В. Г. Пугач Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет27/53
Дата13.12.2023
өлшемі5.69 Mb.
#486421
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53
Дүниетану

сабақ

Адамдар рухани құндылықтың бағасын о баста түсінбегендігі 
жайлы аңыз бар: «үлкен бір отбасында ынтымақ болмапты. Ұрыс-
керіс пен дау-дамайдан арыла алмапты. Олар бір күні данагөй 
ақсақалға келіп, өздерін береке-бірлікте өмір сүруге үйретуін 
өтініпті. Ақсақал: «Ешкім сендерге бақытты өмір сүруді үйрете ал-
майды, бақытты болу үшін өздеріңе не керек екенін жазып келің-
дер», – депті. Бұл отбасының мүшелері кеңесе келіп, бірнеше 
сөз жазыпты». Ол қандай сөз болуы мүмкін? Ойлан. 
Анықтауды үйрен
Отбасы – туысқан, жақын адамдардың бірге өмір сүретін 
ортасы. Оның рухани және материалдық болып бөлінетін 
отбасылық құндылықтары бар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


47
Әрбір отбасында отбасылық фотосуреттер бар. Олар 
бізге отба сындағы адамдар туралы түрлі қызықты оқиғалар 
мен естеліктерді еске түсіреді. Сен ата-анаңның қалай 
танысқанын сұрап біл.
Біздің еліміздің отбасына қатысты заңдары:
1. неке мен отбасы, әке, ана және бала мемлекеттiң 
қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбие-
леу – ата-ананың табиғи құқығы әрі мiндетi.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар жұмыс 
істеуге жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.
Бұл баптарға тағы қандай сөйлемдер қосар едіңдер?
Суретке мұқият қараңдар. Бұл отбасы туралы не айта 
аласыңдар?
Рухани құндылықтарды мәңгілік құндылықтар деп те 
атайды. негізгі отбасылық құндылық – адамдарды бір-біріне 
жақындастыра түсетін өзара құрмет пен сүйіспеншілік.
Әр отбасының ұрпақтан ұрпаққа 
жалғасатын өзіндік салты мен дәстүрі 
бар. 
Өз отбасыңдағы дәстүрлермен бөліс.
– Бұл отбасында қанша 
адам бар? 
– Отбасында қандай қа-
зақы салт-дәстүрлер сақ- 
талған? Олар туралы ша- 
ғын әң гіме құ растыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет