27
Әкең мен анаң кімді қызым дейді? Ал кімді ұлым дейді?
Кім кімге аға мен іні немесе әпкесі мен қарындасы, сіңлісі бо-
лады? Кімдерді ата мен әже дейді? Кім кімге немере болады?
Кез келген халықта әрбір ағайынға қатысты өзіндік туыс-
тық атаулар бар. Ол отбасындағы және әулеттегі отбасы
мүшесінің орнына, жасына байланыс ты аталады.
Адамдардың бір-бірімен туысқандық байланысы туралы
не білесіңдер? Суретті пайдаланып, жауап беріңдер.
ұл
ата
әпке
аға
ана
немере
әже
қыз
әке
жиен қыз
жиен
немере
қыз
Ұл мен қыз ата-аналарын қалай атайды? Бірдей ме әлде
әртүрлі атай ма? немерелер әкесі мен анасының ата-анала-
рын қалай атайды?
Сен де отбасының бір мүшесісің, сені әкең мен анаң қалай
атайды?
Туған ағаң мен әпкең, інің мен қарындастарыңды
ше? Әкеңнің немесе анаңның ата-анасына және туыстарына
сен кімсің? Сен әкеңнің және анаңның ата-аналарын қалай
атайсың?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
28
Менің ататегім қайдан
бастау алады?
«Тектілік» сөзінің өзі «тек» сөзінен шығады. Біздің әрқай-
сысымыздың тегіміз көнеден
бастау алған ежелгі бір
ру-тайпаның ұрпағы. Адамдар өз ататегін таратқанда бір
атадан өскен әулеттің ұрпақтарының тізбесін жасайды.
Көптеген халықтар шежірені тармақталған ағаш бұтақтары-
на балайды.
Қазақ халқы әулеттің шығу тегі мен таралуын
шежіре деп
атайды. Қазақ халқы ататегін ерлер тарапынан,
яғни әке
жағынан таратады. Салт-дәстүрге сай жеті атасын білу аса
маңызды
.
Жеті атасын білу тектілік деп саналады.
қазақ халқындағы
шежіре таратудың
маңызын
білесің.
өз
ататегіңді таратуды үйренесің.
род
ру
ancestry
родословная
шежіре
bloodline
Ататек деген не?
Сен өзіңнің атаңның, арғы аталарыңның аты-жөндерін
білесің бе?
1. Бала
2. Әке
3. Ата
4.
Арғы ата
6. Түп ата
7. Тек ата
5. Баба
Бұл дүниеге қаншама адамның ұр-
пағы келіп кетті. Сен – олардың жалға-
сысың. Сондық тан сен өз отбасыңның
және тегіңнің озық дәстүрлерін жал-
ғастыруың керек.
Достарыңызбен бөлісу: