В. Г. Пугач Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық


«этика» ұғымы мен әдептілік қағидала- ры туралы білетін



Pdf көрінісі
бет12/53
Дата13.12.2023
өлшемі5.69 Mb.
#486421
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53
Дүниетану

18
«этика» ұғымы мен
әдептілік қағидала-
ры туралы білетін 
боласың.
Адам досымен мықты 
адамдар арасындағы достықтың маңызды-
лығын үйренесің.
этика
ethics
Достық деген не? Достар деп кімдерді айтамыз? 
Достық туралы бірнеше мақал-мәтелді есіңе түсіріп, 
айтып бер. Олардың мағынасын ашып түсіндір.
«Достық» сөзінің мағынасы өзара сыйластық пен ортақ 
мүддеге құрылған жақын қарым-қатынасты білдіреді.
Достық туралы хикаяны оқы. Сұрақтарға жауап бер. 
Достықтың мәні неде? Сенің ойыңмен сәйкес келе ме?
Сен
Сен
 
сабақ
Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі – үйленген, отбасы 
бар. Екіншісі – бойдақ. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар 
тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Бойдақ жігіт: 
«Түскен пайданы тепе-тең етіп бөлгеніміз дұрыс болмады. 
Мен жалғыз тұрамын, сондықтан да көп шығыным да жоқ», – 
деп ойлайды. Осындай ойымен, бір қап бидайды жасы-
рын түрде досының қорасына апарып тұрады. Досы да 
ішінен: «Түскен өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс 
емес, менің отбасым бар – қартайғанда олар маған қа-
райды. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде 
оған қарайтын адам болмайды», – дейді. Осылайша ол да 
түн жамылып досының қорасына бір қап бидай апаратын 
болды. Осыған қарамастан екі қорадағы қаптар саны не-
ліктен еш азаймағанын екі дос та түсінбей жүреді. Тағы бір-
де екеуі бір-бірінің қорасына қап апара жатқанда, жолда 
кездесіп қалады. Сонда ғана олар болған жайды түсінеді. 
Қаптарын жерге қоя салып, екі дос бір-біріне деген адал
ниетті екендерін біліп, көздеріне жас алады.

этика
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


19
Саған достарыңның арасында өзіңді әдепті ұстай білуге 
этиканың қандай ережелері көмектеседі?
Сол ұстанымдар мен ережелерге мысал келтір.
Достарыңмен бірге сабаққа дайындалғанда және басқа да 
уақытта әдептілік ережелерін сақтаған абзал. Тәртіп – адам 
бойында қалыптасатын тәрбиенің үлгісі. Мәселен, сен және 
сенің достарың мектепке кешікпей келесіңдер, мұғалімдер-
ге орындарыңнан тұрып, ізет көрсетесіңдер, міне, осының 
бәрі әдептілік үлгілері саналады. 
Суреттерде қандай әдептілік үлгілері бейнеленген? 
Достықты сақтау үшін мінез-құлықтың әдептілік 
қағидаларын сақтаудың маңызы зор. Өзіңе өзгелердің
қандай қарым-қатынаста болғанын қаласаң, өзің де өз-
гелерге сондай құрметпен қара. 
Сыныптастарыңның барлығы саған дос бола ала ма?
Досыңның қандай жақсы қасиеттері бар?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет