61
Уақыт өте келе қазақ хандары өз иеліктерін кеңейте түсті.
Ол шығыстағы Балқаш көлінен, батыстағы Жайық өзеніне
дейін созылып жатты (62-бет). Бұл жер оларға атадан мұра
болып қалған еді. VIII ғасырда ұлы жиһангер Шыңғысхан
осы жерлерді үлкен ұлы Жошының билігіне берген. Ал
қазақ хандары Жошының
ұрпақтары болғандықтан осы
аймаққа биліктерін жүргізді.
Саған Қазақ хандығының құрылуы туралы бейнебаян
түсіру керек деп ойла. Сен
қандай маңызды оқиғаларды
қамтыр едің?
«Қазақ» сөзі түркі тілінде «еркін, ерікті адам» ұғымын берген.
Керей мен Жәнібек хандығының нығаюынан сәл ертерек көш-
пелілерді
қазақтар деп атай бастаған.
Сен БілеСің Бе?
Бұл суретте Керей мен Жәнібек
сұлтандардың жат елге қоныс
аударған көш жолындағы бейнелерін көріп отырсыңдар.
Қалай ойлайсыңдар, олар не туралы әңгімелесуі мүмкін. Өз
қиялдарыңмен сұхбат құрастырып көріңдер.
Қазақ хандығының тақ иесі жасы үлкен Керей хан болса, ақыл
иесі Жәнібек хан болды.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217