23
Конституцияның
кіріспесінде сипат тал -
ған
халықтың мақ-
саттарын сен қа лай
түсінесің?
Конституцияда біздің еліміздің басты құндылықтары
адам,
оның өмірі, құқығы мен еркіндігі туралы айтылған.
Әрбір азамат өзіне берілген құқықтар мен еркіндіктерді
пайдалана алады. Әр адам өзіне қажетті құқықты білумен
шектелмей, міндетті де орындай білуі қажет.
Әрбір азамат Конституцияны сақтап, басқалардың құқығы-
на, еркін дігіне, ары мен абыройына, мемлекеттік рәміздер-
ге құрметпен қарауға міндетті. Сонымен қатар тарихи және
мәдени мұралардың сақталуына үлес қосуға және қорғауға
міндетті; табиғатты қорғауға және табиғат байлықта рына
қамқорлықпен қарауға міндетті.
Қазақстан азаматы қандай құқықтарға ие? Қандай мін-
деттерді орындауы керек? Әр
азамат тарихи және мәдени
мұраларды қорғауды басты міндет етіп алу себебі неде?
Мемлекеттің тегін медициналық көмек, тегін орта білім бе-
руді қамтамасыз ету себебі неде?
Тегін медициналық
көмек алу
Тегін орта білім алу
Демалу
Қазақстан
азаматының
құқықтары
Өмір сүру
Жекебасының
еркіндігі
Еңбек ету
Біздің елімізде Конституция күні белгіленген. Ол қай күні,
қай айда атап өтіледі?
Төмендегі сызбада берілген
Қазақстан азаматының құқық-
тарын оқып шық. Оның ішіндегі өзің қолданып жүрген
құқықтарды ата.
Қазақстан Республикасын қорғау – әрбір азаматтың қасиетті
борышы.
Достарыңызбен бөлісу: