50
ресми емес нышан-
дардың
мәні мен
мағынасын
білетін
боласың.
Менің елімнің
нышандары
өз туған жеріңнің нышанын жасауды
үйренесің.
ресми емес нышан
unofficial
symbol
неофициальный символ
Еліміздің қандай мемлекеттік рәміздерін білесің? Оларды
ата.
Мемлекеттік рәміздерден басқа, әрбір елдің ұлттық, рес-
ми емес нышандары болады. Олар оның тарихымен, мәде-
ниетімен, табиғатымен байланысты. Осындай нышандар
Қазақ елінде де бар.
1. Астана нышаны.
2. Заманауи Қазақстанның
нышаны және Қазақстан
халқының абыройының асқақтауы.
3. Қазақстан тәуелсіздігінің нышаны.
Мәтінді оқы. «Мәңгілік ел» қақпасының қабырғасында
бейнеленген мүсіндер нені білдіреді?
1
2
3
Сен
Сен
сабақ
–
Суреттерге қара. Қандай ресми емес нышандарды көріп
тұрсың? Анықта. Олар туралы не білесің? Төмендегі атау-
ларды пайдалан.
Ойлан
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
51
Астана қаласындағы елдіктің айшықты белгілерінің бірі –
«Мәңгілік ел» қақпасы. Оның қабырғасындағы текшеде
төрт мүсін бейнеленген. Бұлар –
әйел-ана, ортағасырлық
батыр, данагөй ақсақал және отанымыздың жауынгері.
Аңыздан берілген үзіндіні оқы. Самұрық пен айдаһар
ненің нышаны? Аңыз қалай аяқталады?
«Алтын адам» Алматыдағы Тәуелсіздік монументінің
ұшар басындағы қанатты барыстың үстінде бейнеленген.
«Алтын адам» Қазақстанның
ұлттық нышандарының бірі
болып табылады.
Ресми емес нышандарға жануарлар, өсімдіктер,
заттар
жатады.
Мысалы, жусан өсімдігі туралы да халық аңыздары бар.
Ұзақ сапарға шыққан жолаушы жусанның бір сабағын
тұмардай сақтап жүрген. Дала жусанының иісі жолаушыға
туған жерін есіне салатын болған.
Көкке самғаған қыран – еркіндіктің нышаны. Мемлекеттік
Туда дала қыраны ның бейнеленуі осыны меңзейді.
Ойын уақыты
«Мен
бастаймын, сендер жалғастырыңдар...».
Өз жауаптарыңды айтыңдар. Қазақстанның ресми емес
нышандары:
Жануарлар – ...,
Өсімдіктер – ...,
Музыкалық аспаптар – ...,
Ежелгі аңыз оқиғасының желісі бойынша ғалам өзенінің
жағасында Өмір бәйтерегі өсіп тұр. Бұл бәйтеректің басына
бақыт құсы – Самұрық ұялап, Күннің нышаны болған ал-
тын жұмыртқа салмақшы. Алайда ағаштың түбінде
зұлым
айдаһар жасырынған. Ол жұмыртқаны жұтқысы келеді...
Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасы жайлы не
білесің? «Алтын адамның» ұлттығымызды дәріптеуде ала-
тын орны қандай?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217