факторлар қатары қатысады:



    • сүт өнімдерін шектегендіктен тамақпен бірге кальцийдің түсуінің төмендеуі;

    • физикалық белсенділіктің төмендеуінен және ұзақ уақыт инсоляцияның («күн сәулесі ваннасы») организмде Д дәруменінің түзілуінің төмендеуі;

    • Д дәруменінің жеткіліксіздігінің нәтижесінен ас қорыту жолдарында кальцийдің сіңірілуінің төмендеуі;

    • қалқанша маңы безінің белсенділігінің жоғарлауы – паратиреоидты гармонның әсерінен сүйектен кальции шығып остеопроз дамиды.


Клиникалық көрінісі
Остеопороз ұзақ уақыт жасырын түрде болуы мүмкін – ешқандай белгісіз және алғаш рет сүйек сынғанда көрніс береді. Ұзақ уақыт тік жағдайда болғанда және қозғалыста арқаның ауруы оның жиі болатын жалғыз белгісі болып табылады.

Уақыт өте келе бұл ауырсыну күшейе түседі де тек жатқан кезде ғана басылады. Бұған жылдың суық мерзімінде күшейе түсетін және физикалық күш түскенде қол-аяқ сүйегіндегі үнемі болмайтын, ұшпалы, әртүрлі қарқын-дағы ауырсыну қосылады. Аурудың өршуінде омыртқада тұрақсыз ауырсыну үнемі болады, немесе «үйректік» жүріс, кейде ақсаңдау пайда болады, науқа-стың (қимылы) физикалық белсенділігі шектеледі. Ауырсыну оны төсек тартып жатқызады және үнемі біреудің көмегі мен күтімін қажет еттіреді .

Еттеккір үзілісіндегі остеопорозға омыртқа денесінің, қабырға және сәулелі сүйек сынығы, ал сенильді үшін – түтікшелі сүйек және ортан жілік мойнының сынығы тән. Жедел және ұзақ уақыт созылмалы ауырсыну жағдайы (2-3 апта) омыртқаның бел-құйымшақ бөлігінде, көбінесе физика-лық жүктемеден немесе жарақаттан, компрессионды омыртқа сынығы кезін-де болады. Олар қарт адамдардың сырт пішінінің өзгеруіне әкеп соқтырады: омыртқаның қысқаруына және кеуденің қисаюына, бойының шөгуіне, бүкірленуге, «ішінің шығып тұруына» келтіреді. Остеопороздың дамуында дені сау ересек адамның екі қолын жайғандағы ұзындыққа тең болатындай аралықта адамның бойы шөгеді. Бойдың қолды жайғандағы ұзындықтан аспауы остеопороздың пайда болуына себебін тигізеді.

Мейірбикелік күтім. Мейірбике остеопорозы бар қарт адамнан анамнез жинағанда остеопороздың Халықаралық фондысының сұраунамасын қолдануына болады, бұл сұраунама осы аурудың даму қаупін бағалауға көмектеседі.

Науқасқа келесі сұрақтарды қою керек:

1. Сіздің ата-аналарыңыздың қайсы бірінде аздап жарақаттанудан кейін сан сүйегі мойнының сынығы болды ма?

2. Сізде аздап жарақаттанғаннан кейін сынық болды ма?

3. Сіз стероидты гормондарды 6 айдан астам уақыт қолдандыңыз ба ? (преднизолон және басқа)

4. Сіздің бойыңыз 3 сантиметрге азайды ма?

5. Сіз аптасына бір рет немесе жиі ішімдік қолданасыз ба ?

6. Сізде диарея жиі болады ма (іш өту)?

7. Сіз күніне бір қорап темекі тартасыз ба?


Ер адамдар үшін:

8. Сізде тестостерон деңгейінің төмендеуіне байланысты мәселелер болды ма? (жыныстық құштарлықтың төмендеуі, импотенция)



Әйелдер үшін:

9. Сізде етеккірдің үзілісі қашан басталды, сіздің жасыңыз 45 жастан төмен болғанда ма ?

10. Сізде етеккіріңіздің бір жылдан астам уақытқа тоқтауы байқалды ма? (жүктілік кезінен басқа)

Дәрігерге қаралу үшін осы сұрақтардың бір немесе бірнешеуіне жағым-ды жауап берілсе және зертханалық-аспаптық зерттеу жүргізуге себеп бола-ды. Екінші остеопорозды болдыратын жағдайда қосымша тамақтану ерекше-лігі және рацион құрамында сүт тағамдарының барлығы анықталады, физикалық белсенділігін, жеке басының қауіпсіздігі және тұрмысының қауіп-сіздігін сақтауы,созылмалы аурулары анықталады. Остеопороз диагнозын қойған науқасқа қойылатын сұрақ: ол диета және су – тұз режімін ұстайды ма, физикалық күш түсіреді ме, бойын және дене салмағын бақылайды ма, жазып берген дәрі-дәрмектерді қолданады ма, өзін өзі емдеумен айналыс-пайды ма.

Дәрігерлік қарауда омыртқаның кифоз немесе лордозына байланысты кеуде қуысының әртүрлі деңгейдегі ақауы жиі кездеседі, «кәрілік бүкір», төмен түскен қабырғалық доға және иек, қол-аяқтың өзгерісі және қысқаруы. Қарт адамның дене бітімі өзгереді, «сұрағыш қалып», еңкею пайда болады.

Физикалық зерттеуде паравертебральды нүктені немесе омыртқаны соққылап тексеруде және денені саусақтармен басып қарағанда, қол-аяқ сүйектерінің сынған жерінде кездесетін ауырсынулар.

Мейірбике сұраған мәліметтің негізінен және объективті зерттеуден мейірбикелік диагноз қалыптастырады – остеопорозда науқастың ең маңыз-ды мәселелері болып табылатындар:


    • арқасының (омыртқаның) және қол-аяқ сүйектерінің ауырсынуы;

    • физикалық белсенділігінің шектелуі;

    • сынықтың пайда болу қауіпі;

    • сүйектің сынуына байланысты қаңқаның ақауы және дене бітімінің өзгерісі;

    • психологиялық және әлеуметті-экономикалық мәселелер және үйрен-шікті өмір салтының өзгеруі.

Күтімді жоспарлауда мейірбике тиімділікті және диагностикалық зерт-ханалық және аспаптық зерттеудің мүмкіншілігін науқасқа түсіндіреді, ті-зіміне кіретін: қанның клиникалық анализі, жалпы белок, ақуыз фракциясы және қандағы холестерин, кальций концентрациясы, фосфор, магний, қант, креатинин, қандағы сілтілік фосфатазалар, сөткелік кальций экскрециясы және зәрдегі фосфор, жалпы зәр анализі, сонымен бірге кеуде қуысының флюорографиясы, сүйектердің рентгенографиясы. Остеопороздың асқынған сатысында рентгенограмма, визуальды бағалау 20-30% сүйектің салмағын жоғалтқанда, ақауын табуда және сүйектердің сынығы диагнозын қоюға көмектеседі.

Нақты уақытта диагностикалаудың ең тиімді әдісі болып сүйек денсито-метриясы саналады (рентгендік және ультрадыбыстық). Оның көмегімен остеопороздың бастапқы сатысында 2-6% дейін қысымы және сүйек тінінің жоғалтуын дәл бағалауға болады. Ресейдің көп қаласында остеопороздың денситометриясы үшін орталықтар аппараттармен қамтамасыз етілген.

Диагностикалық күрделі жағдайда қандағы және зәрдегі жыныс гормондары, ұйқы безі және қалқанша маңы безінің жыныс гармондары, D дәруменінің мөлшері анықталады, сонымен бірге (қаңқаның сцинтигра-фиясы) және сүйек тінінің биопсиясы, радиоизотопты әдістер қолданылады.

Дәрігер-мамандардың кеңесі (ревматолог, травматолог, гериатр, эндокринолог және басқа) қажетті болған жағдайда жүргізіледі.

Остеопороз болған науқасқа емханада сонымен бірге амбулаторлы-емха-налық жағдайда тексеріс және емдеу жүргізуге болады. Жанұялық дәрігер және мейірбикенің науқасқа амбулаторлы жағдайда медициналық көмек көрсетуде рөлі өсе түседі (үйінде көмек көрсеткенде де рөлі арта түседі).

Науқастың әртүрлі мәселелерін шешудегі негізгі рөльге емдік тамақтану және дәрілік терапия жатады, сүйек тінінің алмасу үрдісінің қалпына түсі-ретін, сүйек салмағының жоғалтуының азаюы немесе тоқтауы, сүйектің мықтылығын күшейту, сынықты болдырмау, физикалық белсенділігін артты-ру және өмір сапасын жақсарту. Қарт адамдардағы остеопороздың алдын-алуда және кешенді емдеуде ең маңызды фактор дұрыс тамақтану болып табылады. Негізгі тағамдық заттардың әртүрлілігі және құрамы бойынша үйлестірілісі, D дәрумені, кальцийдің, фосфордың және кейбір басқа микроэлементтердің жеткілікті түрде болуы организмнің энергиялық қажет-тілігін қанағаттандыруы керек.

Остеопороздың медикаментті емінің жеткілікті болуы күрделі және жауапты мәселе, дәрігердің компетенциясына жатады. Остеопороздың айқындығы және түріне байланысты, қарт адамның жасы мен жынысына, сынықтың және қосымша созылмалы ауруларының болуында дәрілерді дұрыс таңдау және оларды қолдану мерзімінің ұзақтығы мәселелерді шешеді. Организмге кальцийдің тиімді түсуі мақсатында және ас-қорту жүйесінде оның тиімді сіңірілуі біріктірілген препараттарды элементарды кальций жоғары мөлшерде болуы және D дәрумені (Кальций-Dз Никомед, Кальций-Dз Никомед форте, Витрум Кальциум+Dз және басқа ) ұсынады. Кальций (Витакальцин, карбонат, цитрат, трифосфат кальция және басқа) препара-тымен бірге D дәруменін (холекальциферол, эргокальциферол) қолдану тиімді екенін көрсетті. Кәдімгі кальций мен D дәруменінің оптимальды сөткелік мөлшері 1500 мг және 800 ME. Остеопороздың өршуін тоқтату және сынықтың алдын-алуға бағытталған патогенетикалық терапияға жатады:

- әйелдің жыныстық гормондарымен (эстрогендер, эстрадиол) қосымша емдеу;

- биофосфонаттарды қолдану (алендронат, ризедронат, золедронат);

- кальцитонин препаратарын қолдану (миакальцик).

Емдеу мақсатында селективті эстрогендердің модуляторының рецеп-торларын (ралоксифен) сирек қолданады. Барлық аталған терапияның түр-лері сүйек тінінің бұзылуының алдын алады. Оның пайда болуын күшейтетін затқа (натрий фториді) жатады, соңғы уақытта оның улылығына және оның жеткіліксіз тиімсіздігіне байланысты оны абайлап қолданады.

Мейірбике науқас күтімі үрдісінде ақпараттың жеткіліксіздігіне байла-нысты, оның қорқыныш пен қобалжуын басуға тырысады, аурудың мәнін, оның емі мен алдын-алу әдістерін түсіндіреді. Ол айналасында науқастың қасында жағымды жайды құруға мүмкіндік береді – палатада және үй жағдайында, мінез-құлқын және тамақтану режімін (диетаны ұстауын), дәрігер тағайындаған медикаментті, дәрі-дәрмектерді қолданауын қадаға-лайды, олардың жағымсыз реакцияларын табады, остеопороздың клиникалық көрнісінің динамикасын бақылайды және бұл жөнінде дер кезінде дәрігерді ақпарттандырады.

Мейірбикенің міндетінің ішіне өмір салтын өзгерту бойынша өзгеріс-тер, қарт адамның жеке басының қауіпсіздігі және оның үй-тұрмысының қауіпсіздігі шараларын сақтауы, құлауы мен сүйек сынудың алдын-алу кіреді. Ол сынықты диагностикалап немесе оған күдіктеніп, дәрігерге дейінгі медициналық көмекті көрсетуі керек.

1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет